Расул ғамзатов (1923-2003)


Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін



бет2/2
Дата27.03.2023
өлшемі23.97 Kb.
#471190
1   2
Р.Ғамзатов

Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өтуге де бүгін-ақ.
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
Кедей деп-ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де,
Ана тілі - ұлы менің өзіме.
Махмұт жырын оқу үшін жастауын
Күтем әлде аударуын басқаның
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде
Өлеңдерін жаза алар тілінде
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым алар тілінде
Қымбат маған елімнің бар даласы
Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді
Алаша бір жазып қойған құлпы тас
Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!

«Менің Дағыстаным» повесі


Аударған: Кенжеболат Шалабаев
Кейіпкерлері: Әбуталып, Расул, шешесі, суретші.
Сюжеті: Автор Парижде жүрген кезінде Дағыстандық суретшіні кездестіреді. Революциядан кейін іле-шала Италияға оқуға кетіпті де, итальян қызына үйленіп, еліне қайта алмай қалыпты. Тау ішіндегі дәстүрге үйреніп қалған әлгі дағыстандық жігіт көпке дейін өзінің жаңа отанына үйрене алмай жүріпті. Жержүзін талай шарлап, алыстағы бөтен елдердің жарқ-жұрқ еткен астаналарында да болыпты. Бірақ, қайда барса да, туған елін аңсап, зарыққан сезім соңынан қалмай-ақ қойыпты. Осындай сезімнің бояу арқылы бейнеге қалай айналдырылғанын көргісі келген автор, «өзің салған суреттерді көрсетші» деп өтіндеді. Бір суреттің аты «Елді аңсау» екен. Суретте байырғы авар киімін киген итальянка (суретшінің әйелі) бейнеленген.
Тағы бір суретте аварлардың көне аңызы бойынша тікенек басында отырған құс бейнеленген. Солайша автор Парижден елге қайта салып, әлгі кісінің жақындарын іздейді. Туыстары, шешесі әлі де тірі болып шығады. Олар оның тірі жүргеніне қуанды ма, қалай, әйтеуір, кенеттен шешесі: – Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? – деп сұрады менен.
– Жоқ. Біз тілмаш арқылы сөйлестік. Мен – орысша, ал сенің балаң – французша. Ұлының өлгенін жаңа ғана естігендей боп, суретшінің шешесі бетін қара орамалмен жауып ала қойды. Үйдің шатырын тырсылдатып, далада жаңбыр жауып тұр. Біз Аварда тұрмыз. Ал жердің екінші жағында, Парижде Дағыстанның адасқан ұлы да, мүмкін дәл осы сәтте жаңбырға құлақ салып отырған шығар…
Біраз үндемей отырғаннан кейін, суретшінің шешесі айтты:
– Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған. Сенің көргенің – менің ұлым емес. Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес.
Идеясы: Тілді сақтау, ана тілге деген құрмет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет