Құрастырушы: Ботанова Гулжан Онгаровна Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы



бет2/4
Дата20.06.2016
өлшемі466.5 Kb.
#149028
1   2   3   4

Тақырыбы : «Наурыз мерекесі»

Міндеттері:

  1. Білімділік: оқушылардың Наурыз туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорларын молайту, жаңа сөздерді пайдаланып ауызекі сөйлеуге үйрету.

  2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, өз ой пікірлерін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: оқушыларға төл мерекеміз Наурызды насихаттау, еліміздің салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, жаңа білім беру сабағы, той сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру сәті

Психологиялық дайындық: Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын (балалармен бірге)

Арайланып таң атты


Алтын шапақ таратты
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан – панамыз,
Аман ата – анамыз
Қайырлы таң, балалар!
Кезекшінің мәліметі

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау (дәптермен жұмыс)

Наурыздың он алтысы


Класс жұмысы
Сандық диктант

1 Қазір жылдың қай мезгілі?

2 Көктем айларын ата

3 Көктемде ауа райы қандай болады?

4 Құстар қайда ұшып келеді?

5 Көктемде не гүлдейді?

6 Үстеу деген не?

7 Үстеудің түрлерін ата.

8 Мезгіл үстеуді тап.

9 Мекен үстеуді тап.

10 Сын – қимыл үстеуді тап.

(жауабын сәйкестендіріп, санмен жазу)
1 Бәйшешек 10

2 Заттың іс – қимылының мезгілін, мекенін,жай – күйін білдіретін сөздер 9

3 Наурыз, сәуір, мамыр 8

4 Көктем 7

5 Жылынады, қар ериді 6

6 Жылы жаққа 5

7 Мезгіл, мекен, сын – қимыл 4

8 Жоғары, мұнда, артқа, төмен 3

9 Тез, ауызша, жазбаша, жақсы, жаман 2

10 Кеше, бүгін, ерте, кеш, қазір 1



Жауабы:

1 топ


4, 3, 5, 6, 1 ,2, 7, 10, 8, 9

2 топ


7, 8, 6, 5, 10, 9, 4, 1, 3, 2

Бағалау:

«5» - 9,10 ұпай

«4» – 7,8 ұпай

«3» – 5,6 ұпай



Бірін-бірі бағалау (өзара тексеру)

Балалар, енді мына жұмбаққа назар аударыңдар:

Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып жылиды,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: -көктемде (суреті)

-Көктем туралы кім тақпақ біледі? (оқушылардың жауабы)



Психологиялық ортаны қалыптастыру (ортаға шеңбер құрып көктем туралы ән айту)



  1. Сабақтың мақсатын қою

-Балалар, наурызда қандай мерекелер бар?

-Наурыз қандай мейрам?

-Наурыз мерекесінде адамдар не істейді?

-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Наурыз мерекесі».

Біз сабақта жаңа мәтінмен танысамыз. Мәтінді толық түсіну үшін жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысамыз. Өзіміз үйренген сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша бірнеше стратегиялық тапсырмалар орындаймыз.


  1. Жаңа сабақ.

Жаңа сөздермен жұмыс (оқу, көшіріп жазу, фонетикалық жаттығу)

теңелу – приравниваться

парсы - персидское

көже – коже

жариялану – быть объявленным

өткізу – проводить

сыйлық сыйлау – дарить подарки

шақыру - пригласить


Стратегиямен жұмыс.

«Наурыз» сөзін естігенде нені елестетесіңдер?



1-стратегия. «Наурыз» сөзіне бес шумақ өлең жазу

  1. Наурыз

  2. Жаңа, көңілді

  3. Тойлайды, тілейді, теңеледі

  4. 22 – наурыз – Наурыз мерекесі

  5. Жаңа жыл

Әр топтың өлеңдерін тыңдап, талдау.

Мәтінмен жұмыс.

А) Оқылым

Бейнетаспадан көктемнің құбылыстарын тамашалай отырып, «Наурыз мерекесі» мәтінін мәнерлеп оқытып, мәтін бойынша әңгімелесу.



Ә) Тыңдалым

Бейнетаспадан наурыз көжеге салынатын тағамдар туралы тыңдату.



Стратегиямен жұмыс.

2-стратегия. «Наурыз» тақырыбы бойынша кластер құрату.

прямая со стрелкой 11


прямая со стрелкой 9прямая со стрелкой 10


овал 8

прямая со стрелкой 6прямая со стрелкой 7


прямая со стрелкой 4прямая со стрелкой 5


прямая со стрелкой 3
Оқушылардың кластерлерін тексеріп, пікір таласу.

Тақырып бойынша тапсырмалар орындату.



1 – тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Күн мен түн .................................... .

Әр үйде наурыз көже ....................... .

Наурызда адамдар бір – біріне ......................... .



Керекті сөздер : пісіріледі,теңеледі,бақыт тілейді

2 – тапсырма
Сөздерді сәйкестендір


Наурыз

Қар

Күн мен түн

Наурыз көже

Жеті түрлі

Бұл күн

теңеледі

тағам

демалыс күні

мереке

ериді

әзірлейді


Венн диаграммасын құрастыруовал 2

овал 1

Наурыз мерекесі мен жаңа жылдың айырмашылықтарын және ортақ құбылыстарын анықтайды, әр топ бірін-бірі тексеріп, толықтырады, қателерін түзетеді.



  1. Қорытынды.

Сұхбаттасу арқылы қорытындылау.

Бағалау.

Наурызда адамдар бір-бірімен құшақтасып көріседі. (оқушылар тұрып, үш рет құшақтасып, көріседі)

Халық наурызға арнап өлең-жыр шығарған. Ол наурыз жырлары деп аталады. Әдебиеттен жаттаған өлеңді бірге айтып, бір-бірімізді құттықтайық.

Наурыз батасы

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс ақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле – жала жерге енсін!

Сөйтіп, адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.


  1. Үйге тапсырма.

«Наурыз мерекесі» тақырыбына коллаж жасау.

Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні,

Ылғи толсын құшаққа шаттық гүлі!

Жаңа жыл алып келсін мол жақсылық,

Тек естілсін елімнің бақытты үні.
Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты»
Мақсаты :

Оқушылардың салауатты өмір туралы түсініктерін кеңейту,шығармашылық қабілетін жинақтау,есте сақтау дағдыларын,логикалық ойлау қабілеттерін,іскерлік белсенділігін дамыту. Оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру, еркін сөйлеуге, дұрыс және толық жауап беруге бағыттау. Топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

Салауатты өмір салты туралы толық ақпарат алады, сөйлеу тілін дамытады. Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптаса бастайды, белсенді жұмыс істеуге машықтанады.

Әдіс – тәсілдер: Кембридж тәсілі

Көрнекіліктер: парақшалар,ватман,фломастер,оқулық,интерактивті тақта



Сабақтың барысы

Ұйымдастыру сәті /2 минут/ /1-слайд/

Арайланып таң атты

Алтын шапақ таратты

Қайырлы таң,балалар!

Аман Отан-панамыз,

Аман ата-анамыз

Қайырлы таң,балалар!
Психологиялық тренинг өткізу /смайликтер арқылы топқа бөлу/ /2-слайд/

Миға шабуыл /2минут/ /3-слайд/

Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?



Денсаулық дегеніміз не? Ол туралы не айтасыңдар? /4-слайд/

«Топтастыру» стратегиясы. Кластер құрастыру. /5-слайд/

Д – дұрыс тамақтану

Е – ерінбей еңбектену

Н – ниеттену

С – спортпен шұғылдану

А – ағзаны шынықтыру

У – уақытты дұрыс ұйымдастыру

Л – лайықты өмір сүру

Ы – ынта – ықылас алға жетелейді

Қ – қозғалыс ағзаны шынықтырады



Қызығушылықты ояту /2 минут/

Ой қозғау: Салауатты өмір салты дегеніміз не? Сен оны қалай түсінесің?

Ассоциация құру. /6-слайд/

Мағынаны тану.

Сөздік жұмысы. /7-слайд/

Мәтінмен топтық жұмыс ұйымдастыру. /15 минут/

ДЖИГСО әдісімен мәтінді топта,ұжымда талқылау.

Жұптық жұмыс /сұхбат әдісі/

Дәптермен жұмыс /2-тапсырма/



«Блум таксоманиясының сұрақтары» стратегиясы. /8-слайд/

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Салауатты өмір салтына нелер жатады?

2.Ересек оқушылар неше сағат ұйықтау керек?

3.Ұйықтар алдында не істеу керек?

4.Неден аулақ болу керек?

Сергіту сәті.

«Жағдаят шешу» стратегиясы. /5 минут/

/9-слайд/

1.Алмас мен Жарас далада футбол ойнап жүр еді. Кенет Жарастың іші ауырды. Қалай ойлайсыңдар, Жарастың іші неге ауырды?



/10-слайд/

2. Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар.

Талғатты бай деп айта аламыз ба?

Шығармашылық жұмыс. /14 минут/



Постер жасап, қорғау. /11-слайд/

1-топ: Денсаулықтың достары /12-слайд/

2-топ: Денсаулықтың қастары /13-слайд/

3-топ: Салауатты өмір салты



Рефлексия /5 минут/ /14-слайд/

«Венн диаграммасы» стратегиясы.Тақырып бойынша түйін шығарту. /3-тапсырма/

«Қалам үстелдің ортасында» стратегиясы. /15-слайд/

«Денсаулық жақсы болу үшін ...» өз ойын аяқтау.

«Екі жұлдыз,бір тілек» стратегиясы. /16-слайд/ /17-слайд/

11-класс


Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»

Ұраны: «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің»

Мақсаты:

Білімділік:

Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау,мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Дамытушылық:

Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,қызығушылығын,белсенділігін арттыру.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап,өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу,бойларына «Елім» деген патриоттық сезім ұялату.



Сабақтың түрі:дәстүрлі емес,жаңа білім беру сабағы.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру сәті

Әнұран орындау.



Психологиялық дайындық.

Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Арайланып таң атты

Алтын шапақ таратты

Қайырлы таң,балалар!

Аман Отан-панамыз,

Аман ата-анамыз

Қайырлы таң,балалар!



Кезекшінің мәліметі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтарды сабақтастыра отырып,білімдерін жинақтау.

Ә)Өткенді қайталау.(Дәптермен жұмыс)

Сандық диктант

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Қазақстанның астанасы қай қала?

3.Қазақстан қайда орналасқан?

4.Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?

5.Туған жеріңіз Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

6.Отан дегеніміз не?

7.22-қыркүйек қандай мереке?

8.Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы қашан берілді?

9.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді?

10.Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?

Жауабы:


1-нұсқа

1 Адамның туып-өскен жері 10

2 1999жылы 9

3 Егемен,тәуелсіз мемлекет 8

4 Батысында орналасқан 7

5 Астана қаласы 6

6 1995жылы 30тамызда 5

7 Еуразия құрлығында 4

8 1993жылы 3

9 Тілдер мерекесі 2

10 Ту,Елтаңба,Әнұран 1

1-нұсқа 2-нұсқа

3,5,7,10,4,1,9,2,8,6 8,6,4,1,7,10,2,9,3,5

Бағалау: «5»-9,11 ұпай

«4»-7,8 ұпай

«3»-5,6 ұпай



Өзін-өзі бағалау

3.Сабақтың мақсатын қою

Психологиялық ортаны қалыптастыру

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру үшін қазақ ақыны М.Мақатаевтың өлеңінен үзінді оқумен бастағым келеді.

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

-Бұл өлең не туралы?

-Туған жер,Отан туралы.

-Отан деген не?

-Отан деген адамдардың туып-өскен жері.

-Сіздер қай жерде,қай мемлекетте туып-өстіңдер?

-Қазақстанда.

-Қазақстан қайда орналасқан?

-Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан.

-Сонда сіздердің Отандарыңыз қай мемлекет?

-Біздің Отанымыз-Қазақстан.

Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»

Сабақтың ұраны: «Екі Отан жоқ,жалғыз Отан-мекенің»

Біз сабақта жаңа мәтінмен танысамыз.Мәтінді толық түсіну үшін жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысамыз.Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша бірнеше стратегиялық тапсырмалар оындаймыз.



4.Жаңа сабақ

Стратегиямен жұмыс.

«Отан» сөзін естігенде нені елестетесіңдер?



Мәтінмен жұмыс.

Жаңа сөздер:



Ұйытқы-основа

өкіл-представитель

есептейді-считают

А)Оқылым

Бейнетаспадан суреттерді тамашалай отырып,мәтінді оқыту,аударту.



Ә)Мәтінге сұрақ қою.

Стратегиямен жұмыс.

«Отан» сөзіне бес шумақ өлең жазу.

1.Отан

2.кең,байтақ



3.дамиды,гүлденеді,өркендейді

4.Менің Отаным-Қазақстан.

5.туған жер

Жазғандарын оқыту.



Б)Тыңдалым

Дискіден тақырып бойынша мәтін тыңдату.



В)Сұрақтарға жауап беру.

Дәптермен жұмыс.

Мақалдардың жалғасын тауып,жазу.(3-тапсырма)

Отансыз адам ....... .

Туған жерге ....... .

Отанды сүю ........ .

Отанға опасыздық еткенің ........ .



Стратегиямен жұмыс.

«Топтастыру» статегиясы арқылы сөйлемдер құрастырып,жазу.

Қазақстан бес экономикалық аймаққа бөлінеді.

Әр оқушы шығып,экономикалқ аймақтар туралы мәлімет береді.



Стратегиямен жұмыс.

А)«Еркін жазу» стратегиясы бойынша өз елін мадақтап,Қазақстанға жарнама

жасау.


Ә)Бүгінгі сабақ туралы ойын,тілегін білдіріп,кластасына хат жазу.

5.Қорытынды

Сабақты М.Мақатаевтың «Қазақ жері»өлеңімен қорыту.

Бір оқушы өлеңнен үзінді оқиды.

6.Үйге тапсырма

1.«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.

2.Мәтіннің мазмұнын айту.
Факультативтік ашық сабақ

Тақырыбы: «Төлеген Айбергенов. Бір тойым бар...»

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Төлеген Айбергеновтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: факультативтік, дәстүрлі емес.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар, видео және аудио таспалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгін факультативтік сабақтан «Төлеген Айбергеновтың шығармашылығы бойынша ашық факультативтік сабақ өткізгелі отырмыз.



Сабақтың мақсатын қою.

Жаңа сабақ.

Оқушылар Төлеген Айбергеновтың «Бір тойым бар» әнін тыңдайды. Сосын ұлы ақынның өмір жолы туралы қысқаша баяндалады.

Ақын Төлеген Айбергенов 1937 жылы наурыз айының 3 (8) жұлдызында Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. 1959 жылы Ташкент педагогикалық институтын бітіріп, Қоңырат ауданындағы орта мектептерде мұғалім, 1962-65 жылдары Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы орта мектеп директоры, 1965-67 жылдары Қазақстан жазушылар одағының Әдебиетті насихаттау бюросында ұйымдастырушы болды. Алғашқы туындылары 1957 жылдан республикалық газет-журналдарда жариялана бастады. Туған жерге деген ыстық сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері «Жас дәурен» атты жас ақын-жазушылар шығармалары жинағына енді.
Ақын қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғаққа құрылған, тегеурінді екпін, асау сезімге бай, әсем нақышпен өрнектелген бояуы қанық жырлар әкелді. «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Құмдағы мұнаралар», «Мен саған ғашық едім», «Бір тойым бар», «Бақшаға саяхат» атты өлеңдер мен поэмалар топтамаларында замандастарының рухани өрісін, сезім байлығын, тыныс-тіршілігін, туған елдің ізгі тілегі мен ақ ниетін тебірене жырлады. «Мир созвездий» деген атпен таңдамалы жырлары орыс тілінде жарық көрді.

/1-слайд /

Бір тойым бар,

болатыны сөзсіз менің.

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ,бірақ…

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.



/2-слайд/ Ғұмырдария

/3-слайд/ «Айбергенов әлемі» атты видеоның 1-бөлімі көрсетіледі.

Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындарға ұстаз бола білді.

Патриоттық сезім мен адам бойындағы асыл қасиеттерді ту еткен талантты ақын 1967 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында көз жұмды. Дүниеден өткеннен кейін “Құмдағы мұнаралар” атты жыр-жинағына 1974 жылы әдебиет, өнер және сәулет саласы бойынша “Қазақстанның Ленин комсомолы” сыйлығы берілді.

/4-слайд/

Күйсе күйсін күншілдер күйігінде,

Өз ғасырым өзімнің иінімде.

Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,

Мен өлемін өзімнің биігімде.

Төлегенге институтта оқып жүрген кезінде сабақ берген ұстаздардың бірі Тұрар Айдаров өз естелігінде былай деген болатын:

Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындарға ұстаз бола білді.

/5-слайд/

Төлеген Айбергеновты өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған ақын деп біз нық сеніммен айта аламыз.



/6-слайд/ Өлеңі оқылады.

/7-слайд/ «Айбергенов әлемі» атты видеоның 2-бөлімі көрсетіледі.

Төлеген Айбергеновтың сөзіне музыка жазылып, көптеген әндерін эстрада әншілері орындап жүр.



/8-слайд/ «Каспий» тобының орындауында «Ақ еркем-Ақ жайық» әні тыңдалады.

/9-слайд/

Төлеген Айбергенов туралы «Жан еді өлең үшін дара туған» атты естеліктер кітабы жарық көрді.



/10-слайд/

Ақындардың артында мәңгілік аты қалған ақынға арнап жазған өлеңдері оқылады.

Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріне қазіргі заманның сазгерлері де музыка жазып, жас әншілеріміз сол әндерді орындап жүр. Сол әндердің бірі «Мені ойла» деп аталады. Енді осы әнді «Заман» тобының орындауында тыңдап көрейік.

/11-слайд/

Қорытынды.

Мұғалімнің сөзі:

Сабақты Ерлан Шарафи ақынның Төлегенге арнаған өлеңімен аяқтағым келеді.

/12-слайд/

Өмір-өзен айдынында,

аз жүздіңде көп ықтың

Ну қамыстың арасынан,

бір шоқ гүлдей боп шықтың.

Ерте солып кетсең-дағы,

сол гүл болып қалдыңда,

Хатың қалды хош иістей,

мәңгі бақи артыңда.

Бір тамаша сол тойыңды,

бере алмадық біздерде,

Дәл қай күні екенін,

ұрпақ әлі іздеуде.

Шырылдамасын рухың сенің,

шайқалмасын қәбірің,

Мәңгілікте күнде болар,

сөзсіз сенің сол тойың.

Тәрбие сағаты: “Бүгін бізде үш сабақ“
2 класс

Мақсаты:
орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру; оқушыларды тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуге, өздерін көрермендер алдында еркін ұстап, қысылмай сөйлеуге баулу
Түрі:
интеллектуалды ойын
МАТЕМАТИКА САБАҒЫ

1. КЕЛ САНАЙЫҚ:
«ЖЕЙДЕМДЕ ҚАНША ТҮЙМЕ БАР?»
ҮСТІМДЕГІ ЖЕЙДЕМЕ
КӨЗ САЛАМЫН КЕЙ-КЕЙДЕ.
ТҮЙМЕЛЕРГЕ ҚАРАЙМЫН,
ҚАЙТА-ҚАЙТА САНАЙМЫН:
БЕС ТҮЙМЕ БАР ӨҢІРДЕ,
ЕКІ ТҮЙМЕ-ЖЕҢІМДЕ.
ТӨС ҚАЛТАНЫ ТҮЙМЕЛЕР
ҚОС ОҒАН БІР ТҮЙМЕНІ.
ЖАПСЫРЫЛҒАН ҚИЫҚША-
ЕКІ ПОГОН-ИЫҚТА.
АПАМ БҰҒАН ЖАҢАДАН
ЕКІ ТҮЙМЕ ҚАДАҒАН.
ҚАНША БОЛДЫ ТҮЙМЕЛЕР,
ЖАУАБЫН ТЕЗ КІМ БЕРЕР?

2. КІМ ТЕЗ?


СӨЗДЕРДІ ОҚЫП, АУДАР.
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОҚУЛАР

Т+10=


6+Н=

К+3+ТI=


100+IM=

K+2+Л=


3+КІР=

5+IK=


C+10+A=

Қ+10+АҚ=


8+КӨЗ=
ІІ. ОРЫС ТІЛІ САБАҒЫ

1. ОЙДЫ ЖАЛҒАСТЫР
1) зреет красная калина, соберет её…
2) дети в скверике сидели и мороженное…
3) ночью темень. ночью тишь. рыбка, рыбка, где ты…
4) мы пришли сегодня в гости, принесли собачке…
5) сверху солнышко печет, а внизу река…
6) он упал с обрыва в реку, помогите…

2. КІМ ТАПҚЫР?
ЖАСЫРЫН ТҰРҒАН 10 ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІ ТАП
НАЙТИ 10 СПРЯТАННЫХ ГЛАГОЛОВ В НЕОПРЕДЕЛЁННОЙ ФОРМЕ (ПО ВЕРТИКАЛИ И ПО ГОРИЗОНТАЛИ)


Iii. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫ

1. СӨЗДІ АУДАР:

1) УХО-...

РОДНИК-…

3) ДОРОГА-…

РУКА-…

5) ВОСЕМЬ-…



МОРЕ-…

7) РАСЧЕСКА-…

УРОК-…

2) ВЕРБЛЮД-…



ВИШНЯ-…

4) ДЕРЕВО-…

БУМАГА-…

6) ГДЕ?-…

ЗЕРКАЛО-…

8) СЧАСТЬЕ-…

ВРЕМЯ-…

2. СӨЗЖАСАМ ҚҰРАСТЫР:

Қазақстан



Абайтану курсы бойынша панорамалық сабақ :

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет