Аяқ- қолдарды ең барынша бүгіп, бекіту
Техникасы қан кетудің орналасуына байланысты болады. (5 сурет).
5 сурет. Аяқ-қолдарды бүгу арқылы қан тоқтату дістері
Білек, алақан-шынтақ буынын алдыңғы бетіне пелот қойып шамасы жеткенге дейін бүгеміз.
Балтыр, табан-тізе асты аймағына пелот қойып, тізе буынында шамасы жеткенге дейін бүгеміз.
Сан-шап аймағына алдын-ала пелот қойып, жамбас-сан буыны мен тізе буынында шамасы жеткенге дейін бүгіп, ішке бекітеміз.
Жараға ауыр салмақ немесе суық мұз салынған ыдыс қою арқылы гемостаз қалыптастыру
Көрсеткіштер: операциядан кейінгі жарада тінаралық қан құйылуды алдын-алу мақсатында.
Түзілген гематома іріңдеуі мүмкін, сонымен қоса, операциядан кейінгі жараның жиектерінің бір-бірімен бітісуіне кедергі болатын «өлі кеңістіктер» түзеді.
Техникасы: ауыр салмақ (құм салынған қап) немесе мұз салынған қапты науқас операциядан палатаға ауысып келген сәттен бастап, операция-лық жараның үстіндегі таңғыштың үстіне 1-2 сағатқа қояды. Мұз салынған қапшық әрбір 15 минут сайын 30 минутқа алынып отырады.
Сонымен қоса, мұз салынған қапшықты жұмсақ тіндердің жарақатында гематомалардың алдын- алу үшін де қолдануға болады.
Теріге тігіс салу және ағыту
Көрсеткіштері: іріңдеу белгісі жоқ жараның болуы.
Орындалу техникасы:
Теріге тігіс салар алдында жараның тереңдігін, ұзақтығын, жара жиегінің ажырау көлемін ескеру қажет.
Теріні тескіш инемен тіккен абзал, тіпті «revers cutting» инесін қолдану өте ыңғайлы екені жиі айтылады. Бұл ине тескен кезде, ұшы жараның түбіне қараған үшбұрыш жасай тесіледі. Осылай тесілген тесік жіпті жақсы ұстап тұрады. Тесу және тесіп шығу тесігі бір сызықтың бойында, жараға перпендикулярлы бағытта, жара жиегінен 0,5-1 см қашықттықта салынады. Инені эпителальды қабатта жараның жиегінен бастап, ары қарай инені қисайта отырып, тері асты май қабатын және жарадан ары қарай алыстай отырып, басқа да қабаттарын теседі. Жараның белгілі бір көлеміне жеткен кезде жараның түбіне ала отырып, инені қарама- қарсы жаққа бұрады. Ине жараның қарсы бетіндегі қабаттарын симметриялық түрде алып, бірдей көлемдегі тіндерді қамтуы тиіс. Тігістер арасындағы қашықтық 1,5-2 см болуы тиіс. Жиі салынған тігістер тігіс салынған аймақта қанайналым бұзылысына, ал сирек салынған тігістер жара жиектерінің бітісуіне кедергі болады. Терінің бұралып кетпесі үшін, тері асты қабаттарын «көп» көлемде алуы керек. Түйінді жараның жиектері бір- біріне жақындағанға дейін ғана қатты емес қылып байлайды, себебі түйінді қатты байлау терінің трофикасын бұзып, дөрекі тыртықтардың қалыптасуына әкеледі. Сонымен қоса, осындай дөрекі тыртықтардың алу мақсатында бұл түйіндерді ертерек шешу керек, (операциядан кейінгі 3-5 тәулікте). Түйінді жараның дәл үстінен емес, иненің кірген немесе шыққан жерінде байлау керек.
Қалыңдықтары бірдей емес жара жиектерін жақындатқан кезде, бірінші жұқа қабатты тігеді. Иненің тескен және тесіп шыққан тесігі тері асты май қабатына бірдей қашықтықта жүргізіледі.
Жараның жиегін бір- біріне жақындастыру қиындық туғызса, көлденең П- тәрізді тігісті қолдануға болады. Терең жараға қарапайым түйінді тігіс салғанда арасында қуыс қалуы мүмкін. Бұл қуыста жараның бөліністері жиналып, кейін іріңдеуі мүмкін. Осының алдын-алу үшін, жараны қабат-қабатымен тігуге болады. Жараны қабат-қабатымен тіккен кезде түйінді немесе үздіксіз тігісті де қолдануға болады. Жараны қабат-қабатымен тігумен қоса, вертикальды матрасты тігісті (Донатти) қолдануға болады. Бұл кезде, иненің тесігі жара жиегінен 2 см немес оданда көп қашықтықта жара түбін толығымен алатындай етіп салынады. Иненің шығу тесігі қарама- қарсы жақтың тура осындай қашықтығынан шығады. Ине қарсы жаққа тескенде тесу және шығу тесігі жараның жиегінен 0,5 см қашықтықта, тек терінің меншікті қабатын ғана алынап жасалады. Терең жараға тігіс салғанда түйінді байлауды барлық тігістерді салып болғаннан кейін ғана жасаған абзал, себебі, бұл терең жарадағы манипуляцияны жеңілдетеді. Донатти тігісі жара жиегінің үлкен көлемде ажырауларында да көмектеседі.
Үздіксіз тері ішілік косметикалық тігістер салғанда нәзік тыртықтар қалыптасады. Бұл тігістің ерекшелігі басқа тігістерге қарағанда жара жиектерінің жақсы бітісуін қалыптастырады, жергілікті микроқанайлымды бұзбайды, жақсы көркемдік нәтиже береді. Тігіс жібі тері қабатының өзінде және тері беткейіне параллельді өтіледі.
6 сурет. Донатти тігісі: а – тігістер салынған; б- жіптері байланған
Бұл тігіс түрінде жіпті тартуға ыңғайлы болуы үшін, монофиламентті жіп қолданған абзалырақ. Жиі сорылып кететін биосин, монокрил, полисорб, дексон, викрил жіптері қолданылады. Сорылмайтын жіптердің ішінен моно-филаментті полиамид және полипропилен қолданады. Егер сіз полифила-ментті жіп қолданса, онда әрбір 6-8 см сайын теріге шығып байлануы керек. Келесі жолы жіпті осы әрбір байланған жерлер арқылы бөлшектеніп алынады.
Теріге метал қысқыштары арқылы тігіс салу. Металды қысқыш косме-тикалық тігіспен салыстырғанда жақсы көркемдік нәтиже береді. Қысқышты жараға салғанда қысқыштың арқасы жара бетінде қалады. Жара бітісіп, астындағы тіндердің көлемі үлкейгенмен қысқыш тіндерді қыспайды және тігістен кейінгі көлденең жолақ пайда болмайды (жіппен салыстыр-ғанда).
Түйінді байлау. Хирургиялық түйін салуға қойылатын талаптар:
Жіпті бекітуге жеткілікті түйін қолдану қажет.
Түйінді қатты байламау керек, себебі түйінді қатты байлау тіндердің өліеттенуіне әкеледі. Сонымен қоса, түйінді байлағанда тіндерді тартпай байлаған абзал.
Жіптерді қатты тартып, оны үзіп алмау керек.
Түйін салынатын жердегі жіпті немесе түйінді қысқышпен ұстауға болмайды. әсіресе, монофиламентті жіптермен жұмыс істегенде есте сақтаған жөн.
Түйінді жіп жылжуы тоқтағанға шейін тарту керек. Сонымен қоса, бұл кезде жіпті бақылап тұру үшін сұқ сауқасты пайдаланған жөн
Түйінді байлау кезінде жіпті босатуға немесе жіберуге болмайды, себебі бұл түйіннің бос байлануына әкеледі.
Тіккенде минимальды қажетті түйіндер салған абзал. Кез- келген артық түйін мықтылықты арттырмайды, керсінше бөгде дене болып саналады. Полифиламентті жіптер үшін түйіндер саны-4, ал монофиламентті жіптер үшін түйіндер саны-6 болу керек.
Түйіндерді кесу. Полифиламентті жіп қолданған 3мм ұш қалдырылса, ал монофиламентті жіптер үшін 5 мм- дем кем болмауы қажет. Артық ұштың қалдырылуы тек бөгде дене салмағын арттырады.
Тігістерді ағыту. Тігістерді 3 – 10 күннен кейін, науқастың жасына және жалпы жағдайына, жара көлеміне және орналасқан орнына байланысты ағытады. Тілік орнын антисептик ертіндісімен өңдейді. Анатомиялық пинцетпен жіптің ұшынан жара түбіндегі бөлігі көрінгенге дейін тартады, бір жағынан қайшымен кесіп, пинцетпен суырып алады.
Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу
Көрсеткіштер: жараның болуы, жараның инфекциялануының алдын-алу.
Қарсы көрсеткіштер: агональды қалыптағы науқас, түзетуді қажет ететін терминальды жағдайлар.
Асқынулары: анестетиктерге жоғары сезімталды, жараның инфекция-лануы, қан кетулер, тігістің тұрақсыздығы, тамыр-жүйке шоғырының зақымдалуы.
Жараны алғашқы хирургиялық өңдегенде келесі кезеңдерді ескерген жөн:
Жараны хирургиялық тазалау. Операция таза операциялық бөлмеде, жақсы жансызданған жағдайда жасалуы тиіс. Жара маңайын жуып тазалау маңызы жағынан операцияға жақын келеді және жараның инфицирленуінің алдын алуда маңызы зор. Теріні тазалаған кезде жуылған сұйықтық жараға түcіп кетпейтіндей етіп, өте мұқият болу керек. Өліеттенген және мыжылған тіндер, сонымен қоса, жарадағы бөгде денелер алынып тасталынады. Өте сақтықпен жара қалташалары жуылады, қажет болса олар кесіліп ашылады. Жараның жиектерін сау тіндердің деңгейінде 2-3 мм қашықтықта кесіп алып тастайды.
7- сурет. Жараның алғашқы хирургиялық өңдеуі
Жараны қосымша кесу. Жараны толығымен қарап, тексеру үшін жараны қосымша кесуге тура келеді. Жараны кескен кезде жара өзегінің көлеміне, сонымен қоса, тамыр-жүйке шоғырының орналасуына көңіл аударады.
Гемостаз. Қанап тұрған тамырды байлу немесе күйдіру арқылы іске асады.
Бұзылған анатомиялық қатынасты қалпына келтіру. Бұзылған құрылымның сипатына және дәрежесіне байланысты әр жағдайда әрқилы таңдалады (жүйкелер, сіңір, тамырлар, сүйектер, бұлшықеттер).
Жараны тігу кезінде I Litman жарақат алу мерзіміне қарай келесі талаптарды ұстануды ұсынады:
-
жарақат алған сәттен 6 сағаттан 12 сағатқа дейін – жараны дренирлеп, жіпті тартып байламай тігіс салу
-
12 сағаттан артық – жараның жиектерін кесіп, жараны дренирлеу және біріншілік тігіс салу
-
24 сағаттан артық-жара жиегін кесу, емдеу жоспары ашық әдіспен жүргізіледі.
Жараны біріншілік кешіктірілген жабу - егер алғашқы хирургиялық өңдеу жасалған жарада жарақат алған сәттен бастап 4-5 күн өткеннен кейін қабыну үрдісі байқалмаған болса ғана жасалады.
Жараны екіншілік жабу – жарадағы қабыну үрдісін жойып, грануляция тіндері пайда болған кезде ғана жасалады.
Жараны дренирлеу. Хирургиялық өңдеудің бір кезеңі және іріңді инфицирленудің алдын-алу бағыты болып табылады. Үлкен және терең жараларда негізгі, сонымен қатар қосымша тілік (контрапертура) арқылы енгізеді.
Новокаинды бөгеу
Вишневский бойынша мойындық вагосимпатикалық бөгеу.
Көрсеткіштер: кеуде клеткасының жарақаты, торакальды және торако-абдоминальды жарақаттар, плеврапульмональды шоктың алдын-алу, өкпе мен өңешке плевра арқылы операциялар жасауда, қалқанша безіне операция жасағанда, шок, ми шайқалысында, операциядан кейінгі пневмония, асқазан-ға операция жасағаннан кейі пайда болған ықылықта, өкпенің жедел ісінуінде.
Қарсы көрсеткіштері: жас балаларға, психикалық ауытқулары бар нау-қастарға, вагосимпатикалық бөгеуді екі жақтан бірдей бір мезгілде жасауға болмайды, тері жамылғысының өзгерісінде, бөгеу жасалатын жердегі тері аурулары, анестетикке жоғары сезімталдық.
Орындалу техникасы:
Науқасты шалқасынан жатқызып, жауырын астына жастықша қояды. Науқастың басын дәрігерге қарсы жаққа барынша бұрады, дәрігер жақтағы қолдарын төмен түсіреді. Ине шаншу нүктесі болып, изеу бұлшықетінің артқы бетімен мойындырық венасының қиылысқан жері болып табылады. Сол жақ сұқ саусақпен осы жердегі мойынның терең тамырларын жыл-жытып, бірінші «лимон қабыршағын» жасайды. Сосын ұзын инемен теріні теседі және тереңге енгізе отырып, сәл жоғары көтереді. С6 омыртқасының көлденең өсіндісіне тірелгенге дейін енгізіп, 0,25% новокаин ертіндісінен 40-60 мл баяу енгізеді. Енгізу кезінде шприцке қан түспегенін бақылап отырады (ұйқы артериясы мен мойындырық венасын жарақаттау қаупі бар). Бөгеттің нәтижелілігін бөгет жасалған жақта Горнер синдромының пайда болуымен бағалаймыз (қарашықтың тарылуы және қабақтың түсуі), сонымен қоса, беті мен конъюнктивасының қызаруы болады.
8- сурет. Вагосимпатикалық новокаинды бөгеу жасау техникасы.
а- терідегі ине шаншу нүктесі, б- жансыздандыру ертіндісінің жайғасу орны, в- бөгет жасау техникасының сызбасы
Қабырға аралық жүйкелердің бөгеуі
Көрсеткіштері: қабырғалардың сынығы, кеуденің алдыңғы бетіндегі қабыну инфильтраттарының болуы.
Қарсы көрсеткіштері: новокаинды бөгеулердегі жалпы көрсеткіштер, тері жамылғысының өзгерісі, бөгет жасалатын жердегі тері аурулары, анестетикке жоғары сезімталдық, науқастың жалпы ауыр жағдайы.
Т ехникасы: новокаинның 1-2%-дық ертіндісімен жасалады. Ине шаншу қабырға аралығында жасалады, иненің ұшы зақымдалған қабырғаның төменгі қырына тиетіндей етіп, жоғары бағыттай енгізеді де ертіндінің 10 - 20 мл енгізеді және инені әрі қарай қабырғаның артқы бетімен жылжыта отырып, тағы осындай көлемдегі ертіндіні енгізеді. (9- сурет)
9- сурет. Қабырғаарлық жүйкенің новокаиндық бөгеті
Паранефральдық бөгеу
Көрсеткіштері: құрсақ қуысындағы қуысты мүшелердің спастикалық және атониялық жағдайы. Құрсақ қуысындағы қабыну инфильтраты және де шұғыл операцияны қажет етпейтін басқа да жағдайлар, операциядан кейінгі кезеңдегі шектердің салдануы, құрсақ арты кеңістіктің және құрсақ қуысы-ның жарақатынан болған шок, постгемотрансфузиялық шок, жедел холецис-тит, жедел панкреатит, бүйрек шаншымасы және рефлекторлы анурия, арте-риялардың облитерленуші аурулары және аяқтардың трофикалық жаралары, механикалық және динамикалық ішек өтімсіздігі арасындағы ажыратпалы диагностикасында.
Қарсы көрсеткіштері: құрсақ арты кеңістігінің ісіктері, анестетикке жоғары сезімталдық, новокаинды бөгетке қарсы барлық жалпы көрсеткіштер, тері жамылғысының өзгерісі, бөгет аймағында ғы тері аурулары.
Техникасы: науқасты бүйіріне жатқызып, бел аймағына жастықша қоя-мыз. ХІІ қабырға мен арқаның ұзын бұлшықеті аралығында (бұл қолмен ұс-тағанда сезілетін ең жұмсақ аймақ) бұрышты тауып, сол бұрышқа биссек-триса түсіріп, 1,5 см алшақ алып, ұзын жіңішке инемен (12 см) теріге қатаң перпендикулярлы қалыпта енгізеді алдын-ала «лимон қабыршағын» жасай-мыз. Инені енгізе отырып, бір мезетте инедегі ертіндіге қанның түспеуін бақылап отырады. Иненің бүйрек майына түскенінің көрсеткіші болып, но-вокаин ертіндісін енгізудегі қарсы күштің азаюы және ертіндінің кері ағуының тоқтауы болып табылады. Паранефрийге 0,25%-дық новокаин ер-тіндісінен 60-80 мл енгізеді. Көрсеткіштері бойынша бөгетті бір жақтан немесе екі жақтан жасайды. (10 сурет).
10 сурет. Паранефральдық бөгеу.
(а- бөгеу сызбасы, б- науқастың қалпы; 1- ине шаншу нүктесі, 2- ХІІ қабырға, 3- бүйрек,
4- арқаның ұзын бұлшықеті)
Роман – Столяр бойынша белдік новокаиндық бөгеу
Көрсеткіштері: панкреатит, холецистит, динамикалық ішек өтімсіздігі, құрсақ қуысының қуысты мүшелерінің атониялық және спастикалық жағ-дайы, операциядан кейінгі кезеңдегі ішектердің салдануы, аяқтардың облитерленуші аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: құрсақ арты кеңістіктің ісігі, құрсақ арты кеңіс-тігінің қабыну аурулары, новокаинды бөгетке қарсы жалпы көрсеткіштер, тері жамылғысының өзгерісі, бөгеу аймағындағы терілік аурулар.
Болуы мүмкін асқынулар: иненің бүйрек майына өтіп кетуі, бүйректі тесіп алу-инеде қан пайда болады, ішектерді тесіп алу.
Техникасы: науқас бүйіріне жатады немесе отырады. Дәрігер арқа жағынан тұрады. ХІІ қабырға мен арқаның ұзын бұлшықетінің сыртқы бетіне жобалайды. Инені қабырғаға тірелгенге дейін енгізеді, сосын тері және бұлшықетті инесімен қоса, төменге жылжытады, ал ине болса, қабырғадан сырғығандай болады. Инені 3-5мм тереңге енгізіп, 60-100 мл 0,5%-дық новокаинның жылы ертіндісін енгізеді.
11 сурет. Ине шаншу (укол) нүктесі ( Лесгафт- Грюнфельт үшбұрышы)
Бауырдың жұмыр байламының бөгеуі
Көрсеткіштері: жедел холецистит және оның асқыныстары (гепатохо-лецистит, холецистопанкреатит, сарғаю)
Қарсы көрсеткіштер: новокаинды бөгеуге қарсы жалпы көрсеткіштер, бөгеу аймағындағы терілік аурулар, жайылған перитонит, өтқабы маңындағы және бауырастындағы шектелген іріңдіктер.
Бауырдың жұмыр байламына бөгеу салудың 2 әдісі бар.
1-ші әдістің техникасы. Науқас арқасына жатқызылады. Ине шаншу нүктесі болып, іштің орталық сызығы бойымен кіндіктен 4 см жоғары және 2 см оңға қарайғы нүкте табылады (бауырдың жұмыр байламының орналасу кескіні). Теріні тесіп, инені тереңге және жоғары қарай енгізеді, енгізе отырып, новокаин ертіндісін жіберіп отырады. Апоневрозға дейін ине жеңіл қозғалады және ине апаневрозға тірелген кезде аздаған кедергі сезіледі. Осы жерде апоневрозды абайлап тесіп, апоневроз асты кеңістігіне 0,5%- дық новокаинның жылы ертіндісінен 40 – 60 мл енгізеді.
2-ші әдістің техникасы. Кіндіктен жоғары 2 см, сосын оңға қарай 2 см алшақтықта жасаумен ерекшеленеді. (қабырға доғасына перпендикулярлы Linea clavicularis media-ның қиылысындағы нүктені кінідкпен қосқан кезде анықталады). Инені тігінен енгізіп, теріні теседі, бірмезетте новокаин ертін-дісін енгізіп отырады, және теріасты май қабатын, іштің тік бұлшықетінің қынабының алдыңғы және артқы жапырақшасын тесіп, новокаин ертіндісін енгізеді.
(Санның, иықтың) Футлярлы (қалташалы) бөгеуі
Көрсеткіштері: аяқ-қолдың ашық және жабық жарақаты, аяқ-қолдағы қабыну үрдістері, аяқ-қолдардың облитерленуші аурулары, баяу жазылатын жаралар, трофикалық жаралар, улы жыланның шағуы.
Қарсы көрсеткіштері: жүйкелік қозу, созылмалы қалпына келмейтін үрдістер, операция жасауға келмейтін қатерлі ісіктер, науқастың термиальды жағдайы.
Асқынулары: тамырлардың зақымдалуы, айналымдағы қанға жансыз-дандырғыш ертіндіні енгізу, бас ауру, жүрек айну, құсу.
Техникасы: жүйке-тамырлық шоғыр орналасқан жақтан «лимон қабыр-шағын» жасаймыз.кейін сол арқылы сүйекке тірелгенге дейін ұзын жіңішке инені тереңге енгізеді (бірмезгілде новокаин ертіндісін енгізіп отырады) сан үшін 200 мл, ал иық үшін 100 мл 0,25%-дық новокаин ертіндісін енгізеді. Аяқ-қолдың толық бөгеттелуі үшін новокаин ертіндісін қынап қалташасына үш нүктеден енгізеді, сонда инфильтраттар шеңбер бойымен бір- бірімен қосылады.
12 сурет. Қалташалы бөгет техникасы
Лорин – Эпштеин бойынша жатырдың жұмыр байламына немесе
ұрық шылбырына бөгеу салу
Көрсеткіштер: зәр қышқылды диатез, бүйректік шаншу, жедел орхоэпидидимит,орхит, фуникулит.
Қарсы көрсеткіштер: сәйкес жақтағы орнына келмейтін шап жарығы, новокаинді бөгеттерге қарсы жалпы белгілер, тері жамылғысының түсінің өзгеруі, бөгет аймағындағы тері аурулары, жансыздандырғышқа жоғарғы сезімталдылық.
Мүмкін болатын асқыныстар: тамырлардың жарақаттануы
Әдісі. Науқас арқасына жатады. «Лимон қабыршағын» сыртқы шап сақинасында мүйіс үстінен жасайды және клетчаткаға 0,25%-дық 60-80мл новокаин ерітіндісін енгізеді.
Ретромаммарлық бөгеу
Көрсеткіштер: инфильтрация сатысындағы мастит, ашқаннан кейінгі іріңді мастит, сүт безіне жасалатын оперативті ем ( ісікті алып тастау және т.б.) кезіндегі жергілікті жансыздандыру.
Қарсы көрсеткіштер: сүт безінің қатерлі түзілімі.
Ә
Сурет 13. Ретромаммарлық бөгеу
дісі. Науқасты арқасына жатқызады. Сол қолмен сүт безін көтеріп тұрады, қатаң түрде бездің астынан негізінің тұсынан «лимон қабыршағын» жасайды, содан кейін ұзын инені ретромаммарлы кеңістікке енгізе отырып 0,25%-ті 80-100мл новокаин ерітіндісін енгізеді (сурет 13).
Саусақты Оберсту-Лукашевич бойынша өткізгіш жансыздандыру
Көрсеткіштер: саусақтағы күбіртке жөніндегі операциялар, саусақтың жарақаттары, ісіктері.
Асқыныстар: тамыр-жүйке шоғырының зақымдалуы, тіндердің инфицирленуі.
Орындалу әдісі: саусақ негізінде салынған байламнан төменірек саусақтың сыртқы бетінен инемен тесіп, 5 милилитрлі шприцпен 1% новакаин ерітіндісін енгізеді (байлам салу міндетті емес, егер ерітіндінің ішіне адреналин косылган болса). Ерітінді енгізілгеннен кейін осы аймақтың тері және тері астылық клетчаткасы жансыздандырылады. Содан кейін, саусақтың негізгі фалангісінің бүйірлік жақтарына инені кезекпен өткізе отырып, клетчаткаға ерітіндіні енгізеді де, осы жерден өтетін саусақтық жүйкелерді жансыздандырады (сур. 14).
Cурет 14. Оберст-Лукашевич бойынша өткізгіш жансыздандыру.
ТРАХЕОСТОМИЯ
Көрсеткіштер:
-
Үдемелі трахеобронхиальді өткізгіштіктің бұзылысы;
-
Тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы;
-
Фарингеальді және ларингеальді салданулар;
-
Үнемі тыныс алу жолдарында қанды бөліністердің және құсықтың түсуі;
-
Жасанды тыныс алдырудың қажеттілігі;
-
Кез-келген себептен пайда болатын көмей және кеңірдектің жоғарғы бөлімінің өтімсіздігінен дамитын артериальді гипоксемия.
Дайындық. Ұзақ жасанды тыныс алдыру үшін тығыздаушы манжет-касы бар Бъерке түріндегі трахеостомиялық түтікшені қолданады. Сонымен қатар бір тісті өткір және доғал жүзді ілмек, Труссо кеңейткіші қажет. Опера-цияның алдында жоғарғы тыныс алу жолдарын сілекейден тазалап, оттегінің ингаляциясын реттеу керек. Науқастарға операция алдында тыныс алуды тежейтін барбитураттарды беруге болмайды. Науқасты арқасына жатқызып, басын шалқайтады, иығының астына биіктігі 12-15 см жастықша қойылады. Қатаң түрде ортаңғы сызық бойынша тілікті жасалатын сызықты белгілеп, жергілікті жансыздандыруды жасайды.
Техникасы: хирург науқастың оң жағынан тұрады, сол қолдың үлкен және ортаңғы саусақтарымен көмейді бекітеді, ал сұқ саусақты қалқанша және сақина тәрізді сіңірдің арасына қояды және қатаң түрде, қалқанша шеміршегі басталар тұсынан ортаңғы сызық бойымен 4-5 см тілік жасалады. Теріні, тері асты шел қабатын және апоневрозды тіледі, артерия мен веналарды байлайды және кеседі. Әрі қарай ақ сызықтың жабыспасын ажыратады, бұлшық еттерді доғал ілмектермен жылжытады, тіліктің жоғарғы шетінде сақина тәрізді шеміршекті тауып алып, оны өткір ілмекпен алға және жоғарыға тартады, ал төменгі шетінде қалқанша безді жауып жатқан фасцияны көлденең тілікпен тіліп, оны кеңірдектің қабырғасынан жабық жолмен мойныннан бөліп алады да кең доғал ілмекпен төменге қарай жылжытады. Жалаңаштанған кеңірдекке оны тілер алдында 1%-дық 5 мл новокаин ерітіндісін енгізеді, кеңірдекті теседі және бір тісті ілмекпен көтеріп ересек адамдарда екі кеңірдек сақинасын ал балаларда бір кеңірдек сақинасын тіледі. Тілік салынған мезетте тесікке Труссо кеңейткішін енгізеді де оның браншаларының арасына трахеостомиялық түтікшені қояды. Сонымен қатар, кеңірдекке кеңірдектің диаметрінен 1/3 асып кетпейтіндей етп, сопақ сақина етіп тілік салуға болады. Терідегі тілікке 2-3 тігіс салады.
Асқыныстар: Трахеостомиялық канюляны ұзақ қолданғаннан түтік-шенің жылжуы болып қан кетулер болуы мүмкін, операция кезінде кеңір-дектің артқы қабырғасының жарақаттануынан немесе кеңірдектің артқы қабырғасының қажалуынан трахеоэзофагеальді жыланкөз дамуы мүмкін.
ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНЫҢ ПУНКЦИЯСЫ
Көрсеткіштер: Асқазан қуысын тазалау, диагностикалық мақсатпен пневмоперитонеум жасау, асциттік сұйықтықты алу, дәрілік заттарды енгізу.
Қарсы көрсеткіштер: Құрсақ қуысындағы жабыспалы үрдіс, ине шаншу аймағындағы тыртықтар, асцит болмаған кездегі метеоризм.
Асқынулар:
-
Ине шаншу аймағында инфекция.
-
Құрсақ қабырғасындағы қантамырлардың зақымдануы.
-
Құрсақішілік мүшелердің жарақаттануы, эмфизема және ауалы эмбо-лия (қантамырлар зақымданған кезде ауамен бітелуі).
Манипуляцияны сұйықтықты шығару (экссудатты, транссудатты), газ-ды (пневмоперетонеум) және дәрілік заттарды енгізу мақсатымен жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |