Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет3/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#124972
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Физиологиялық (функционалды) антогонизм- жасушалар мен мүшелердің қызметіне әр бағытта әсер беретін дәрілік заттардың әсерлесуі. Физиологиялық антогонизм 2- ге бөлінеді: тікелей емес және тікелей.

  • Тікелей емес антогонизм- әр түрлі жасушаларға әсер ету нәтижесі (адреномиметик адреналин) нұрлы қабақтың радиалды бұлшық еттік жиыру нәтижесінде қарашықты кеңітеді);

  • Тіке антогонизм- бір жасушаға әсер ету нәтижесінде бәсекелес емес антогонизм дәрілік заттардың әр түрлі циторецепторларменбайланысуының нәтижесінде пайда болады, бәсекелес антогонизм- бір циторецептордың агонистері мен антогонистері арасында пайда болады. Бәсекелес емес антогонизм мысалы, тегіс бұлшық еттің Н1 рецепторын қоздырушы гистаминнің әсерінен бронхтардың тарылуы және β-адреномиметиктер әсерінен бронхтардың кеңуі; ацетилхолинэстераза блокаторлары мен холинорецепторлар блокаторлары арасындағы антогонизм бәсекелес антогонистер болып М- холиномиметик пилокарпин және М- холиноблокатор атропин болады. α-адреномиметик норадреналин және α-адреноблокатор фентоламин, гистамин және Н2 рецепторлар блокаторы- ранитидин.

Синерго – антогонизмі - дегеніміз комбинацияланған дәрілік заттардың бір әсерлері күшейіп, келесі бір әсерлері әлсіреп жатса «Аэрон» таблеткасының құрамындағы снополамин және гиосциалин- құсу орталығының тежеу әсерлері бойынша синергистер болады. Скополамин тыныс орталығын тежейді, ол гиосциалин оны белсендіреді.

Дәрілік заттың әсерінің дозаға тәуелділігі

Тәжірбиелік фармакологияда дозаны белгілеу мақсатында альтернативті және градирленген жүйені қолданады. Альтернативті жүйеде дәрілік заттар фармакологиялық әсерлер берген жануарлар санын процентпен белгілейді. Градирленген жүйеде дәрілердің әсерлерінің өзгеру дәрежесін дозаға тәуелділікте белгілейді. Мәселен, альтернативті жүйеде ЭД50 әсерлі дозасы 50% жануарларда әсер беретін дозаны білдіреді, ал градирленген жүйеде бұл 50%- ға тең максимальды мүмкін болатын және фармакологиялық реакцияны қамтамассыз ететін дозаны білдіреді. Барлық дәрілік заттардың терапевтік, токсикалық және леталды (өлім) дозалары бар.



Терапевтік дозалар:

  • Минимальды терапевтік доза- дәрілік заттың терапевтік әсер беретін аз мөлшері;

  • Орта терапевтік доза- көптеген науқастардағы дәрілік заттың профилактикалық (алдын- алу) немесе емдік әсер беретін дозасы;

  • Максимальды терапевтік доза- улы әсер көрсетпейтін дәрілік заттың көп мөлшері.

Улы дозалар:

  • Минимальды улы доза-10% зерттеулерде байқалатын аздаған интоксикация симптомдарын немесе улануды беретін доза;

  • Орта улы доза- 50% зерттеулерде байқалатын орташа ауырлық дәрежесінде интоксикацияны немесе улануды білдіретін дәрінің дозасы;

  • Максимальды улы доза- 100% зерттеулерде байқалатын ауыр дәрежедегі интоксикацияны білдіретін доза, бірақ мұндай дозада өлім байқалмайды.

Өлім дозалары:

  • Минимальды өлім дозасы (ДЛ10)-10% зерттеулерде байқалатын өлімге апаратын доза;

  • Орта өлім дозасы (ДЛ50)-50% зерттеулерде байқалатын өлімге апаратын доза;

  • Максимальды өлім дозасы (ДЛ100)- барлық уланған жануарларды өлтіретін доза.

Тәжірибеде терапевтік, улы және леталды дәрі дозаларын математикалық есептің көмегімен есептейді. А және Б тізіміндегі препараттардың бір реттік және тәуліктік дозалары бар. Дәрілердің терапевтік әсерлерінің ауқымы- бұл орта және максимальды терапевтік дозалар арасындағы диапазон. Терапевтік индекс- ЭД50 әсерлі дозасының ДЛ50 өлім дозасына ара қатынасы. Тез арада терапевтік әсерге жету үшін дәрілік заттарды, мәселен, антибиотиктерді, сульфаниламидтерді соққы дозаларында тағайындайды. Кумуляцияға бейім препараттарды бір қалыпты дозаларда қолданады. Педиатрия тәжірибесінде дәрілік заттарды сәбидің денесінің массасына сәйкестеп дозаны есептейді. Дәрілік заттың әсерінің дозаға тәуелділігі тек қана сандық қана емес сапалық болады. Мәселен, ацетилхолин аз дозада М- холинорецепторларды қоздырады, 10 есе көп дозада Н- холинорецепторларын да қоздырады. Натрий оксибутираты аз дозаларда ауырсынуды басатын, тыныштандыратын әсерлер берсе, орта дозаларда- құрысуға қарсы және ұйқы шақыратын әсерлер, ал үлкен дозаларда- наркоз әсерін береді.

Фармакотерапияның түрлері:

  • Этиотропты терапия- аурудың себептерін жою; инфекция ауруларында микробқа қарсы, вирусқа қарсы және паразитттерге қарсы дәрілерді қолдану, улануда антидоттарды қолдану;

  • Патогенетикалық терапия- аурудың патогенетикалық механизмдеріне әсер ету; артерия гипертензиясында гипертензияға қарсы дәрілер, жүрек жетімсіздігінде жүрек гликозидтері, ревматизмде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады, психикалық ауытқуларда психотропты дәрілер қолданылады;

  • Симптомды терапия- аурудың жеке белгілерін азайту немесе жою; ауырсынуды басатын және ыстықты түсіретін дәрілерді қолдану;

  • Алмастырушы терапия- ағзадағы табиғи метаболиттердің жетімсіз мөлшерін толықтыру; дәрумендерді, гормондық, ферменттік дәрілерді; йод тұздарын, фторды, темірді, кальцийді қолдану.

4. Иллюстрациялы материалдар

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.



6. Қорытынды сұрақтары:

1. Дәрілердің сыйымсыздығы

2. Фармакологиялық және фармацевтикалық сыйымсыздық

3. Дәрілердің коммуляциясы

4. Тахифилаксия

5. Кұмартушылық

6. Берілу синдромы

7. Доғару синдромы

8.Сенсибилизация

9.Синергизм, Антоганизм


Кредит № 1

Дәріс №4



1. Тақырыбы: Дәрілерді қолданудың жасты ерекшеліктері

2. Мақсаты. Студенттерді дәрілерді қолданудың жасты ерекшеліктерімен таныстыру

3. Дәріс тезистері.

Дәрілерге сезімталдық жасқа байланысты өзгереді. Осыған байланысты перинатальды фармакология деген атау бөлінді, ол ұрықтың 24 аптасынан туғанға дейінгі және жаңа туған нәрестелерге (4 аптаға дейін) дәрілердің әсерлерінің ерекшеліктерін зерттейді.

Бала ағзасына заттар әсерлерінің ерекшеліктерін зерттеумен айналысатын фармакологияның аймағын педиатриялық фармакология деп аталады.

Қарт жастағы адамдарда дәрілердің қолдану және әсер ету ерекшеліктерін гериатриялық фармакология зерттейді.



Биотрансформация нәтижесінде дәрілік заттардың химиялық құрылысы ғана емес олардың белсенділігі де өзгереді және дәрілік заттар ферменттердің атқаратын қызметтері мен олардың метаболизміне әсерін тигізеді. Индукторлар биотрансформацияны жылдамдатады, ал тежеуіштер биотрансформацияны бәсеңдетеді. Қазіргі уақытта индукторға тән қасиеттері бар 300- ден астам дәрілер белгілі, олар ұзақ жартылай элиминация кезеңі бар майда ерігіш заттар- фенобарбитал, эпилепсияға қарсы препараттар (бензонал, дифенин, карбамазепин), транквилизаторлар, глюкокортикоидтар, анаболикалық стероидтар, тестостерон, антибиотиктер (гризеофульвин, рифампиуин). Тежеуіш қатарына сарымсақ фитонуиді- аллилсульфид жатады.Фенобарбитал типтегі тежеуіштер (эпилепсияға қарсы дәрілер, транквилизаторлар, нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың, ферменттер мен жарғақшалық фосфолипидтердің түзілісін жоғарылатады, эндоплазмалық ретикулум жарғақшасының пролиферациясын тудырады және лизосомаларды тұрақтандырады. Полициклды көмірсутектер типті индукторлар эндоплазматикалық ретикулумының құрамдас бөліктерін көбейтпейді. Индукторлар Р450 цитохромының изоферменттерінің түзілуін стимуляциялайды, мысалы эпилепсияға қарсы дәрілер, глюкокортикоидтар және рифампицин 3А4 изферментінің белсенділігін күшейтеді (7- кесте, №3 лекция). Конъюгация ферменттері- глюкуронин- трансфераза және глютатион-S- трансфераза индукцияға ұшырайды. Тежеуіштердің әсерімен биотрансформацияның жылдамдығы 2-4 есе өседі. Индукторлар улы эндогенді заттар және ксенобиотиктердің биотрансформациясын жылдамдату үшін қолданылады. Индукторлардың емдік тағайындау көрсеткіштері төмендегілер:

  • Резус - конфликт (глюкурнилтрансферазаның белсенділігі күшейеді, бұл билирубиннің глюкурнилденуін жоғарылатады;

  • Тұқым қуалаушы гипербилирубинемиялар, яғни бұл кезде қанға бос липофильді билирубин бөлінеді, ол орталық жүйке жүйесіне улы әсер етеді;

  • Гипервитаминоз Д, тиретоксикоз, гиперкортицизм (синдром Кушинга), эндогенді интоксикациялар (бүйрек жетімсіздігі, жарақаттар, өткір ішек өтімсіздігі, сепсис);

  • Аллергиялық аурулар;

  • Ксенобиотиктермен созылмалы уланулар, наркомания;

  • Жүрек жетімсіздігі мен операция кезіндегі бауырдың ишемиясы.

Индукторларды қолданғанда олардың кері әсерлерін есепке алу керек. Фенобарбитал ұрықта және сәбилерде жыныс гормондарын төмендетеді, жыныстық жетілуді кешеуілдетеді және мидың қалыптасу процессін бұзады. Индукцияны кері әсерлері- эндогенді заттардың (Д,К витаминдері, фолий қышқылы, стероидты гормондар) метаболизмін жылдамдату. Фенобарбитал және дифенин препараттарымен ұзақ уақыт емделген науқастарда, эпилепсиямен ауыратын ауруларда, балаларда рахиттің белгілері болған. Р450 цитохромның тежеуіштері улы метаболиттердің өнімін стимулдауы мүмкін. Бұл жағдай гепатоциттердің жарғақшалары және ағзаның басқа да жасушаларын бос радикалдармен зақымдайды. Нәтижесінде майлардың перекисті тотығуы белсене түседі, неоантигендер пайда болады және мутагенез және канцергенез күшейе түседі. Ингибиторлар метаболизм ферменттерінің белсенділігін қайтымды немесе қайтымсыз төмендетуі мүмкін. Р450 цитохромның және глюкуронилтрансфераза тежеуіштері қасиеті антидепрессанттарда, аритмияға қарсы дәрі хинидинде, Н2 рецепторларының блокаторлары гистамин, циметидинде, әйел жыныс гормондарының препарттары, гормонды ұрықтануға қарсы дәрілер, ісікке қарсы препараттар, фторхинолондар, антибиотиктер, левомицетин, эритромицин, кларитромицин. Грейпфрут сөгінің флавоноидтары Р450 3А4 цитохромын тежейді. Грейпфрут сөгінің 1 стаканы нифидипин клиренсін 2 есе төмендетеді, соның нәтижесінде артериалды гипотензия және тахикардия болады. Антихолиноэстеразды дәрілер псевдохолин- эстеразаның белсенділігін төмендетіп, жергілікті анестетиктердің (новокаин, дикоинның) және басқа да күрделі эфирлердің фармакологиялық әсерін күшейтеді. Альдегиддегидрогеназа тежеуіші тетурам сірке альдегидінің токсикалық әсерін ұзартады. Бұл әсері созылмалы алкоголизмнің сенсибилизацияланған терапияда қолданылады.

Метаболизімінің ферменттерін тежеу терапиядағы асқынулардың себептердің болуы мүмкін. Циметидин, тікелей емес әсерлі антикоагулянттардың инактивациясын бәсеңдетіп, қан ағу мүмкінділігін жоғарылатады. Левомицетин қант диабетімен ауыратын науқастарда,яғни олар глибенкламид препараттарын қабылдаған жағдайда гипогликемияны күшейтеді. Ксантиноксидаза блокаторы аллопуринол азатиопирин және меркаптопуринмен болатын ауыр интоксикацияға алып келеді.



Энзимопатиялардағы дәрілік заттардың әсерлері және биотрансформациясы

Энзимопатияның 2 түрін ажыратады: айқын және жасырын энзимопатиялар. Айқын энзимопатияда дәрілік заттарды қабылдаудан тыс фармакокинетика мен фармакодинамикада өзгерістер және ағзадағы биохимиялық процестердің бұзылыстары байқалады. Жасырын энзимопатияда ағзадағы бұзылыстары байқалады. Терапевтік дозаларды қолданған дәрілік заттарға болатын атиптік реакция идиосинкразия деп аталады (грекше os- өзіндік,syncrasis- араласу). Айқын тұқым қуалаушылық ақауға глюкоза -6-фосфатдегидрогеназаның жетімсіздігі жатады. Аталған ферменттің 150-ге жуық атиптік түрлері белгілі. Аталған ақаумен 200 млн. адам ауырады, 1%- тен астам халық Азербайжанда, Тәжікістанда, араб елдерінде, Пәкістанда, Туркияда, Үндіқытайда, Индияда, Оңтүстік Америкада аталған ақаудан зардап шегеді. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа пентазофосфатты ұштасымды католиздейді, бұл реакцияның эритроциттердің қалыпты қызметі үшін маңызы зор. Бұл циклда НАДФ·Н құрылады, НАДФ·Н глютатионның (антиперекисті қорғаныс факторы) және метгемоглобиннің қалпына келуіне қатысады. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жеткіліксіздігінде эритроциттермен тасымалданатын күшті тотықтырғыш қасиеті бар дәріні қабылдау ауқымды гемориз және гемолитикалық криздің дамуына алып келеді. Қауіпті препарттар қатарына кейбір жергілікті анестетиктер, ацетилсалицил қышқылы, парацетамол, нитрофупандар, сульфаниламидтер, мамерияға қарсы дәрілер хинин, хлорохин және примахин, левомицитин, метилен көгі, синтетикалық витамин К (викасол) кіреді. Конский боб В- гликозидтерінің гидролизінің өнімдері- вицин және конвицин де тура жоғарыдағы препараттар тәрізді әсер етеді. Адамдардағы глюкоза-6- фосфатдегидргеназасының жетіспеушілігінен және конский бобты қолданғанда болатын гемолитикалық күй фавизм деп аталады. Ауру кенеттен басталады. Науқаста қалтырау, әлсіздік, ұйқышылдық, коллапс пайда болады, эритроциттер саны азаяды, билирубиннің пайда болуы нәтижесінде сарғаю дамиды.



Жарғақтың тосқауылы және матриксті қызметтері

Егер адамдарда глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіз болса, олар күшті тотықтырғыш қасиеті бар дәрілік заттарды қабылдамаулары керек. Науқастар тағамдық рационнан қызыл қарақатты, конский бобты шығарып тастау керек, нафталинмен байланыспауға тырысу керек. Каталазаның жетімсіздігінде асқын тотықтың бейтараптануы бұзылады. Аталған айқын энзимопатия қызыл иектің рецидивті жаралануы мен атрофиясымен, ауыз қуысының және мұрын жұтқыншақтың гангренасымен, тістердің түсуімен білінеді. Ең бірінші рет акаталазияны япон отоларингологы Такахара жазған. 11 жастағы қызда ауыз қуысын сутектің асқын тотығымен шайған соң молекулалық оттектің көпіршіктері пайда болған жоқ, ал қанның түсі қоңыр- қара түсті болды. Акаталазиямен ауыратын науқастар этил спиртінің тотығу жылдамдығының азаюынан алкоголды ішімдіктерге жоғары сезімталдық қасиетке ие. Керісінше метил спиртімен уланғанда ағзадағы бұзылыстар аз байқалады, себебі метанолдың формальдегидке айналуы баяулайды. Жасырын энзимопатияға қандағы псевдохолинэстеразаның ақауы жатады. Бұл фермент гликопротеиннен тұрады және күрделі эфирлердің (миорелаксант дитилин, жергілікті анестетиктер кокаин, новокаин, дикаин, анестезин) гидролизін католиздейді. Атипті псевдохолинэстераза дитилинді баяу гидролиздейді, сондықтан бұл миорелаксанттың әсерінен тыныс бұлшықеттерінің салдануы және тыныстың тоқтауы 6-8 минуттан 2-3 сағатқа дейін созылады. Атипті псевдохолинэстеразаның тұқым қуалауы рецессивті түрде жүреді. Атипті псевдохолинэстеразаны хирургиялық операциялар кезінде дитилинді қолдана отырып анықтайды. Өзіндік тыныс алу болмаған жағдайда бұл миорелаксанттың әсер ету мерзімінен соң қандағы псевдохолинэстеразаның белсенділігін анықтайды және өкпенің жасанды вентиляциясын ары қарай жалғастырады. Науқастың көк тамырына қалыпты ферменттің белсенділігі бар донор қанын немесе псевдохолинэстераза препаратын енгізеді.



4. Иллюстрациялы материалдар

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.



6. Қорытынды сұрақтары:

1. Жас балаларға дәрі қолданудың ерекшіліктері

2. Қәрия кісілерге дәрі қолданудың ерекшіліктері

3. Жүктілі әйелдерге дәрі қолданудың ерекшіліктері

4. Емізілу әйелдерге дәрі қолданудың ерекшіліктері

5. Фармакогенетиканың міндеттері



Кредит № 1

Дәріс №5


1. Тақырыбы: Науқастарда дәрілерді қолданудың тиімділігімен қауіпсіздігін бағалаудың жалпы принциптері.

2. Мақсаты. Студенттерді науқастарда дәрілерді қолданудың тиімділігімен қауіпсіздігін бағалаудың жалпы принциптерімен таныстыру

3. Дәріс тезистері.

Күнделікті дәрігердің практикасында қолдануға 1000-20000 дәрілердің қол-жетерлігіне қарамастан дәрігер 25-50 препараттарды белгілеумен негізінен шектеледі. Нарықтағы дәрілердің шамамен 70% өмірлік маңыздылар санына жатады. Олардың белсенді аналогтары бар. Дәрілерді таңдауды жеңілдетуге формулярлы жүйе көмек береді, оның негізінде мемлекеттің қолдауымен қолданатын қолжетерлік формулярлы анықтамаларды әр уақытта баспаға щығару жатыр.

Дәрілердің таңдауына бірқатар субъективті факторлар әсер етеді: дәрігердің тәжірибесімен дағдылары, дәл ақпараттың бар немесе жоқ болуы, фармацевтикалық компаниялардың жарнамалары, үлкен адамдардың ойлары, дәрілердің бағасымен қолжетерлігі, сонымен бірге пациенттің емге деген ынтасы .

Дәрілерді қолдану жөніндегі ақпараттың сапасы препарататтың өзінің сапасы секілді маңызды.

Дәрілерді таңдауды жеңілдетуге формулярлы жүйк көмек береді. Оның негізінде авторитетті кәсіби қоғамдар немесе мемлекеттің қолдауымен қолданатын қолжетерлік уақытысымен шығатын баспалар жатыр.

Формулярлы жүйе – бар ресустарды оптимальды қолдану және медициналық көмекпен максимальды жоғары сапада қамтамасыз ету мақсатында дәрілерді қолданумен қамту үнемді әдістерін қолдануды қамтамасыз ететін денсаулықсақтаудағы басқару әдістемелерінің кешені.

Формулярлы жүйені қолданудың тиімділігі: қауіпсіз және әсері жоқ дәрілерді алып тастау болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет