1 http://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_new_philosophy/ 2 http://krugosvet.ru/ 3 http://www.grandars.ru/college/filosofiya/russkaya-filosofiya-19-20-veka.html 4 http://bookucheba.com/obschaya-filosofiya/russkaya-filosofiya.html 5 http://nuru.ru/philos/028.htm 6 http://philosophy.4hs.ru/
9 Тақырып Қазақ мәдениетіндегі философия феномені
1. Қазақтардың дәстүрлі дүние танымы.
2. Жыраулар шығармаларындағы философиялық сарындар.
3. Қазақ ағартушылардың философиясы
4. ХХ ғасырдың басындағы философиялық ізденістер
Қазақстан аумағында Шыңғыс Ханның келуінен көп бұрын ipi сауда және экономикалық орталықтары пайда бола бастады. ІХ–Х ғасырларда қазақ жерінде ғылымға, өнер мен әдебиетке өз үлестерін қосқан адамдар көп болды. Олардың ішінде астроном және математик Аббас Жаухари, түркгі энциклопедиясы ретінде жазылған әйгілі «Диуани лұғат ат-түрiк» шығармасының авторы Махмуд Кашкари бар.
Энциклопедиялық сипаттағы алғашқы еңбекті Жүсіп Баласағұни жазды. Оның “Құтадғу білік» ең6егi ғылым мен мәдениеттін түрлі салалары туралы оқулық жиынағы ретінде бағаланады.
Ж.. Баласағұни дүниетанымының үш тамыры бар деп есептеді. Олар: философиялық, шамандық және исламдық болып бөлінеді.
Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмет» даналық кітабының авторы. Ол суфизмнің өкілі. Алайда қазақ, жерiнде өмip сүрген ғалымдардың, ортағасырлық философтардың арасында философиялық еңбектері ұзақ уақыт барлық араб тілді философиялық ойдың шамшырағындай болған Әбу Насыр ал-Фарабидін орны айрықша тұрады. (Ол туралы 1.3. параграфтаң қараңыз).
Қазақтың қоғамдық ойы дамуының Қазақстанның Ресейге қосылуы тұсындағы ерекшеліктері. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда басты тұлғалары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және А. Құнанбаев болған ағарту мәдениеті пайда болып, дами түсті.
Шоқан Уәлиханов (1830-1860 жж.) -ғалым, ағартущы, саяхатшы, этнограф, шығыстанушы. Ол өз дәуірінің ғылым салаларына, оның ішінде саясат пен құқық саласының дамуына белгілі деңгейде үлес қосты. 1858-59 жылдары ол қатерлі Қашқар сапарына шығып, «1858-59 жылдарғы Алтыншара немесе Қытайдың Нанлуының шығыстағы алты қаласының (Кіші Бұқараның) жағдайы туралы» аталатын еңбегін жазды. Этнография туралы аса бай ғылыми мәліметтерден тұратын бұл жұмыста соңымен бірге автордың дүниетанымдық ұстанымдары мен саяси көзқарастары көрсетіледі.
Ол төмендегі тұрғылардан келіп: діни сенімнің шынайы негізін нақты дүниеден, осы дүниенің адамға жасайтын ықпалынан, адамның табиғатқа және өзінің және психикасына қатынасы ерекшеліктерінен іздеуі туралы тұжырымға тоқтады. Ол шамандық пен діннің пайда болуына надандық түрткі болады деп есептеді. Уәлиханов мұсылмандық дінбасыларына қарсы күресті. Шоқанның шығармалары: <Даладағы мұсылмандық жөнінде», »Тәңір», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» т.б.
Ы6ырай (Ибраһим) Алтынсарин (1842-1889 жж.) – Қазақ ағартушысы.
Алтынсарин тек білiм мен оқу-ағарту ici ғана елді билептөстеушілердің езгісінен кұтқарады деген сеніммен халық арасына білімді кең таратуды жақтап, жұртының шыңайы өмірге деген көзін ашуға, сөйтіп нақты әлеуметтік прогресс жолын тездетуді уағыздады.
Ол мұсылман дінбасыларының надандығын, адамгершілікке жат әрекеттерін қатаң сынға алды.
Алтынсарин халықтың экономикалық және құқықтық дамуына тек зиялы білім ғана мүмкіндік туғызады деп білді.
Ол өзінің дүниетанымдық көзқарасы жағынан деист, яғни алғашқы жаратушы деп құдайға сенді, алайда дүниені жаратып болған соң әлемнің және адамдардың iciнe араласпайды деп есептеді.
Ол «Исариатли ислам», т. б. шығармалардың авторы.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904 жж.) – ақын, композитор, ойшыл, философ.
XIX ғасырдың аяғында қазақ даласында сорақы әділетсіздік қатынастары үстемдік алды. Абай қиянатшыл қатынастарды жақтаушыларға қарсы тұрып, әділетсіздікке көне алмады. Ол қазақтың кедейшілігімен күресіп, қанаушылардың жауы болды. Абай – сыншыл реализмнің негізін қалаушы,”Қара сөздердің авторы».Абай философиясының негізгі принципі: «Адам бол!».
Абай поэзиясында оның әлеуметтік және дүниетанымдық көзқарастарды түзіледі:
Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын...
...немесе
Бай сейілді,
Бір пейілді –
Елде жақсы қалмады...
Абай да мұсылман дінбасыларын сыңға алды. А6ай адамгершілік (этикалық) проблемаларын зерттеді. Ол адамның басы адамгершілік қасиеттері білімге, оқу-ағарту мен ғылымға құштарлықтан негіз алады деп санады. Тек білімді адам ғана өзінің жейтін наның адал еңбекпен табуға тырмысады, әділетке ұмтылып, өзгеге жамандық жасамайды, келеңсіздіктерге қарсы тұрады.
Менсіңбеуші ең наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып. Түзетпек едім заманды,
Өзімді тым-ақ зор тұтып.
Абай жалпы көзқарасы бойынша теолог, алайда жеке мәселелерді материалистік тұрғыдан шешеді. Адам дүние мен Құдай үшін
жаратылмаған, керісінше, Құдай мен дүние адамның игілігі мен бақыты үшін 6ерiлген.
Алла ішімді айтқызбай біледі, ойла, Бендесіне қастықпен кінә қойма. Распенен таласпа мүмин 6олсаң, Ойла, айттым, адамдық атын жойма!
Мүмин болсаң, әуелі иманды 6ол, Пендеге иман өзі ашады жол.
Абай төмендегі тұғырға табан тірейді: <Біз Алла тағаланы өзінің білгені қатар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін eмec. 3аты түгел, хикіметіне ешбір хаким ақыл ілестіре алмайды. Алла тағала өлшеушіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге
болмайды». (Отыз ceгiзiншi сөзінен). Адам Жаратушыны оның жаратқан құбылыстарын зерттеу арқылы таниды. Сол таным арқылы адам өз бойына нағыз адамдық қасиеттерді сіңіре бастайды, Махаббат пен әділеттіліктің құдай мәнінің жоғары формасы екенін түсінетін толық адамға айналады.
XX ғасырдың басындағы қазақ философиясы.
Шәкерім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.) – философ, тарихш. Жеті жасында әкесінен жетім қалған оны немере ағасы Абай (Шәкерім Абайдың ағасы Құдайбердінің ұлы) бауырына басады.
IIIәкерім философиясының тұп өзегі – адам. Oл өзнің философиялық “Үш анық» еңбегінде нағыз сенім мен ғылымды, білім мен дінді қатар қоя салыстырады. Өз көзқарастарында дуалистік бағытты ұстанады. Оның пікірлері бойынша, жан мәңгілікті және оның epeкшe қасиеттері болады, сондай-ақ жетілуге, шарықтап дамуға қабілетті келеі.
Жан дамуының негізі бұ дүниеде де, о дүниеде де жақсылықпен өмip сүруге мүмкіндік беретін Ар-ұждан болып табылады. Бірінші ақиқат – Жаратушы мен жанның мәңгілігін танытатын сенім ақиқаты. Екінші ақиқат – түйсіктік қабылдаулар мен рационалдық оға негізделген ғылым ақиқаты. Шәкәрім осы екі ақиқат арқылы үшінші ақиқатты ашады, ол - негізін ар-ұждан құрайтын Жан ақиқаты. Шәкерім «Ұмтылған жазбалар>> философиялық эссесінде: «Адам табиғатын қандай игіліктер арқылы түзетуге болады? Адамдардың бір-бірімен бейбіт қатынаста өмip cүpyi үшін не істеу керек?” деген сауалдар қояды.
“Менің ойымша, - деп жазады ол, - адамның жақсы өмірнің негізі адал еңбек, нұрлы ақыл, ыстық жүрек болуы тиіс. Осы үш қасиет барлығына басшы болуы керек. Бұларсыз өмірдегі бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу мүмкін емес”
Шәкерім философиясы өзінің терең мәні жағынан спекулятивті теологияға жатады. Ол адамды адамгершіліктендіруге теологиялық негіз беру қажеттігіне жан-жақты бағытталған. Бұл өз кезеңiнде прогрессивті роль атқарған ерекше теологиялық гуманизм болып табылды, алайда оның бойында казіргі тәжірибе мен ғылымға үйлеспейтін тұстар көп болды. Бірақ бұған да қарамастан, ол XX ғасырдың басындағы қазақ халқының өмip салтын, ойлау сезімі мен мұң-мұқтажын мейлінше дәл бейнелеген тарихи маңыздылығымен де кұнды.
Шәкерімнің шығармалары: »Үш анық», “Мұсылмандықтың шарттары», “Ұмыт болғанды жазу» және т.б.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы
қазақ демократиялық зиялылар қауымының арасында дарынды ақын,
көрнекті қоғамдық-cаяси қайраткер, халықтың бостандығы мен бақыты
жолындағы мешеулікке, езілген бұқараның надандығы мен тапталуына
қарсы шығып, ұлттық және әлеуметтік жетістікке, сондай-ақ тарихи
прогреске ұмтылған жалынды күрескер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
(1893-1920 жж.) орны айрықша тұр. Торайғыров қазақ ақын- ойшылы.
XX ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының өкілі; “Қамар сұлу» атты
романның, көптеген философиялық дүниетанымдық өлеңдердің авторы.
С. Торайғыров дінбасыларын сынап, Ы. Алтынсаринның,
А. Құнанбаевтың, III. Уәлихановтың антиклерикалық мұраларың көп
қырынан біршама толықтыра түсті. Ақын Ағарту бағытыныңталқандаушы дәстүрін берік ұстанып, мұсылман ғибадаты қызметшілері арасына кенедей жабысқан діни надандықтың, еігжүзділіктің, үмітсіз алаяқтыктың, түпсіз парақорлықтың бет-пердесін ашьп, оны батыл да аяусыз түрде әшкерелейді.
Таным өз мүдделеріне пайдаланатын жемісін беріп қана қоймай, адамдар арасындағы әділеттілікті орнатуға қызмет етуі тиіс. Ақын әділеттін танымды дамытудағы қажетті жеміс екеніне сенді.
Қазақстандағы XX ғасыр басындағы гуманитарлық білімнің философиялық проблемаларын шешу.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) XX ғасырдың басындағы қазақ философиялық ойының дамуына елеулі үлес қосты.
А. Байтұрсынов – қоғам қайраткері, ақын, жазушы, ғалым –лингвист, философ. Oл өзнің аудармалары мен мысалдарын «Маса» газетіне жариялап, 1913 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақ» газетнің шығуын ұйымдастырды. 1917 жылғы төңкерістен соң өз әріптестерімен бipiгiп бірыңғай қазақ халқының ұлттық мүддесін
қорғаған «Алаш» партиясын құрды.
Oл тіл білімі мен әдебиеттанудың философиялық проблемаларымен айналысты. Байтұрсынов философия тілін ақыр соңында көркем және эстетикалық мәндегі сөзді қалыптастыратын заңдылықтар туралы ғылым ретінде қарастырды.
Міржақып Дулатов (1885-1935 жж.) – қоғамдық-саяси қайраткер, ақын, тарихшы және философ. Оның қоғамдық-саяси қызметі қазақ зиялыларының прогрессивті бөлігінің көшбасшысы А. Байтұрсыновтың қайраткерлігімен тығыз байланысты. Ол 1911 жылы жарық көрген «Оян, қазақ!» кітабы арқылы танымал.
Ж.Аймаутов - белгілі ақын, жазушы, психологиядан қазақ тіліндегі алғашқы оқулыктың авторы.
Әдебиеттер:
1 Есiм Ғ. Қазақ философиясының тарихы:оқулық/Ғарифолла Есiм.-Алматы:Қазақ ун-тi.-2006.-216 б.
2 Есiм Ғ. Даналыққа құштарлық/Ғ. Есiм.-Семей; Новосибирск:Талер-Пресс.-2007.-521 б.
5 Нысанбаев Ә. Философия тарихы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; аударғандар: Д. Раев, А. Құлсариев].-Астана:Аударма.-2006.-484 б..-(Мәдени мұра)
3 Нысанбаев Ә. Қазақтың тарих философиясы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Т. Ғабитов, А. Қасабек; аударған Б. Сатершинов].-Астана:Аударма.-2006.-508 б..-(Мәдени мұра)
4 Бурабаев М. С. Фараби - Аристотельден кейiнгi екiншi ұстаз; Құран және Ахмед Яссауидiң хикметтерi; Ислам және Бекасыл Биболатұлының философиясы/М. С. Бурабаев; Орталық Азия ун-тi.-Алматы:Мария.-2006.-278 б.
5 Есiм Ғ. Қазақ ренессансы/Ғ. Есiм.-Алматы:Қазақ ун-тi.-2006.-90 б..-(Академик Ғарифолла Есiмнiң кiтапханасы)
10 Тақырып XX ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және посткеңестік философия
1. Маркстік ілімнің эволюциясы
2. ХХ ғасырдын 60-80 жылдарындағы кенестік философия
3. Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебі
4. Посткенестік қазақ философиясының ізденістері
XX ғасыр философиясының ең өзекті проблемаларының 6ipi рационалды білімге қатысты туындайды. Иррационализм — ақыл-ойдың танy мүмкіндіктерінің шектеулілігін 6екітіп, танымның түп негізі интуиция, сезім, инстинкт деп білетін ілім. Иррационализм өмip философиясы, экзистенциализм, герменевтика сияқты ілімдерде көрінді.
Өмір философиясы өзегінде (Ф. Ницше, О. Шпенглер, Дильтей) “өмip түciнiгi көпқырлы және мәңгі қозғалыс үстіндегі дүниенің абсолютті, шексіз бастауы ретінде байқалады. Ф. Ницше нағыз адам (сверхчеловек) идеясын жасады. Оның еңбектері «Антихристианин», «Заратустра осылай деді», т. б.
Экзистенциализм үлгілерінен кейбір иррационализм белгілерін көруге болады.
Экзистенциализм — адам өмip cүpyi философиясы. Ол өз-өзіне сенімсіздікті, адамның дүниедегі жатырқаушылығын бейнелейді. «Болмыс пен әлем, — дейді экзистенциалистер, — адам тіршілігі, уайым, ceзім, индивид ойларының ағыны».
Экзистенциализмнің басты тақырыбы — адамның рухани әлемi, қaзipгi замандағы жеке тұлғаның тағдыры; жеке адам болмысы. Тікелей әмірмәнділік, экзистенционалдық мәселерге өмip мен өлім мәселесі жатады.
Экзистенциализмді философияның ерекше бағыты ретінде қалыптастыру XX ғасырдың 20-шы жылдарының аяғында өтті. Оның негiзiн салушылар — Heміc философтары М. Хайдеггер мен К. Ясперс.
Хайдеггер өз пәнінің зерттеу нысанына қорқыныш, үрей, қамқорлық сияқты түсініктерді алды. Олар сезім, адамның қайғыруы мен эмоциясы әлемін білдіреді.
3иялылық экзистенциализм (Хайдеггер, Сартр, Kaмю) мен діни экзистенциализмнің (Ясперс, Марсель) ара-жіктері бөлініп те қарастырылады, алайда олардың арасындағы айырмашылықтар өте шартты.
Нақты дүниені практикалық ұғымдар арқылы түсінуге рухани ойлау тұрғысынан келу талпынысы негізін Ч. Пирс (1839-1914 жж.) пен У. Джеймс (1842-1910 жж.) салған прагматизмнен көрінді. Америкалық прагматизм тұрғысынан философия болмыс пен танымның алғашқы бастаулар туралы ойлау емес, ол ел алдында тұрған нақты, эмпиризмдік проблемаларды шешудің жалпы әдістері үшін қажет. Әрекетке қызмет етіп, адамға нақты тығырықтан шығуға жәрдемдесетінің бәрін прагматизм ақиқат деп жариялайды. Прагматистер пікірінше ақиқат — табысқа жетелейтін білімдер жиынтығы.
XX ғ. жаңа діни философиялық ағым ретінде неотомизм көрінді. Неотомизм дамытып жүрген идеялардың негізін Фома Аквинский (XIII ғ.) қалаған. Неотомистер өз философияларының негізіне креационизмді сіңрді (құдайдың дүниені жоқтан жаратуы). Бар болу, демек, ол Құдайдың құдіретімен жаратылған. Олар ғылым таныған нәрсенің бәрін Құдай алдын ала табиғатқа сыйғызып қойған, ғылымеың кез келген жетістігі Құдайдың ақыл-ойы құдіретін білдіреді. Олардың ғылым мен дін бipлiгiн түсіндірудегі талаптары да осы негізден басталады. Неотомистер таным процесін үш сатыға бөледі: 1) сезімдік таным; 2) ақылды таным; 3) жаңалық ашу.
Ғылыми білімнің мәңі мен ролі неопозитивизмде де жоғары бағаланады. Неопозитивизмде позитивизмнің үшіші түрі. Позитивизмнің негізін О.Конт қалаған. Неопозитивистік философияның екі бағыты бар: логикалық (Б. Рассел) және лингвистикалық талдау (Л.Витгенштейн). Білім ақиқатының критерийі болып сезім органдарының көмегі арқылы (верификация прииципі) кез келген жағдайды тікелей тексеру мүмкіндігі болып табылады. Тіл позитивизмде де, структурализмде де, герменевтикада да арнайы проблемалық зерттеу өpici ретінде қызмет етеді.
Структурализм мен герменевтика тұтас құрылымдарды — мәтіндер (текстер) мен құжаттарды зерттейді. Структурализм сонымен бірге өзара байланысты элементтерге деген тілдік бағаларды бөлумен айналысады. Герменевтика мәтіннің түсіндірілуімен ғана eмec, оның түсінілуін қарастырады. Структурализм мен герменевтика мәдениетті зерттеуде де маңызды орын алды. Структуралық — функционалдық әдіс структурализм философиясы үшін тән болып келетін әлеуметтік - гумаиитарлық әдіс.
Сөйтіп бiз философиялық ойдың тарихи даму процесін қарастырдық.
Философия тарихы даму процесінде өз принциптерінің анықталу тұрғысынан қандай жолмен біртіндеп дифференцияланатының көрсете отырып, мәдениет тарихын танудағы кілтке айналады. Сонымен бірге философияның өзі де мәдениет ретінде көрінеді.
Енді негізгі философиялық проблемалар жиынтығын оқыпүйренуге көшеміз.
Әдебиеттер:
1. http://www.philosophica.ru/mironov/72.htm
2. http://www.grandars.ru/college/filosofiya/ekzistencializm.html
3. http://filosof.historic.ru/books/item/f00/s00/z0000007/st072.shtml
12 тақырып Болмыс философиясы. Философиялық антропология.
1. Болмыс ұғымы мәдениет тарихында
2. Негізгі антопологиялық ұғымдар
3. Адам ең жоғарғы Құндылық
4. Тұлға Еркіндік және жауапкершілік.
Болмыс категориясы, оның мәңі және өзгешелігі. философияның маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық түсіну, ондағы адамның орны мен ролі пысықтау жатады. Онтология деп болмыс туралы оқуды айтады. Болмыс —барлық бар нәpceнi белгілейтін философиялық категория. Біз заттардың болмысы туралы, бізді қоршаған табиғат, адамның болмысы, оның санасы, өзіміз сүріп отырған қоғамның болмысы, т. б. Жөнінде сөз етіп отырмыз. Басқаша айтқанда, болмыс түгелдей материалдықты да, руханилықты да қамтиды. Өзгеше сөзбен айтқанда, болмыс — дүниеде не бар, соның бәрі — ол материалдық та құбылыс, әлеуметтік те процесс, адам санасында болып жататын шығармашылық та актылар. Болмыс бар, яғни әлдебір шындық түрінде өмір сүреді және осы шындықпен адамның ұдайы санасып отыруына тура келеді. Болмыстың негізгі түрлеріне: а) заттардың болмысы мен табиғаттың жағдайы; а) қоғамның болмысы (қоғамдық болмыс); б) адамның болмысы; в) осыларға байланысты индивидуалды және индивидуалдықтан тыс болып бөлінетін рухани болмыс жатады.
Материя түciнiгi философияның ең орнықты түсініктерінің бipi және өз тарихы бар. Материя категориясы адам санасынан тәуелсіз туратын дүниенің шыңайы да нақты құбылыстарын сипаттау үшін қызмет етеді. «Материя» категориясы объективтік реалдылықты анықтайды.
Материя деген табиғи құбылыстар мен процестердің көпқырлылығын белгілейтін философиялық абстракция немесе түсінік.
Материя категориясы диалектикалық материализмде субстанция деңгейіне дейін көтеріледі.
Философияда екi категория бар: субстрат және субстанция. Субстрат (лат. substratum — дәлме-дәл — төсеніш, демек, бәрі осыдан жасалған). «Субстанция» болса (лат, substatia — мән, негіздін бастауы) тірліктін нәрі, бір-бipiнe тікелей байланысты нақты заттардың, оқиғалардың, құбылыстардың және процестердің әр алуандығыныц бipлiгi. Сөйтіп, философтар субстрат түciнiгi арқылы болмыстын неден тұратының түсіндірсе, субстанция ұғымы арқылы болмыстын жалпы нeriзi бекітіледі. Әдетте философтар белгілі бір бастаудан шығарып (су, от, атом, идеялар, pyx, материя, т.б.), дүниені бейнелеуге ұмтылады. Барлық тіршіліктін бастауы бiр дейтін ілім монизм деп аталады. Дүниені қанаттас екі негізден басталады дейтін дуализм монизмге қарсы тұрады.
Философия тарихында, бұрын да көрсетілгендей, монизмнің үлес салмағы басымдау.
Болмыстың әр алуандығы материяның түрлері және материяның пішiнiнiң көрінісінің туындысы ретінде қарастырылады. Көне адамзат қауымында материя туралы алғашқы түсініктер бірінші негізге, яғни заттық субстанцияға байланыстырылды. Мәселен, ежелгі гректерде мұдай ұгымдар бірде суға (Фалес), бірде ауаға (Анаксимен), бірде отқа (гераклит) сәйкестіріледі. Кейіңірек Демокрит пен Эпиур барлық денелердің бөлінбейтін, белгілі пішіні мен салмағы бар және кеңістікте ретсіз қозғалыста болатын атомдардан (атом – грекше бөлінбейтін) тұратыны туралы идеяны ұсынды. Материя бөлінбейтін атомдардан тұратын және салмақты, көлемді бар заттармен теңдестіріледі. Дегенмен, бұл ұғымдардың шектеулі екені XIX–ХХ ғасырлар деңгейінде жаратылыстанудағы революциялар басталған тұста байқала түсті. Материяның тек зат қана eмес екені және атомдардың материяның соңғы құрылымдық деңгей eмec екені белгілі болды. Сөйтіп, материяның сарқылмайтын түпсіздігі туралы идея туды. Материалдық әлем тұтас қарастырғанда өзара байланысты иерархиялық жүйелердің бірлігінен тұрады. Оларға өлі және тipi материялар жатады. Өлі табиғат жүйелері өз мөлшеріне байланысты әр түpлi ғаламдағы жүйелердің саны шексіз, алайда, ғылым оның шағын ғана бөлгін ашып, зерттеу үстінде. Өлі табиғат құрылымының деңгейі төмендегіше: вакуум, қарапайым бөлшектер, атомдар, молекулалар, макроденелер, планеталар, жұлдыздар, галактикалар, метагалактикалар. Өлі табиғатта жүріп жататын процестердгің әрдайым өз себебі бар. Ол – өзара байланыстылық өзapa байланыс – өлi табиғаттың материалдық объектілерінің болмыстық әдісі.
Tipi табиғат жүйесі ашық және оны ғылым тек жер жағдайларына
катысты зерттейді. Олардың төмендегідей деңгейлерге бөлінеді: жасушаларға дейінгі деңгей (ДНҚ, РНК, белоктар); жасушрлар; көп жасушалы организмдер; популяциялар; биоценоздер және жердегі барлық өмірді қамтитын биосфера. «Ноосфера» дейтін ұгым зерде саласын сипаттайды.
Сондай-ақ тipi табиғат саласында ештене де өзара байланыссыз жүзеге аспайды, алайда бұл жерде оның жан-жануарлар психикасының тіршілік желісіне ықпалы болатының ескеру қажет. Сол сияқты адамның өндірістік әрекеті қаншалықты дамыған болса, табиғатты философиялық және ғылыми түсіну соншалықты терең болатының да ескерген жөн. Материя секілді ұғымның бойында көптеген екіойлылыі пен түсінбестіктер бар, себебі, адамдық өндірістің тарихи дамуы барысында ол сан алуан тәжірибе сатылары мен әр түрлі интерпретацияларға сәйкес келді.
Материя – ен қарапайым, тарихқа дейінгі өндipic формаларында,
сондай-ақ қөлөнер еңбегінде – пішінге қарсы тұратын жай шикі материал.
Сондықтан материя мен идеяның айырмашылығының және қарама қарсы коюылының түп тамыры қолөнер тәжірибесінде жатады. Бұл идеализм мен материализмнің метафизикалық жүйелерінің осы қарама қарсылықтың қайсына салмак салуына сәйкес болады. Материяның бастапқы тұжырымдамасы және одан шығатын материализм мен
идеализмнің қарама-қайшылығы өте дамыған өнеркәсіп өндірісінің өзіндегі ең қарапайым еңбек түрінде сақталуына сәйкес әдеттегі де, философиялық та санада көрніс береді. Марксизм философиясында дүниенің бірлігін оның материалдығында деп түсіндіріледі.
Дегенмен, қазіргі кезеңдегідей тек өмip процестерін ғана eмec, сонымен бірге ойлау процестерін де жүзеге асыруға кабілетті машиналар жасалып жатқан ғылым мен техника жағдайында материя мен идеяның бірлігін тану қалыпты құбылыска айналды.
Ал мейлінше дамыған материя түpi – өмip пішініне келсек, олардың
табиғатын 6үriнri күн тұрғысынан түсіну табиғи органдардың өзін –
өкпе, жүрек, бүйректі де алмастыруға қабілетті аппараттардың шығуы фактісінің терең ыкпалында болады. Әлеуметтік жүйеде ғылым төмендегі деңгейлерді: адамды (индивидуумды), отбасын, түрлі ұжымдарды, әлеуметтгк топтарды, халықтар мен ұлттарды, мемлекеттерді, мемлекет жүйелерін және тұтас қоғамды екшеп, зерттейді.
Әлеуметтгк өмірде адамдар арасындағы күрделі қарым-қатыныс процестері материалдык ара-катынастымен аякталмайды.
Материя қозгғлысы. Материя тек козгалыз үстіндегі материя ретінде ғана болады. Қозгалыс - кез келген өзгеріс, жалпы өзгеріс козғалыс пен материя бір-бірімен бөлінбейтін болады. Сондай-ак козғалыс абсолютті 6олуына сай тыныштық тепе-тендік, тұрактылык сәттерін де жокка шығармайды. Тыныштық әр кез салыстырмалы болады. Диалектикалык материализмде материя қозгалысынын бес түрін беліп карастырады: механикалык, физикалык, химиялык, биологиялык және әлеуметтік. Материя қозгалысының барлық түрлері бір-бірімен байланысты 6олганымен де, олардың күрделілік денгейлері жагынан айырмашылыктары бар. Материя козгалысының ең жогаргы формасы - әлеуметтік, ен қарапайым - механикалык. Қозғалыстын әлеуметтгк формасы дегеніміз когамдык байланыстар мен қатынастар.
Универсумнын қозғалыс түрлері иерархиялык өзapa ықпалдылықты туғызады. Қозғалыстық жоғарғы формасы жүйелік қасиеттердін тууы нәтижесінде төменгі базада пайда болады. Биологиялық құ6ылыстарға физикалық процестерге жат қасиеттер тән. Сол сиякты әлеуметтік құбылыстардын да биологиялық құбылыстардан айырмашылыктары болады. Материя қозғалысының жоғарғы формасы өзңнің бастапкы негізінен салыстырмалы дербестігімен өзгешелігімен ерекшеленеді.
Кеңістік және уакыт. Кеністік және уақыт материя 6олмысының түрлері 6олып табылады. Кеністік пен уакыттың маңызды қасиеттеріне олардың абсолюттігі мен салыстырмалылығын жатқызу керек. Макродүние кеністігінің қасиеттеріне оның үш өлшемдігі мен кайтып оралушылығы жатады. Кез келген нысанныц орны үш координатты жүйенін көлемінде аныкталады. Процестер мен оқиғалар үшін өлшемді кеністікте жүзеге асады. Кеністіктің үш өлшемдігі макродүниеге тән, ал микродүниегі кеңістік үш өлшемді eмec. Кеністіктін кез келген нүктесіне кайта оралуға болады, бірак тек өзre уакытта ғана.
Нысандар ұзындык қасиеттеріне (желілік, көлемдік, екі өлшемдік сипаттарына) сай бір-бірімен белгілі деңгейдегі салыстырмалы арақашыктыкта орналасады. Мәселен, «сол жакта», «оң жакта», «жоғары», «төмен», «6ұрыш қиылысында» деген ара-катынастар кеністік аракатынастары деп аталады.
Кеністік дегеннің өзi материалдык нысандар тіршілігін бейнелейді. Кеністікке қарағанда уакыт бір өлшемдігімен және кайта оралмайтынымен ерекшеленеді.
Уакыт бір өлшемді мәнді білдіреді, ягни оның математикалық түрінде көрсету үшін бiр ғана өзгергіштік жетіп жатыр. Ал таяу келешекте уакыттың кeн өлшемдігі дәлелденуі мүмкін. Уакыт өткен шактан осы шак аркылы болашакка карай «ағады». Уакыт өткен шақта оқиғалар сиякты кайта оралмайды.
Кеністікке караганда уакыт катар тірлікті eмec, құбылыстардык ауыспалығын, процестілігін сипаттайды. Уақыт – процестердің ұзактығы және олардын: бұрын, кейінірек, ұзағырақ, т. б. термин түрлеріндегі ара-катынасын бейнелейді.
Ньютон механикасында уакыттык «барлық жерде бірдей» дегендейін салыстырмалы түрдегі қарапайым құбылыстары зерттеледі. Алайда бұдан уакыт материалдык процестерден мүлдем дербес өмip сүреді деген ұғым тумайды. А. Эйнштейннің салыстырмалық туралы арнайы теориясына сәйкес біркезеңдік ұғымы абсолютті нәрсе емес, салыстырмалы болады. Бір есепті жүйедегі окиғалар біркезенді болса, осы окиға баска бір жүйеде әp
түрлі уакытта болуы мүмкін. Erep нысандардын козғалыс жылдамдығы күшейсе, онда уакыт баяулайды.
Уакыт құбылыстардың өзгертелілігін бейнелейді. Биологиялык және әлеуметтік құбылыстар өзгеретін болғандыктан, олар уакыттык сипатта өздеріне текпе-тең қасиеттерге ие. Физика параметрлер мұндай уакыттык сипаттар ретінде алынбайды. Мысал үшін, бірдей күнпарактык жастағы (туған күндері бірдей) адамдар әдетте әp түpлі биологиялык калыпта өмip сүреді. Мұнда физикалык уакыт енді биологиялык npoцecтep үшін тенпе-тең сипатқа ие бола алмайды. Әлеуметтік уакыттан да осыны байкауға болады. Қоғамдык даму козғалысы жылдамдаған сайын күнпарактык уакыттык өлшем бipлiriнe сәйкес келетін әлеуметтік уакыттык «бөлшектері» ұлғая беретіні белгілі.
Кеіңстік пен уакыттын қасиеттері сан алуан жаңа заман ғылымының деректері кеністік пен уакыттык о6ъективтік жағдайдын, олардың козғалыстағы материямен үздіксіз байланыста болатының ешқашан жоққа шығармайды.
Кеңістік пен уакыт өлшемді ауқымдар болғандыктан, өлшем бірлігін пайдалану аркылы оларды сан жағынан аныктауға болады. Осы абстракция денгейінде кеністік пен уакыт сандардан ерекшеленбейді, сондыктан оларды сандык немесе арифметика ғылымының о6ъектісі ретінде зерттеу мүмкіндік бар.
Бізді қоршаған әлем өзінің накты құбылыстары жағынан сапалы тұрғыда сан алуан. Материя мәңгілік, ол жасалмайды да, жоғалып та кетпейді және тұракты даму үстінде болады. Материяның даму процесінде оның неғұрлым күрделі түрлері туындай береді.
«Адам - Дүние» катынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Философияның орталық проблемасы адам болып табылады.
Адам туралы ілімді «адам философиясы» нeмece «философиялык антропология» деп атайды.
Адам проблемасы философия тарихында. Бұл мәселе философияның пайда болуынан қарастырылып келеді. Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы өз философиясында адамгершілік (жэнь) проблемаларын қарастырды. Онын iлiмiнiн нeriзri этикалық кағидасы: “өзiнe тiлемейтін нәрсені өзгеге жасама!» болды.
Буддизмде өмip кайғы-қасіретке толы, Алайда оларға соқпай өтуге болады, ce6e6i бәрі де адамның өзіне байланысты дәл түсіндірілді. Аристотель адамды «ажалды құдайдай» деп түсініп, адамнын биік максаты — бакыт дел тұжырымдады. Бакыт пен жоғары игілік адамға тән, ол оған толык жетілуге ұмтылган жағдайда, яғни белсенділіктің арқасында жетеді. Демек, жай ғана өмip сүрумен тынбау кepeк, себебі өсімдіктер де тіршілік етеді, ал сана белсенділгі — адамға тән максат. Материалдык игіліктердің жолдығы өз-өзінен бакыт жасай алмайды, ал олардын жоқтығы бакыттын беделін ә6ден түcipyi де ықтимал.
Ортағасырлык томизм ілімінде игілікті кез келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуі дұрыстығы айтылды: еркек пен әйелдін одағы, бала өсіріп-тәр6иелеу — игілік, өйткені табиғат заңдылығын солай. Рационалды тіршілік иесі ретінде адам мандайына кауымдастыкта өмip cүpin, акикатка ұмтылу жазыған.
Ренессанс дәyipiнiн (XV—XVI ғғ.) гуманистік козғалысында ізгіліктің тағдырдан биік туратыны тұжырымдалады.
«Адам өліп, шіріп кету үшін eмec, өндіру үшін туады. Адам далактап бос жүру үшін eмec, өзі қуана алатындай ұлы және данкты icтepre ұмтылу үшін, сондай-ақ жетілген қайырымдылығын пайдаланып, бакыт табу үшін туады. Жеңілгісі келмейтін адам жеңіске тез жетеді. Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға дағдыланғандар ғана төзеді». (Гуманист, философ, математик, сәулетші Л. Альберти).
Ренессанс дәуірінде адамды «табиғат кереметі» дел есептеді. Ф. Бэкон, Р. Декарт, Б. Спиноза адам бакыты оның өз колында деп санады (XVII Т.). Адам (Б. Франклинше) еңбек құралын жасайтын хайуан. «Адамдык касиет оған тек туғанда берілген ерекшеліктермен емес, онын өзі жасаған құндылыктары арқылы өлшенеді» деп жазды Гете адам туралы. Маркс 6ойынша: «Адам барлық қоғамдық қатынастардын жиынтығы». Энгельстін пікірінше антропосоциогенезде шешуші ролды еңбектену қызметі атқарған. Адамды ең6ек жасаған. XX ғасырда экзистенциалист Сартр адам — еркіндік иесі және тұрақты түрде өз аясына болғандыктан фактуальдылық пен трансцендентальдықтын бipлiri, тек заттар ғана шектеулі болуы деп түйді. Адам шектеулі eмec. Тағы бір экзистенциалист А. Kaмю адам өз маңдайына жазылған тағдырға мойынсұнбайды. Осыдан келіп метафизикалык бүлік туады деп пайымдады. Биологиялық және әлеуметтік жақтардың бірлігі. Адамдар коғамының хайуанаттардың табиғи тобырынан айырмашылығы оның биологиялыктан биік тұтастықта болатынында. өндіріс — ойлы тіршіліктін (Номо sapiens) негiзге алынатын белгісі. Сондай-ак акыл-ой түсінілуі тұрғысынан Нomo sapiens-тің бірден-бір жeтicтiri болып табылады. Адамның (антропогеноз) және коғамнын (социогеноз) калыптасуы жолында ұзақ кезеңдер болды, осы екі процестін бірегей антропосоциогенез аталған кырларынын 3-3,5 миллион жылға созылған уакыты барлық «жазылған тарих» мерзімінен мын ece кeм. Адам — табиғилыктын (биологиялыктын) және коғамдыктын (әлеуметтіктін) бipлiri. Бұл орайда олардын бір бірінсіз өмip cүpe алмайтынын aтaп көpсeтy кажет. Адам биологиялык тіршілік иесі ретінде өзінін «кіші бауырларынын», яғни жан-жануарлар мен хайуанаттардын тағдырын белгснді: туады, ауырады, ішіп-жеуге кажеттілікті басынан өткізеді, сонына ұрпақ қалдырады, өледі. Адам бойындағы биологиялык жағдай оны хайуан «бабаларымен» жақындастырып, туыстырып қана қоймайтынымен бірге онын жаңа, жетілген биологиялык жағдайынын сол жан-жануарлардан айырмашылығын да білдіретініне назар аудару кажет. Адамнын коғамдык өміріне ықпал ететін онын төмендегі тұкымдык организмі ерекшеліктерін көрсете кетуге болады: анатомиялык ерекшелігі ретінде және коршаған орта жағдайларын жақсы көруіне колайлы тік жүруі, икемді саусактары бар ебдейлі колдары, үшін өлшемде керіп, кеністікте бағытты дұрыс ұстayғa жәрдемдесетін және eкi жaққa eмec, карсы алдына тура біткен кырағы көзжанары, психикалык жағынан алғырлыкка бастайтын үлкен миы мен күрделі жүйке жүйесі, дауыс ырғактарынын алуан механизмі, тілді дамытуға жасайтын көмейі мен ернінін орналасуы.
Қaзipri кездегі адамына шамамен 90 мын жыл. Биологиялык параметрлердін көрінуіне әлеуметтік процестердің де әcep етуі мүмкін. Мысалға, адам ғұмырынын орташа денгейі шамамен 80-90 жас болады. Алайда әлеуметтік жағдайларын ыкпалына байланысты opтa жас мөлшері ежелгі дүниеде 20-22-ден 30-ға дейін, Батыс Еуропада XX ғасырдын басына карай 56-ғa дейін, дамыған елдерде XX ғасырдын аяғына карай 75-77 жacқa дейін ұлғая түcтi. Ал КСРО-да 1985 жылы орташа өмip ұзактығы шамамен 69 жаска тең болды. (Opтa есеппен eр адамдар – 63, ал айелдер 73 жыл өмip сүрді). ғұмырдың ұзак не қысқа болуы өмірдің сапасына байланысты. Дегенмен, адамның қалыптасу жағдайын анықтайтын оның еңбегі, әуел бастан ұжымдык, әлеуметтік тұрғыда көрінетін еңбек қызметі. Тек еңбек белсенділінін арттырылуы адам құрылымының табиғи, биологиялық өзгеруіне айтарлыктай ықпал етеді. Адам – үлкен тұтастық,тың – адамзаттыктың бөлшегі. Адамзаттық болса – адамдардың жиынтығы ғана eмec. Бұл түрлі халықтар арасындағы экономикалық, ақпараттық, мәдени және саяси процестердің нығаюы 6арысында қалыптаскан тарихи қауымдастык. Адам дегеніміз – өмірлік әрекеті материалдык өндіріске негізделіп, онысы қоғамдык қарым-қатынастар жүйесінде жүзеге асып, өзінің өмip cүpyi, қызмет жасауы, дамуы үшін және өзін де, дүниені де өзгертуге саналы да мақсатты түрде бағыталатын процестер аясындағы тірі дене құбылысы. Адамдар өздерінің ара-қатынасында тұтас органикалык қоғамды құрайды.
Егер адамнын биологиялык және әлеуметтік қырларының бірінші жағы абсолюттендірілсе, онда ол биологизаторлык (дарвинизм, расизм) дел аталады, ал, екінші жағы абсолюттендірілсе социологизаторлық делінеді. Дұрысында бұл екі жакта диалектикалық бірлікте болуы тиіс.
Адамның мінез-құлкын ретке салып отыратын табиғаттан тыс жүйе-мәдениет болып табылады.
Индивид, тұлға. Индивид – адам тумысының жеке өкілі. Индивид – өзінің физиологиялык және психологиялық ерекшеліктеріне қарай қайталанбайтын касиеттері бар нақты адам.
Адам ерекше, бірегей, қайталанбас қасиеттеріне қатысты дара жаратылыс. Сондықтан «даралық» деген сөзге «жаркын», «қайталанбас» деген эпитеттер сәйкеседі.
Жеке тұлға проблемасы персонализм ілімінде (персона – тұлға) зерттеледі.
Өз мінез-құлкының себептерін айкын біліп, оны катан бакылауға алып, бірегей өмiрлік мұраттарына 6ағындыра білетін индивид тұлға болып табылады. Тұлға дегеніміз – индивид дамуының қорытындысы, адам қасиеттерінің неғұрлым толық түрде іске асырылуы. Ал адам тұлғасының 6асты қасиеті – еркіндік. Тұлға үшін еркіндік иесі болу өмip сүрудің, дамудын ең қажетті де басты шарты. «Еркіндік – бұл танылған қажеттілік» (Гегель). Еркіндіксіз жауапкершілік те жоқ. Тұлғаның мәндік сипаттамасы бәрінен бұрын өз-өзін тану, ерікжігер, мінез, адамгершілік кемелдігі, кісінің дүниетаным қырлары, оның нақты құқықтары мен міндеттері, әлеуметтiк 6елсенділігі және әрекет жасауы сияқты жағдайлар арқылы ашылады. Тұлға – өзінін азаматтык парызы мен құықтарын саналы түрде сараптай алатын, жеке ар-абыройы бар, өзінін өмірлік мұраттарына, отбасының, халык пен мемлекеттін тағдырна зор жауапкершілікпен қарайтын коғамдык дамыған адам. Социализация – индивидтін белгілі әлеуметтік рольдер мен мәдениеттің жүйелерін игеруі өз-өзін жүзеге асыру (қазақша ұғыммен «Адам болу» түсінігі) мәселесі қоғамға ғана eмec, зор денгейде жеке тұлғанынын өзіне де байланысты. Тұлғанын еркіндігі молайған жағдайда онын өз-өзін тәрбиелеуі, өз әpeкeттepiнe жауап бере білу қабілеті, өз күшін накты бағалауы, ақыр аяғында нар тәуекелге баруы маңызды орын алады. Әр дәуір жеке тұлғанын ерекше түрлерін туғызып отырады. Қазipri нарыктық экономика жардайында батыл экспериментгерге бара алатын, өзіне, өз ақылына, тапкырлығына сенімді, тандау жасай білетін, еңбектеніп, табыска жете алатын адамнын әлеуметтік тұрпаты керек.
Тұлға бойында онын ic-әрекеті қызыкты болады, сондыктан ол “қадам, кимыл субъектісі» больш табылады. Тұлға ұғымы индивидінің әлеуметтік сапасын, онын бірегейлігінің, даралылығының өлшемін білдіреды.
Тұлға түсінігінін түбінде саналы epiк бастауы жатады. Жеке тұлға болу – қиын. Жеке тұлғалық 6олмыс - тынымсыз күш жұмсау деген сөз. “Адам”, “индивид” және «тұлға» түсініктерін салыстыру философия антропологиясының ең негізгі мәселелерінің бipi – адам тipшiлiriнiң мәні мәселесің қарастыруға итермелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |