Сиыр жоңыршқа туысы (вика немесе горошок- Vicia)
150-дей түрі бар, бұрынғы БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулeрі арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді.
Егістік сиыржоңыршқа пішен дайындау және дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңыршқа біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қара бидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол бұрынғы БОР-дың европалық бөлігінде Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлық жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңыршқа, ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржоңыршқа өседі.
Асбұршақ туысы (горох-Pisum). Түрлерінің саны әлі кунге дейін толық дәлелденбеген. БОР дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп тұрады.
Егістік асбұршағы (горох - P. sativum). Біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түрі дала абұршағына жақын, шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.
Беде туысы (клевер- Trifolium). Түрлерінің саны 300-дей БОР-дың флорасында 65-түрі, ал Қазақстанда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1-3 дәнді қақырайтын боб, әдетте екі ерінді немесе қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.
Фасоль туысы ( Phaseoius). Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарында өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары үш құлақ қүрдеді болып келеді. Күлте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр қызыл және сия көк түсті болып келеді. БОР-дың териториясында 20-дай түрі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде және сәндік өсімдіктері ботаникалық бақтар да, парктерде, скверлерде өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |