Құрастырушылар: Мұханова Зинаида Боханова Орынкүл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері



бет9/21
Дата21.02.2023
өлшемі119.15 Kb.
#469848
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
bal-duren-balaly 3

Коучинг сабақтың тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлау туралы көзқарастарын қалыптастыру

Жалпы мақсаты



Сын тұрғысынан ойлаудың жолдарын көрсету, түсіну, дамыту, өмірмен байланыстыра отырып нәтижеге жету. Блум таксономиясы бойынша түсінік қалыптастырып, сұрақтарды құрастыруды меңгерту.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері



Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік қалыптасады. Мұғалімдер сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде сын тұрғысынан ойлауды тиімді қолдана отырып, оқытуды бағалауды үйренеді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Мұғалімдердің оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау көзқарастарын қалыптастыру.
Блум таксономиясы туралы біліп, жұмысты бағалай алады

Дереккөздер және құралдар

Ғаламтор, МАН 41-49 беттер, «Оқыту ізденіс ретінде» С.Мирсеитова
Флипчарттар,маркерлер,стикерлер/түрлі-түсті/,кері байланыс парағы

Сабақ барысы

Сабақ бөлімдері

Уақыт

Коучтің және коучингке қатысушылардың әрекеттері

Сәлемдесу

2 мин

Коуч коучингтің тақырыбын, мақсатын түсіндіреді

Тренинг
Топқа бөлу

5 мин

«Шаттық шеңбері»

Ой шақыру

8 мин

Әдіс: «Қоржындағы идеялар, ұғымдар, түсініктер»
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы сұрақтар слайды:

  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы не білесіз?

  2. Блум таксономиясы туралы не білесіз?

  3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қандай стр. 21.02.2023әдістерін білесіз және өз тәжірибеңізде қолданасыз?

Топта талқылау және «түйінді» сөздерді стикерге жазып, постерде бейнеленген қоржынға салу қажет. /сөздер қайталанбауы тиіс/

Рефлексия

3 мин

Барлық «түйінді» сөздер ойлауға бағытталған.Яғни сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз ойлау, мәселені шешу, талдау,бағалау

Ұғым беру

7 мин

Презентация:Сын тұрғысынан ойлау

Практикалық жұмыс

10 мин

Әр топ сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланып белгілі бір сабақ кезеңдерін жоспарлауы және оны постерде қорғауы тиіс.
1 топ – Қызығушылықты ояту кезеңі
2 топ – Мағынаны тану кезеңі
3 топ – Ой-толғаныс кезеңі

Рефлексия

3 мин

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша басқа топтың жұмысы туралы пікір айтады.

Сергіту сәті

2 мин

«Кенгуру» ойыны

Ұғым беру

5 мин

Блум таксономиясы

Практикалық жұмыс

15 мин

Берілген сұрақтар тапсырмаларын Блум таксономиясына салып жіктеңіз /жұмыс флипчартта орындалады/

  1. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?

  2. Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.

  3. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?

  4. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз.

  5. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз.Өзіңіздің таңдап алған заттарыңыз алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.

  6. Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп ойлайсыз ба? Неге -ия немесе неге-жоқ?

Қорытынды

2 мин

Сұрақтар мен тапсырмаларды жіктеуде қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Бұндай сұрақтар мен тапсырмаларды қандай дағдыларды дамытуға қолданар едіңіз?

Кері байланыс

10 мин

«Пікірлер тоғысы» әдісі

Мен өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалануға әзірмін

ИЯ

ЖОҚ

1
2
3

1
2
3







Кестенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне өзіңіздің 3-4 дәлеліңізді жазыңыз, әріптестеріңізбен пікір алмаса отырып қорытынды шығарыңыз.





Коучинг сабағының тақырыбы:

Интернет сайттарын сабақтарда пайдаланудың тиімділігі.

1

Жалпы мақсаты

Оқу үдерісінің сапасын арттырудағы АКТ-ның, соның ішінде интернет сайттарының мүмкіндіктерін білу, меңгеру және қолдану арқылы кәсіби біліктілікті арттыру

2.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

-Кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туындайды;
-сабаққа дайындалу деңгейін арттырады;
- оқу үдерісін қызықты етеді;
-шығармашылық деңгейі шыңдалады;
- оқушының терең білім алуына көмектеседі;

3

Сабақта туындаған негізгі идеялар

-Ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуін дағдыландыру;
-Педагогикалық технология мен компьютерлік технологияны бірігіп пайдаланудағы қажеттілік ;

4.

Жұмыс барысы:

1. Интернет сайттарымен таныстыру.(5 мин)
2.Практикалық бөлім.
Мұғалімдерге қажет сайттарды пайдаланып тапсырма орындату.(20мин)
3. Кері байланыс. Стикерлер арқылы өз пікірлерін білдіреді. .
4.Ұсыныс: Интернет сайттарын сабақтарда пайдалану

5.

Дерек көздер

Интернет сайттары: youtube.com, dilbert.com, stripgenerator.com, voki.com, it-n.ru, wiki.ru, МАН.




Сабақтың барысы:
1. Мұғалімдерге «Ой шақыру» арқылы сұрақ беріледі.
1.1. Интернет сайттарымен таныстырылым көрсетіледі.(5 мин)
2.Әр топ белгілі пән бойынша интернет сайттарын пайдаланып, тапсырма орындайды. (20 мин)
3. Стикерлер арқылы пікірлер алынады. Қорытынды жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет