Кәдімгі фасоль (фасоль - Ph.vulgaris). Көкөніс дақылы, Солтүстік жақта Санкт- Петербургке дейін жетеді. Отжалынды-қызыл фасоль өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік, гүлі ашық-қызыл түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады.
Соя туысы (Glycine). Туыстың құрамында 40-тай түрі бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның және Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың территориясында тек бір ғана Уссурий соясы деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызды жығынан ең қажеттісі түкті соя деп аталатын түрі. Ол биіктігі 30-50 см болатын біржылдық шөптесін өсімдік жапырағы үшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып тұрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дәндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10млн.га асады. Бір тонна дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған ұн алынады. Дәнінің құрамында 36 %- дейін белок болады. Сабағы мен жапырағын жас балауса түрінде де, кептіріпте және силос түріде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Соядан әр түрлі тағамдар дайындайды: сүт, май, айран, қаймақ, сүзбе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер үшін арнайы печенье, кофе, шокалад және т.б. Сонымен бірге соядан пластмаст, фанер жасауға қажетті клей және т.б да заттарды жасауға керекті шикізат алады.
Сәйкестендіру
Раушангүлділер-Р
Бұршақ тұқымдастар-Б
|
Жемісі
|
Дұрыс жауап
| - Алмұрт
- Құлпынай
- Асбұршақ
- Шабдалы
- Жержаңғақ
- Беде
- Соя
- Шыршай
| - Бұршаққын
- Бұршаққап
- Құрғақ kөп жаңғақшалы
- Құрғақ
- Шырынды жидек
- Сүйекті шырынды
- жидек
|
1.
|
Достарыңызбен бөлісу: |