Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
10-11-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды.
Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде 25 күн.
Оқу жылы ішінде үш рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде.
Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына 5-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
ӘАОО-ның компоненті – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО өз бетінше айқындайтын оқу пәндердiң тізбесі мен академиялық кредиттердiң тиiстi ең аз көлемi;
әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, білікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі.
базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың жиынтығы;
базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
білім алушының жеке компоненті – жобалау жұмысы арқылы біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі;6) білім беру ұйымының таңдау компоненті – WorldSkills стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру ұйымы анықтайтын модульдер және(немесе) пәндер тізбесі;
демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы шегінде жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;
жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық жұмысы;
жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты пәні және (немесе) модулі үшін ТжКБ ұйымы әзірлейтін құжат;
жұмыс оқу жоспары – ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және
/немесе модульдердің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай- ақ олардың игерілуін бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;
кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
консультация – білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;
кредит – біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;
кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;
міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі;
факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |