Құрастырушы: аға оқытушы Балажанова Қ. М



Дата03.07.2016
өлшемі230.22 Kb.
#173944

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Орындаушылық өнер кафедрасы

050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне арналған


Шетел музыкасының тарихы
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы







Нысан

У ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ФЖжӨ факультетінің деканы

___________ Ж.Т. Сарбалаев

2010 ж. «___»________



Құрастырушы: аға оқытушы Балажанова Қ.М.


Орындаушылық өнер кафедрасы

050106 «Музыкалық білім» мамандығының сырттай нысанының студенттеріне арналған


Шетел музыкасыны4 тарихы
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды 2010 ж. «___»____________№ ___ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Н.С.Дүкенбай 2010 ж. «____» ________

Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2010 ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жуманкулова 2010 ж. «_____»___________

КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі ______________ Н.С.Дүкенбай 2010 ж. «____» ________




1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары. Пән құрылымы

Аты-жөні Балажанова Қ.М.

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі аға оқытушы

Орындаушылық өнер кафедрасы А корпусында, 26 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны (8-7182) 54-94-96

қабылдау сағаттары сенбі 14.00-16.00 с.с., № 36 ауд.
2 Пән туралы мәліметтер

Бұл пәнді қамту үшін 135 сағат берілген. Соның ішінде 18 сағаты аудиторлық сағат болса, 117 сағаты өздік жұмысына арналған. Студенттердің білім деңгейі қорытынды емтиханмен бағаланады.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

3,4


3

135

12

6

-

-

-

117

18

Емтихан

Бар-лығы

135


3

135

12

6

-

-

-

117

18

Емтихан



4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты:

Өткен заман мен қазіргі заман классиктерінің шығармашылық мұрасын тарихи-хронологиялық ретпен зерттеу: біртұтас, тарихи дамып келген, әлеуметтік-тарихи процеспен тығыз байланыстағы құбылыс болып отырған музыкалық өнер тіралы түсінігін қалыптастыру.



Пәннің міндеттері:

  • классикалық музыканын әртүрлі жанрларының қалыптасуының, дамуының және әлеуметтік себептерінің тарихи заңдылығы туралы білім беру;

  • композиторлардың өмір жолы мен шығармашылығы туралы білім беру;

  • музыкалық-тарихи проблематиканы дұрыс ұғынуына мүмкіндік беру;

  • классикалық музыканың көркемдік жағынан жетілген, жастарға эстетикалық тәрбие беруде құнды үлгерімен олардың танысуына жол беру.

ойлау қабілеттерін арттыру, біліктіліктерін көтеру болып табылады.

5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:

  • қалыптасудың тарихи заңдылықтарың, классикалық музыканың әр түрлі жанрларының әлеуметтік шартталынуы және дамуын;

  • композиторлардың өмірі мен шығармашылық жолын;


Пәнді игеру нәтижесінде тәлімгерлер істей білу керек:

  • музыкатану ғылымының дамуы туралы логикалық, толық түсінік қалыптастыруын;

  • белгілі бір тарихи зерттеулік жұмыстар өткізуін;

  • классикалық музыканың жастарға эстетикалық тәрбиеге деген құнды көркемдік, жетілген үлгілерін зерттеуді ұйымдастыруын.

6 Пререквизиттер

  • музыка теориясы

  • музыкалық этнография

  • қазақ музыкасының тарихы

7 Постреквизиттер

- музыка философиясы
8 Тақырыптық жоспар

р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны СМБ(ао)-301, СМБ(хш)-303

МБ(хш)-303)

3 семетр

4 семестр

Дәріс

Тәж

Сөж

Дәріс

Тәж

Сөж

1

Ежелгі, еуропалық ортағасырлдағы, қайта өрлеу мәдениетіндегі музыка өнері

1

-

3

-

1

3

2

ХVІІ – ХVІІІ ғасырдың басына дейнгі батыс еуропалық музыка

-

-

3

-

-

3

3

1789 жылғы дейінгі батыс – еуропалық музыка

1

-

3

-

-

3

4

1789 жылдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі батыс-еуропалық музыка

-

-

3

-

1

3

5

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы батыс-еуропалық музыка

1

-

4

-

-

4

6

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс-еуропалық музыка

1

-

5

-

-

5

7

ХХ ғасырдағы шетел музыка мәдениеті

1

-

5

-

-

5

8

ХVІІІ ғасырға дейнгі орыс музыка мәдениеті

1

-

4

-

1

4

9

ХVІІІ ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті

1

-

5

-

-

4

10

ХІХ ғасырдағы бірінші жартысындағы орыстың музыка мәдениеті

1

-

4

-

1

4

11

ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті

1

-

5

-

-

5

12

ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті

1

-

5

-

1

5

13

ХХ ғасырдағы орыс музыка мәдениеті

1

-

5

-

-

5

14

Кеңес музыкасының дамуының негізгі кезеңдері

1

-

5

-

1




Барлығы

12

-

59

-

6

58


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Шетел музыкасының тарихы – дүние жүзіндегі барлық халықтардың көне дәуірлерден ғасырлар бойы жасалған рухани – мәдени байлығы. Шетел музыкасының тарихы мен фольклор тығыз байланысты. Ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырған шетел музыкасының тарихи туындылары бір жағынан, салт-дәстүрмен байланысты болса, екінші жағынан салттан тыс фольклор үлгілерімен және көне тарихпен сабақтас. «Шетел музыкасының тарихы» - жас ұрпақтардың яғни оқушы – студентеріміздің рухани жан дүниелерінің қалыптасуына, халықтардың ғасырлар бойы сақталған тарихи музыкалық байлығын терең біліп, эстетикалық, тәрбиелік қасиеттерді зерттеп, бейімдеп, тануы үшін өте керекті пән.



10 Курстың компоненттері

Теориялық курстың мазмұны

«Шетел музыкасының тарихы» пәні бойынша білім беру сабақтың екі түрі арқылы іске асады: лекция және семинар.

Курстың лекциялық материалында тарихи дәуірге қысқаша сипаттама беріледі, қоғамдық-саяси жағдай жан-жақты талданып қорытындылады, композиторлар шығармаларының стиль ерекшелігі мен шындыққа негізделген тенденциясында ерекше көңіл бөлінеді.

Семинар сабақтары екіге бөлінеді:

а) тарихи-өмір баяндық не шолу түрі (жалпы сұрақ қою, студенттердің хабарлары, баяндамалары);

ә) композитордың музыкалық-творчестволық мұрасына арналған сабақ (әңгіме түрінде музыкалық шығарманы тыңдаумен және зерттеумен өтеді).

Лекцияларда музыкалық-тарихи білім берілсе, семинарларда музыкалық білім бекітіліп, шеберлік пен дағды қалыптасады.

«Шетел музыкасының тарихы» пәні екі бөлімнен тұрады.

1-бөлім – Батыс-еуропалық музыканың тарихы.

2-бөлім – Орыстың классикалық және совет музыкасының тарихы.



І бөлім. Батыс-еуропалық музыканың тарихы

1 Тақырып. Ежелгі, еуропалық ортағасырлдағы, қайта өрлеу мәдениетіндегі музыка өнер

Ежелгі музыка өнері.

Музыкалық шығармалардың алғашқы үлгілері. Ежелгі Мысыр музыка мәдениетінің қысқаша мінездемесі.

Таяу Шығыс елдерінің музыкасы. Екі өзен аралығындағы елдердің музыкасы. Сирия, Палестина музыкасы. Ежелгі Индия музыкасы. Ежелгі Қытай музыкасы. Ежелгі Греция мен Римдегі музыкасы.

Музыкадағы көне әдебиет кейіпкерлері.

Еуропалық Ортағасырдағы музыка өнері

Дамудың мың жылдық кезеңі (474-1453). Ортағасырдың әдеби ескерткіштері. Низами, Навои, Руставели поэмалары. Орыс өнерінің шығармалары (А.Рублев, Феофан Грек). Музыка мәдениеті.

Ортағасыр дәуіріндегі халық музыкасы. Ел қалдырушы музыканттар (шпильмаңдар, жонгерлер, трубадурлар, труверлер, миннезингерлер, ваганттар). Шіркеу музыкасы. ХІХ – ХХ ғасырлардың өнерінде орта ғасыр музыка мәдениетін бейнелеп көрсету.

Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка мәдениеті.

Музыка тарихындағы үшінші үлкен кезең (ХІV - ХVІ).

Дантенің шығармашылық мұрасы. Бокаччо, Чосера, Петрарка шығармалары. Германияда Эразм Роттердамский, Францияда Франсуа Рабле шығармашылығы. Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка өнері.

Италиядағы музыка.

Нидерландық (франко-фламандық) полифониялық мектеп.

О.Лассо (1532 – 1594) – нидерландық полифониялық мектептің көрнекті өкілі. О.Лассо шығармаларының тарихи маңызы.

Германиядағы музыка.

2 Тақырып. ХVІІ – ХVІІІ ғасырдың басына дейнгі батыс еуропалық музыка.

Опера өнері.

Италия операсы.

Француз операсы.

Ағылшын операсы.

Аспаптық музыка.

Барокко стилінің (Италия, Германия) негізгі көркем принциптері. Аспаптық жанрлардың қарқында даму тенденциясы. Жаңа айналым түрлері. Жазудың полифониялық гомофондық-гармониялық және тәсілдерінің үйлесімі.

Италия музыка мәдениеті.

Француз клавесия музыкасы.

Ағылшын верджиналисттердің өнері.

Неміс орган мектебі.

Г.Ф. Гендель.

Гендель (1685 – 1759) – ХVІІІ ғ. көрнекті неміс композиторы. Гендель шығармашылық жолы. Гендель шығармашылығының тарихи маңызы.

И.С. Бах.

Бахтың шығармашылық жолы (1685 – 1750)№

Музыканың философиялық мазмұны. Фактура, гармония, өлең сазының ерекшеліктері. Бах шығармашылығының тарихи маңызы.



3 Тақырып.1789 жылға дейінгі батыс – еуропалық музыка ХVІІІ ғасырдағы опера.

Италия операсы.

Француз операсы. Француз күлдіргі операсы, оның италия buff-операсының айырмашылығы. Неміс пен австрия зингшпилі. Ұлттық неміс операсының бір түрі.

ХVІІІ ғасырдағы аспаптық музыка.

Чех аспаптық музыкасы.

Неміс аспаптық музыкасы. Ф.Э.Бах шығармашылығы (1714 – 1788)

К.В. Глюк шығармашылығы. Глюк шығармашылық жолы (1714 – 1787). Глюк опера реформасының тарихи маңызы, оның эстетикалық принциптері. Глюк шығармашылығының маңызы.

Вена классицизмі.

В.А. Моцарт. Шығармашылық жолы (1756 – 1791).

В.А. Моцарт шығармашылығының маңызы.



4 Тақырып. 1789 жылдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі батыс-еуропалық музыка.

Классицизм өнерінің романтизмге өтуі.

Л.Бетховен шығармашылық жолы (1770 – 1827).

Музыкадағы романтизм.

Ф.Шуберт. Шығармашылық жолы (1797 – 1828).

Неміс романтикалық операсы. К.Вебер шығармашылығы (1786 – 1826).

Ф.Мендельсон (1809 – 1847).

Р.Шуман. Шығармашылық жолы (1810 – 1856).



5 Тақырып. ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы батыс-еуропалық музыка.

ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы Италия операсы.

Француз музыка мәдениеті.

Г.Берлиоз (1803 – 1869). Шығармашылық жолы.

ХІХ ғасырдағы поляк музыка мәдениеті.

Ф.Шопен (1810 – 1849). Шығармашылық жолы.

ХІХ ғасырдағы венгр музыка мәдениеті.

Ф.Лист (1811 – 1886). Венгр музыкасының классигі.



6 Тақырып. ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы батыс-еуропалық музыка.

Неміс және австриялық музыка мәдениеті.

Француз музыка мәдениеті.

Италия музыка мәдениеті. Италиялық опера веризмі.

ХІХ ғасырдағы чехтің музыка мәдениеті.

ХІХ ғасырдың норвегиялық музыка мәдениеті.

ХІХ-ХХ ғасырдағы фин музыка мәдениеті.

7 Тақырып. ХХ ғасырдың шетел музыка мәдениеті.

Француз испрессионизмі.

ХХ ғасырдағы неміс және австиялық музыка мәдениеті.

ХХ ғасырдағы чех музыка мәдениеті.

ХХ ғасырдағы испан музыка мәдениеті.

ХХ ғасырдағы венгр музыка мәдениеті.

ХХ ғасырдағы америкалық музыка мәдениеті.

ХХ ғасырдағы француз музыка мәдениеті.

ХХ ғасырдағы ағылшын музыка мәдениеті.

ХХ ғасырдағы поляк музыка мәдениеті.

ХХ ғасырдағы Азия мен Африка елдерінің музыка мәдениеті.

ІІ бөлім. Орыстың классикалық және кеңес дәуірі музыкасының тарихы.

8 Тақырып. ХVІІІ ғасырға дейнгі орыстың музыка мәдениеті.

Киев Русінің музыка мәдениеті.

Феодалдық ыдырау кезеңіндегі Русьтің музыка мәдениеті.

Мәскеу Русінің музыка мәдениеті.

ХVІІІ ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті.

9 Тақырып. ХVІІІ ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті.

Маңызды музыкалық жанрлардың пайда болуы (опера, симфониялық және камералық фортепианолық музыка, бір жағынан романс).

Музыкалық тұрмыс. Музыка мен театр. Вокалдық лирика. Аспаптық музыка. Хор өнері.

Д.С.Бортнянский (1751 – 1825) – ХVІІІ ғасырдағы ірі орыс композиторы.



10 Тақырып. ХіХ ғасырдың 1-жартысындағы орыстың музыка мәдениеті.

ХІХ ғасырдың 1-жартысы – орыстың музыкалық классикасының шығу кезеңі.

Орыс музыкасының даму жолы. Орыс романсының қалыптасуы.

Орыс операсы.

Хор музыкасы.

Аспаптық музыка.

М.И. Глинканың орыс классикалық музыка мектебінің негізін салудағы тарихи ролі.

М.С. Даргомыжский – оның ең жақын басары.

Музыкалық сын мен ғылымның дамуы.

11 Тақырып. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті.

60-70 жылдар – ұлттық музыка дамуының жаңа кезеңі, оның өрлеу дәуірі.

Опералық өнер. Орыс симфонизмінің түпкілікті қалыптасуы.

60-70 жылдар – орыс балетінің, орыстың классикалық аспаптық концерті мен квартеттің шығу, камералық аспаптық және вокалдық музыканың жедел даму кезеңі.

Шығармашылық бағыттар.

П.И. Чайковский – ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы орыс музыкасының басты бағыттырының негізін салушы.

Ресейдің музыкалық-әлеуметтік өмірі.

12 Тақырып. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті.

80-90 жылдардағы орыс музыка дамуының ерекшеліктері.

П.И. Чайковский мен А.Н. Римский-Корсаковтың жетекші ролі.

Музыкалық білім мен орындаушылық салаларының өрлеуі. Орыс операсы жағдайының нығайы.

80-90 жылдардың – орыс музыкасының классикалық негіздерін бекіту кезеңі ретіндегі маңызы.

13 Тақырып. ХХ ғасыр басындағы орыстың музыка мәдениеті.

Жалпы жолу.

Сыншыл реализм дәстүрлерінің дамуы.

ХХ ғасырдың басындағы орыс өнерінің модернистік бағыттары.

Музыкалық жанрлардың жағдайы.

Музыкалық білім мекемелері санының көбеюі.

Орыс музыкасының бүкіл әлемге танымал болуы.

14 Тақырып. Советтік музыка мәдениетінің дамуындағы негізгі кезеңдер.

ХХ ғасырдың 1-жартысындағы советтік музыка мәдениетінің негізгі даму кезеңдері.

ХХ ғасырдың 2-жартысындағы советтік музыка мәдениетінің негізгі даму кезеңдері.

Осы замандағы қоғамның музыкасы.



Балаларға арналған совет композиторларының шығармалары.

Тәжірибелік сабақтар мазмұны:

Семинар №1 Ежелгі, еуропалық ортағасырлдағы, қайта өрлеу мәдениетіндегі музыка өнер

Сұрақтар:

  1. Таяу Шығыс, Индия, Греция елдерінің ежелгі музыкалық аспаптарын сипаттаңыз.

  2. Ежелгі Индия, ежелгі Греция ел қыдырушы әнші-жыраулардың тарихи маңызы неде көрінеді?

  3. Көне эстетикалық мәні неде?

  4. Ортағасыр дәуіріндегі музыка мәдениетінде қандай ерекшеліктер бар?

  5. Шіркеу музыкасының жанрларын сипаттаңыз.

  6. Қайта өркендеу дәуіріндегі музыка өнерінің тарихи маңызы неде?

  7. Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия музыкалық жанрларын сипаттаңыз.

  8. О.Лассо шығармашылығының маңызы неде?

  9. Нидерландық полифониялық мектептің өкілдерін атаңыз.

  10. Дж. Палестринаның шығармашылығы мен музыкалық мұрасын сипаттап, баяндаңыз.

Семинар №2 ХVІІ – ХVІІІ ғасырдың басына дейнгі батыс еуропалық музыка.

Сұрақтар:

  1. ХVІІ – ХVІІІ ғ. басына дейнгі италия опера өнері дамуының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Флорентиялық, венециялық, неаполь опера мектебінің өкілдерін атаңыз.

  3. Seria.

  4. ХVІІ – ХVІІІ ғ. басына дейнгі француз опера ерекшелігі неде?

  5. ХVІІ – ХVІІІ ғ. басына дейнгі ағылшын опера ерекшелігі неде?

  6. ХVІІ – ХVІІІ ғ. басына дейнгі аспаптық музыканың қандай жаңа айналым түрлері пайда болды?

Семинар №3 Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка өнері

Сұрақтар:

  1. Қайта өркендеу дәуіріндегі музыка өнерінің тарихи маңызы неде?

  2. Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия музыкалық жанрларын сипаттаңыз.

  3. О.Лассо шығармашылығының маңызы неде?

  4. Нидерландық полифониялық мектептің өкілдерін атаңыз.

  5. Дж. Палестринаның шығармашылығы мен музыкалық мұрасын сипаттап, баяндаңыз.

Семинар №4 ХVІІ – ХVІІІ ғасырдың басына дейнгі батыс еуропалық музыка.

Сұрақтар:

  1. ХVІІ – ХVІІІ ғ. басына дейнгі италия опера өнері дамуының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Флорентиялық, венециялық, неаполь опера мектебінің өкілдерін атаңыз.

  3. Seria – опера жанрыны сипаттаңыз.

  4. ХVІІ – ХVІІІ ғ. басына дейнгі француз опера ерекшелігі неде?

  5. ХVІІ – ХVІІІ ғ. басына дейнгі ағылшын опера ерекшелігі неде?

  6. ХVІІ – ХVІІІ ғ. басына дейнгі аспаптық музыканың қандай жаңа айналым түрлері пайда болды?

  7. Италия скрипка мектебінің негізін салушыны атаңыз.

  8. Италиядағы клавир өнері туралы айтып беріңіз.

  9. Д.Скарлатти шығармашылығының маңызы неде?

  10. ХVІІ – ХVІІІ ғ. француз клавесинистерін атаңыз.

  11. Г.Ф.Гендель шығармашылығы туралы баяндаңыз.

  12. И.С. Бах шығармашылығы туралы айтып беріңіз.

Семинар №5 1789 жылға дейінгі батыс-еуропалық музыка

Сұрақтар:

  1. ХVІІІ ғ. италия опера дамуының қандай ерекшеліктері бар?

  2. К.В. Глюк шығармашылығы туралы айтып беріңіз.

  3. Вена классицизм туралы не білесіздер? Оның өзгешілігі.

  4. Й.Гайдн. Шығармашылығы туралы айтып беріңіз.

  5. В.А. Моцарт шығармашылығы туралы айтып беріңіз.

  6. В.А. Моцарттың симфониялық шығармашылығың сипаттаңыз.

  7. В.А. Моцарт шығармашылығының маңызы неде?

Семинар №6 1789 жылдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі батыс-еуропалық музыка

Сұрақтар:

  1. Ұлы француз революциясы кезіңінде қандай музыкалық жанрлар пайда болды?

  2. Л.Бетховенның өмір жолы мен шығармашылығын туралы айтып беріңіз.

  3. Музыкадағы романтизмге сипаттама беріңіз.

  4. Ф.Шуберт шығармашылығына сипаттама беріңіз.

  5. Ф.Мендельсон шығармашылығын сипаттаңыз.

  6. Р.Шуман шығармашылық жолы туралы айтып беріңіз.

Семинар №7 ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы батыс-еуропалық музыка

Сұрақтар:

  1. ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы италия композиторлары кімдер?

  2. ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы қандай француз композиторларын білесіздер?

  3. Г.Берлиоздың өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтып беріңіз.

  4. Ф.Шопеннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтып беріңіз.

  5. Ф.Листың фортепианолық шығармашылығың сипаттаңыз.

Семинар №8 ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы батыс-еуропалық музыка

Сұрақтар:

  1. ХІХ ғасырдағы батыс-еуропалық елдердің музыка мәдениеті дамуының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  2. Опералық веризм дегеніміз не?

  3. Композиторлардың творчестволарына сипаттама беріңіз (Р. Вагнер, Й.Брамс, Ж.Оффенбах, Ш.Гуно, Ж.Бизе, Д.Верди, Д.Пуччини, Б.Сметана, А.Дворжак, Э.Григ).

Семинар №9 ХVІІІ ғасырға дейінгі орыстың музыка мәдениеті.

Сұрақтар:

  1. Киев Русінің музыка мәдениеті туралы айтып беріңіз.

  2. Феодалдық ыдырау кезеңіндегі Русь елінің музыка мәдениетінде қандай ерекшелік болды?

  3. Мәскеу Русінің музыка мәдениетін сипаттаңыз.

  4. ХVІІІ ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті қалай дамыды?

Семинар №10 ХVІІІ ғасырдағы орыстың музыка мәдениеті.

Сұрақтар:

  1. ХVІІІ ғасырдағы Ресейде қандай маңызды музыкалық жанрлар пайда болды?

  2. Осы кезеңінің көрнекті композиторлары мен орындаушыларды атаңыз.

  3. ХVІІІ ғасырдағы орыс опера өнері, аспаптық музыка, хор өнері туралы айтып беріңіз.

Семинар №11 ХVІІІ ғасырдың І-жартысындағы орыстың музыка мәдениеті.

Сұрақтар:

  1. ХVІІІ ғасырдың І-жартысындағы музыка қалай дамыды?

  2. ХVІІІ ғасырдың басындағы орыс романсының ерекшеліктерің атаңыз.

  3. А.А. Алябьев, А.Е.Варламов, А.Л.Гурилевтардың романстық творчествосы туралы айтып беріңіз.

  4. М.И.Глинканың өмір жолы мен шығармашылығын сипаттаңыз.

  5. А.С.Даргомыжский творчествосында сыншыл реализм қалай көрсетілген?

Семинар №12 ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті.

Сұрақтар:

  1. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы музыка мәдениетінің даму жолдары.

  2. «Құдіретті топ» композиторлары творчествосына сипаттама беріңіз және олардың негізгі принциптерін атаңыз.

  3. П.И.Чайковскийдің өмір жолы мен творчествосы туралы айтып беріңіз.

Семинар №13 ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті.

Сұрақтар:

  1. 80-90 жылдардағы орыс музыкасы дамуының қандай ерекшеліктері болған?

  2. Жаңа буын композиторларының творчествосын сипаттаңыз.

  3. 80-90 жылдар кезеңінің орыстың музыка мәдениетіндегі маңызы неде?


Тәлімгердің өздік жұмысының мазмұны

Күндізгі орта біліммен (ЖОБ)




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістік сабақтарға дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

12

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

6

3

Қосымша материалдарды зерделеу


Жұмыс дәптері

Викторина



Сабаққа қатысу

95

4

Межелік бақылауға дайындық

Бақылау жұмысы

МБ 1, МБ 2,

4

Барлығы

117


Өздік жұмыстарға ұсынылатын тақырыптар

1. П.И.Чайковсикйдің операларын тыңдау. Ұсынылатын әдебиет: [4], 40 – 48 б.

2. В.А.Моцарттың операларын тыңдау, жинақтау, бейнебаясын көру. Ұсынылатын әдебиет: [6], 24 - 32 б.

3. Ф.Шуберттің камералық ансамбльге арналып жазылған шығармаларына баяндама дайындау. Ұсынылатын әдебиет: [7], 10 - 18 б.


Пән бойынша қорытынды рейтинг әдістемесі


Шетел музыкасының тарихы пәні бойынша қорытынды бақылау жұмыс оқу жоспарына сәйкес емтихан, арқылы тексеріледі. Емтихан ауызша-жазбаша түрде жүргізіледі. Университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен қорытынды бақылау және күнделікті үлгерім түрлерінің салмақ үлесі төмендегі кестеде көрсетілген.

3 кесте – қорытынды бақылау және күнделікті үлгерім түрлерінің салмақ үлесі.

Пән бойынша қорытынды рейтинг формула бойынша анықталады


Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

Салмақ үлесі

Емтихан

Емтихан

0,4

Межелік босатуы

0,6



1 Курстың саясаты


Әр студент дәріс сабақтары өткізілу барысында тыныштық сақтауға, сабақты себепсіз жібермеуге, сабаққа кешікпеуге міндетті. Ал, белгілі бір дәлелді себеппен кешіккен немесе сабақты босатқан жағдайда осы уақыт аралығын дәлелдейтін құжаттары болуы тиіс, сол жіберген сабақ тақырыбын тапсыруы тиіс.

Емтихан бұл пән бойынша 3, 4-ші семестрлерде өтеді. Емтиханға МБ1, МБ2, өткендер жіберіледі. Ең жоғарғы балл көлемі-100.

Қойылған талапты орындамаған жағдайда қолданылатын жазалау шарттары:


  • сабағына дайындықсыз келгені үшін – 10 балға дейін шегертіледі.

  • өздік жұмысын жасай келген жағдайда –2,3,4,5,6 балл шегеріледі.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1 Асафьев Б.В. О музыке ХХ века. – Л., 1982.

2 Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. І. – М., 1978

3 Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. 3. – М., 1983

4 Гивенталь И.А., Гингольд Л.Д. Музыкальная литература

5 Г.Ф.Гендель, И.С.Бах. – М., 1976.

6 Друскин М.С. История зарубежной музыки второй половины ХІХ века. Вып.4. – М., 1973.

7 Друскин М.С. О западноевропейской музыке ХХ века. – М., 1973

8 Зарубежная музыка ХХ века. Материалы и документы/ Ред., сост. И.В. Нестьев. – М., 1975.

9 Келдыш Ю., Левашова О., Кандинский А. История русской музыки. Т., - М., 1976


Қосымша:

10. Гаккель А.Е. Фортепианная музыка ХХ века. Очерки. – М., 1976.

11. Данько Л.Г. Комическая опера в ХХ веке. Очерки. – М., 1976.

12. Ливанова Т.П. История западноевропейской музыки до 1789 года. Т.ІІ. ХVІІІ век. – М., 1982; Т.І. – М., 1983

13. Музыка Австрии и Германии ХІХ века. Кн. 1/ Под общ. Ред. Т.Э. Цытович. – М., 1975.

14. Музыка ХХ века. Очерки. Ч.І1880-1917. Кн.1/ Ред. Д.В.Житомирский. – М., 1976.

15. Музыка ХХ века. Очерки. Ч.І1880-1917. Кн.1/ Ред. Д.В.Житомирский. – М., 1978.

16. Музыка ХХ века. Очерки. Ч.ІІ.1917-1945. Кн.3/ Ред. Л.Н. Раабен. – М., 1980.



17. Музыкальная эстетика Германии ХІХ века. Т.І. – М., 1981.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет