Реферат қ. Р-ның әлеуметтік кәсіпкерлік капорациялық қалыптасуы мен дамуы


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ҚАПЛІ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет3/4
Дата22.10.2022
өлшемі97.97 Kb.
#463262
түріРеферат
1   2   3   4
Nurlan3

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ҚАПЛІ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚАЛПЫ
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.
Біз Қазакстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жаткан мемлекеттердің біріне айналлыру туралы алдымызға өршіл мақсат қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру аркылы ғана кол жеткізуге болады, — деп атап керсетті Президент.
Мемлекет басшысы реформалар жүргізілген жылдар ішінде оған барлық қажетті жағдайлардын жасалғанын атап керсетті. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында, тауардың мейілінше тапшы, гиперинфляция мен халыктың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерлікті құру жұмыстары басталды. Ол киын шешімдер кезеңі еді. Экономикада мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарык қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі — қоғамдық пікір де оған қарсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді камтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғыруларды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық каты-настарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойдыКелесі ірі кадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылды. Соның нәтижесінде бүгінде онеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Еллің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайьз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халыктың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір ляцензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымландырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы, “2010-стратегиялық жоспарда” және Қазақстанның 2015 жылға жейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.
Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар жинақталған. Арнайы құрылған даму институттары — Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация. Инжнниринг және технологиялар трансферті орталығы осы жылды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызды. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 миллиард теңгеден асатын 90-ға тарта жоба каржыландырылуда.
2.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ
Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр. Кәсiпкерлiктi қолдаудың және реттеудiң келесiдей түрлерiн атап өтуге болады:

  • Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және реттеу;

  • Инновациялық қолдау және ынталандыру;

  • Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;

  • Құқықтық қолдау және заңдар қабылдау;

  • Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;

  • Салықтық жеңiлдiктер арқылы кәсiпкерлiктiң маңызды салаларын дамыту iс-шаралары жатады.

Осы жоғарыда айтылған кәсiпкерлiк қызметтi қолдау мен ерттеу шараларының iшiндегi қалған бағыттарға да әсер ететiн негiзгi реттеу мен қолдауды, кәсiпкерлiктiң дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мемлекеттiк iс-шаралар жиынтығы болып табылады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттiк бюджетiнен, мемлекеттiк заемдардың, мемлекеттiк ақшалай гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау мен реттеудiң негiзгi бағыттарына:

  • Елде жекешелендiрудi одан ары жүргiзу;

  • Рыноктық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiк қызметтердiң еркiн қызмет етуiне қолайлы ортаны қалыптастыру;

  • Кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылған тәртiбiн белгiлеу;

  • Ұлттық маңызды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;

  • Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;

  • Елдегi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;

  • Өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде отандық кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті кіреді.
Республикадағы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымының келесі сатысы Астана және Алматы, қалалары және облыс әкімдері мен аппараттары. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әкімшілік жанында Кәсіпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған. Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді.).
Кәсіпкерлік және өндірістің облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық Алматы және Астана қ.) өз өкілеттігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен облыстардың әкімшілік аппараттарымен ұсынылған, олардың құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді. Аймақтық атқарушы органдарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске асыру міндеттелген.
Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын кәсіпкерлік инновациялық экономикада өз орнын шұғыл түрде табу үшін рыноктағы шынайылықты, жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап отырғанын түсінуде. Кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жергілікті органдардың әкім аппараттары жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдар кестесі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:

  • шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;

  • атқарушы билік жергілікті және аймақтық органдары үшін ұсыныстар мен кеңестерді жетілдіру.

Кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдары үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:

  • кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды жетілдіру;

  • рынокты экономиканың дамуын ынталандырушы, мүмкіндіктерді жасау;

  • Қазақстан Республикасында жұмыс жасаушы кәсіпкерлік одақтар мен қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;

  • Кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін кеңестерді дайындау.

Президент жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке, парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, затты – техникалық, ақпаратты – сараптамалық,, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда. Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге асады.Жоғарыда көрсетілген қызметтерді атқарушы ұйымдарға төмендегі мемлекеттік компаниялар жатады.
«Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ-ның негізгі мақсаты жаңа технологияларды тасымалдау мақсатымен Қазақстандағы экономиканың нақты салалық секторындағы бәсекелестікті көтеру. Сонымен қатар, республикадағы инновациялық қызметті жандандыру; «Маркетингті-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ Үкіметке мемлекеттік саясатты құру саласында ақпаратты-сараптамалық, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолдау көрсетеді; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ — шағын және орта бизнеске несие беру бойынша қаржы қолдауын жүзеге асырады; «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ — жоспарларды қаржыландыру және кәсіпкерлік ынтаға инвестиция тарту арқылы қаржылай көмек береді;
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – алдыңғы қатардағы, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып құралдар мен өнімді зерделей өндіруші кәсіпорынның жарғылық капиталына инвестициялау жолымен қаржылық қолдау көрсету; «Қазақстанның даму Банкі» АҚ – қаржылық қолдау; Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақ – құралды-техникалық қаржыландыру енді құрылып жатқан кәсіпкерлікке қолдау жасау.
Бұл ұйымдар мемлекетпен не үшін, қандай мақсаттарға құрылғанын және жұмыс жасау барысында қандай нәтижелерге қол жеткізгенін қарастырайық.
«Технологиялар трансферті және инжиниринг орталығы»АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 «2003-2005 жылға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша шұғыл шаралар туралы» қаулысын орындау үшін құрылған.
Орталық Қазақстан экономикасының құрылымын сараптау арқылы инновациялық жоспарларды іздестіруге қатысуға бел буды. Бүгінде олар ұлттық және аймақтық технопарк жүйелерін құруды жүзеге асыруда. «Виртулды технопарк» концепциясы құрылған.
Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды құру жоспарында Қазақстан бойынша таратылған дамыту институттарының барлығын біріктіру ойын жетілдіруде, оның бір жартысы Алматыда болса екінші жартысы Астанада. Бюрократиялық шығындарды барынша кеміту және оған қол жеткізу мақсатында қоғамдық салалық бірлестіктер мен халықаралық дамыту ұйымдарының, дамыту институттарын бір мекемеде «Инновациялық дамыту ұлттық орталығында» орнату жобасы қаралуда.
Орталықтың екінші қызметі – бұл инжиниринг, ол инновациялық ойды іздестіру және жіктеу, зерделеуді қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инновациялық жоспарларды іске асыру бойынша қаржы көздерін іздестіру.
Республика мемлекеттік басыңқылығының дамуына сәйкес жоспарлар мынадай белгілерге сәйкес келуі қажет — жаңа технологияларды енгізу, технологиялық шектің жоғарғы дәрежесі, экспорттық тұспал, сапаның хылақаралық стандарттары және экологиялығы.
«Маркетингті – сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ — 2003 жылы мамырда ұлттық экономикада бәсекелестікті жоғарылату және диверсификация процессін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтерді көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты – анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құру, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді тарату.
Қазіргі таңда Орталық тек қана ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша жобалармен жұмыс жасауда. Орталықтың Web-сайты арқылы зертеулер барысында жинақталған экономиканың өрісі және саласы бойынша ақпараттарды тарату.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Оның мақсаты шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, мемлекеттің қаржыны тиімді қолдануын көтеруге және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің экономикалық өсуін және құрылуын ынталандыру.
Қордың негізгі қызметі, несиелер және лизинг түрін берумен байланысты. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген республикалық бюджет қаражатының және жеке қаражаты есебінен несиеленеді.
Қор Қазақстанның барлық қалаларында бар сонымен қатар Астана қ. Қордың қарыз беру қоржыны 205 жылғы 1 қаңтарына 15,4 млрд теңгені құрады. Ол жеке қордың және республика бюджетінің және Дамыту және Қайта орнату Еуропалық Банк қарызы және Азия Даму Банкінің қаражатынан жинақталған.
Қазіргі таңда қор мына бағдарламалар бойынша қаражаттарды жүзеге асырады.

  • Ауылшаруашылық саласына (56 млн. АҚШ доллары) Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық қарызы (АДБ);

  • Даму және Қайта орнату Еуропалық Банктің несиелік лимиті арқылы Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасын дамыту. (77,5 млн. АҚШ доллары);

  • Республика бюджеті есебінен шағын кәсіпкерлік субьектілерін қолдау бағдарламасы (300 млн. теңге);

  • Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.

Қормен жүзеге асырылатын Бағдарламалар несиелеудің тікелей несиелеу түрін ұсынады, факторинг, қаржылы лизинг, несиеге кепілдеме беру, ОШК жүзеге асыратын жобаларға қаржылық көмек көрсету.
Қор өз қызметін бастағаннан бері 577 жобаны 6,3 млрд.теңгеге қаржыландырылды.. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру. Қор, нәтижесінде елдің кредиттік жүйесінің үш деңгейінің біреуін айтарлықтай дамытуға қол жеткізілетін Қазақстанда миркокредит беруді дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда. /9/
«Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық инновациялық қор» «Акционерлік қоғамды құру туралы» 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысымен құрылды. Оның мақсаты ҚР нақты зерттеуді қажет ететін өндірістер мен жоғарғытехнологиялық даму, инновациялық актив өсіміне қолғабыс жасау.
Қор қызметінің негізгі бағыты болып саналады:

  • ҚР аймағында еншілес қорларды құруға инвестицияларды тарту және инвестициялау;

  • инновациялық жоспарларды жүзеге асырушы компанияларды инвестициялау;

  • ұлттық инновациялық инфрақрылымының элементтерін құруды инвестициялау. (технопарктерді, технологиялық бизнес-инкубаторларды).

Инвестициялаудың негізгі түрі заңды тұлғалар жарғылық капиталын ұлғайту және құру кезінде, қатынастың акциясы/үлесін алу жолымен жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу. 2004 жылы қорға 219 жоба түсіп, оның 5 жобасы еншілес қорды құруға, 71 инновациялық жобаны құруға, 141 жоба ҒЗТКЖ құруға, 2 жоба инфрақұрылым элементтерін құру үшін жұмсалады. Қор әкімшілік және кәсіпорындармен тұрақты түрде байланыста. Аймақтағы қызметтер бойынша Астана қ. Алматы қ. Алматы, Батыс-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Атырау облыстарында аймақтық шаралар өткізіліді. Алматы қ. Оңтүстік-Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстары әкімшіліктерімен, (Орал қ.) «Аймақтық инвестициялық орталық» АҚ, (Ақтөбе қ.)«Инновациялық енгізуші орталық» ЖШС қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойылды. Қор заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әртүрлі шараларды өткізіп тұрады. Оның мақсаты тиімді ынталарды жүзеге асыру және оларды анықтауға бағытталған. /10/
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ — өз қызметін 2003 жылы шілдеде Елбасы, экономиканың шикізат саласында емес жеке сактор ынталарына қаржылық көмек көрсету, болашағы бар кәсіпорындардың жоспарларына инвестицияларды тарту және жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық Стратегиясын іске асыру бойынша қатысу мақсатында «Қазақстанның инвестициялық қоры» Заңына қол қойғаннан кейін бастады.
Қор 49% — ға дейін акцияны алып жобаларда тікелей инвестор ретінде шығады. Қор инвестор ретінде жобаны іске асыру барысында болуы мүмкін тәуекелді де табысты да бірге бөліседі. Жоба іске асыру сатысынан өткеннен соң және өндіру және сату бірқалыпты деңгейіне жеткеннен кейін Қор өз үлесін стратегиялық әріптестеріне немесе басқа акционерлерге сату арқылы жобадан шығады.
Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11 маусымында басталған-ды. Ұйымдық-құқықтық нысаны – жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар акционерлік қоғам. Жарғылық капиталының мөлшері — 37,8 миллиард теңге, немесе 300 миллионнан астам АҚШ доллары, кейіннен оны кезеңдеп арттыру жоспарланған. Қордың мақсаты — экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету. Қазіргі таңда Қор 70млн АҚШ долларын 20 жуық жобаны қаржыландырды.2006 жылы Қор 1,1 млрд. АҚШ долларынан (145 млрд. теңге) астам 22 жобаны қаржыландыруға кірісуде. Олардың ішінде керамикалық плиткаларды жасау, мұнайгаздық құралдарды, спортты-аңшылық және суық қару оқтарын, құрылыс қыштарын, базальтты талшықтарды, шыныпластикалық трубаларды, көкөніс зауотын жаңаландыру, бидай жинайтын комбайындарды шығарушы ОК құру және т.б бойынша жобалар бар/11/
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – ел экономикасына инвестицияларды тартуға қолдау жзасау және өңдеуші өнеркәсібіне және өндірістік инфрақұрылымның дамуына, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 531 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2001 жылы 25 сәуірде құрылды.
Инвестициялық жобаларды несиелеу кезінде, әлемдік рынокқа шығу жоспарымен жасалынған жобаларға және бағасы жоғары қосылған технологиялық байланысты өндірістердің жолағын құратын жобаларға басыңықылық береді.
Қазіргі таңда Қазақстанда, жоғарыда айтылған даму институттарынана басқа құру және дамыту бойынша технопарктер, бизнес-инкубаторлар және өндірістік аймақтар кең қолданысқа ие болды.
Технопарктер – технопарктер аймағына сыйятын кіші-инновациялық кәсіпорындарды дамыту және құру арқылы жасалынған технологияларды коммерциялау және вуздардың басыңқылығын қолдану мақсатында жоғары оқу орны базасында немесе ғылыми-зерттемелік институттарында құрылатын жүйе. Технопарктерді құру мақсаты ғылыми зерттеулер нәтижесін және құрылымдарының тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуші инновациялық қызмет субьектілерін ұйымдастыру. Мемлекет технопарктерге қойған міндеттемелердің ішінде:

  • озық жетістіктер өндірісіне отандық және әлемдік ғылыми-техникалық прогрестерді енгізу;

  • инновациялық өндірістерді және ғылыми-техникалық зерттеулерді инвестициялау;

  • инновациялық кәсіпорындардың дамуына және құруына заттық-техникалық көмек беру.

Бизнес-инкубаторлар – бұл кәсіпорындарға қажетті кеңестер мен қолдау көрсетуін қамтамасыз ететін бизнеске көмек бағдарламалары. Әдетте бизнес-инкубаторлар бірнеше жаңа фирмалар жинақталған арнайы мекемелерде орналасады. Олар мекемемен, құралдарды ғана бірге қолданбай бизнес-инкубаторлар көрсететін қызметтердің барлығына бірдей құқығы бар. Қызметтердің кейбір түрлерінің бағасы, жалға алудың бағасына қосылуы мүмкін, басқа ұсынылатын қызметтердің бағасы төменгі бағамда.
Бизнес-инкубаторларды құрудың мақсаты – қайта құрылған кәсіпорындарға тәжірибе жинау үшін, ары қарай көтерілу үшін, рынокта өз орнын нық белгілеу үшін кәсіпорындарға жағдай жасау үшін құрылған. Дамудың белгілі бір дәрежесіне жеткеннен соң, (әдетте бұл үш жылдан соң болады) фирма бизнес-инкубаторлардан кетіп өз еркі бойынша жұмыс жасайды. Бұл кезге дейін олар белгілі бір деңгейде тәжірибе жинап, банкроттыққа ұшырамаудың алдын алып, ары-қарай өркендеуге мүмкіндігі бар. Ал босаған орындарға өз ісін енді бастап жатқан фирмалар келеді.
Өндірістік аймақ – біртектес өндірістік аймақта (бір шатыр астында)жұмыс жасайтын және орналасқан көптеген шағын жеке кәсіпорындардың обьектісі іспеттес. Өндірістік аймақтардың негізгі міндеті – бұл шағын кәсіпкерлікті дамытудың және отандық тауар өндірушілерді активтендіру, кәсіпкерлерге қызметін енді бастап жатқан сатыда көмек беру және қолдау жасау.
Өндірістік аймақ төңірегінде шағын жеке кәсіпорындар орналастырылады, олардың әрқайсысы бөлек мекемелерге орналасып өз өндірісін ұйымдастырады. Көптеген шағын кәсіпорындарды бір ғана Өндірістік аймаққа орналастырудың бір ғана мақсаты олардың салалық және технологиялық үйлесімділігі. Өндірістік аймақ кешенінің ойдағыдай қызмет істеуі тиісті органмен қамтамсыз етіледі – компаиня басқарушысы мекемені жалға беруден басқа бизнесті әкімгерлеу және жүргізу бойынша қызметтерді де көрсете алады.
Мемлекет, арнайы құрылған даму институттары арқылы, кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша иілмелі шарттарды ұсынуда. Кәсіпкерлік бойынша құрылған комиссиялар мен кеңес арқылы мемлекет байланысты жүзеге асырып ағымдағы мәселелерді шешу бойынша оларды дамыту жолындағы кедергілерді жою үшін көмек көрсетеді. /8/
Мемлекеттік емес ұйымдарына тоқталсақ, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар қоғамдық бірлестік, қорлар немесе заңды тұлғалар бірлестігі, қауымдастық (одақ) үлгісі ретінде де құрылуы мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың өз еркімен біргелесіп құру нәтижесіндегі ұйым. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың мүдделерін және саяси, экономаикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғау және іске асыру мақсатында құрылады.
Қорлар болып, жеке мүліктерін өз еркімен енгізу негізінде заңды тулғалар және азаматтармен құрылған мемлекеттік емес ұйымдар мойындалады.
Коммерциялық ұйымдар олардың кәсіпкерлік қызметін координациялау мақсатында, жалпы мүліктік және басқа да мүдделерді қорғау және ұсыну өзара келісім-шарт арқылы, сонымен қатар біргелесіп коммерциялық емес ұйымдармен қауымдастық (одақ) үлгіде бірлестіктер құруларына болады.
«Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ Оны құру туралы шешім Қазақстанның кәсіпкерлері Конгрессін өткізу барысында қабылданған болатын.
Қазіргі таңда одақтың құрамына мыңдаған қазақстанның экономикалық секторында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 34 басты салалық қауымдастықтар кіреді. Олардың ішіне мұнайгазды саласы ұйымдарының қауымдастығы, кен қазу және кен – металургиялық кәсіпорындар, сүт және сіт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шылым өндірушілер және кәсіпорындар, IT-компаниялар, сауда-өнеркәсіптік палаталарының одағы, фермерлер, құс өсіруші және инжиниринг компаниялар кірген.
«Атамакен» Одағының филиалы республиканың барлық аймақтарында құрылған. Қазіргі таңда Одақ өкілеттіктерін аудан және қала орталықтарында құру жүзеге асырылуда. /12/
«Қазақстан кәсіпкерлеріның форумы» ЗТБ заңды тұлғалар ынтасымен құрылып еркіндік, мүшелер құқықтарының теңдігі, өздері басқаруға мүмкіндіктердің болуы, заңдылық, қызмет есептілігі және жариялылығы негізінде жұмыс жасайды.
Форум өз мақсаты ретінде кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды санайтын аймақтық және салалық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің, қорлар мен басқа да ұйымдардың өз еркімен бірлескен тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып саналады.
Форумды құру мақсаты – кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау және экономикалық реформаның жылжуына қатысатын кәсіпкерлер ұйымы және қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, салалық және аймақтық одақтарды бірлестіру.
Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы құрамына кіретін кәсіпорындардың саны – 120.484. Қазіргі таңда «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ұйымының Қазақстанның әр бір аймағында облыстық филиалдары құрылған. /13/
«Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ 2000 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы тіркелді. Оның мүшелері 10 аймақтық палата болды. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік Одағының Жарғысында шағын кәсіпкерлікті қолдау басты міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Палата бұл экономиканың саласына басты рөльді атқаруға бар күшін салуда. Жыл сайын аймақтық СӨП және Қазақстанның СӨП Одағының қызметтері шағын кәсіпкерлікпен айналысатын 50 мың тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субьектілеріне көрсетіледі. Палата мүшелеріне ақпараттар тегін беріліп, басқа қызмет түрлеріне жеңілдіктер бар.
«2003 – 2015 ж.ж. индустриалды – инновациялық даму стратегия» шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету және мәселелерді шешу үшін арнайы даму институттары қалыптасты. Стратегияның маңызды мiндеттерiнiң бiрi мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды iске асыру, инвестициялық белсендiлiктi реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриялық-инновациялық дамудың қазiргi мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта қарауды және белгiлi бiр дәрежеде қайта құруды қажет етедi. Стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк даму институттарын құру және қазiргi барын, атап айтқанда: Қазақстанның инвестициялық қорын, Қазақстан Даму Банкiн, Инновациялық қорды, Экспортты сақтандыру корпорациясын нығайту қажет. Тұтастай алғанда, даму институттарының тұрлаулы жұмыс iстеуi орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестiк және ашықтық қағидаттарына негiзделетiн бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс. /14/
Халықаралық тәжірибемен микроқаржыландыру – кедейшілік деңгейін төмендету және микро- және шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру үшін тиімді құрал болғандығы дәлелденген.
Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро- және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбекпен (өзін-өзі) қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т.б.) қатарын беру түсініледі.
Микроқаржыландыру экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелдеген құралы болып табылады. Микроқаржыландыруды және микрокредит беруді зерттеу халықтың аз қамтылған санатына қаржылық қызметтер көрсететін микроқаржылық институттар қызметінің жалпы үлгерімділігін көрсетеді. Бұл жағдайда микроқаржылық ұйымдар қызметінің және бағдарлама клиенттерінің өмір сүру деңгейін арттырумен байланысты қаржылық көрсеткіштерден туындаған экономикалық әсердің үйлесімі байқалады. Микроқаржыландыру үй шаруашылығы мен жеке дара кәсіпкерліктің жыл сайынғы табысының деңгейін біртіндеп көтере отырып кедейшіліктің тамырын жоюға ықпал етуі мүмкін.
Микроқаржыландыру институттарының ұйымдық-құқықтық нысаны әртүрлі болуы мүмкін (мемлекеттік коммерциялық емес мекеме, коммерциялық емес қор, өзара кредит берудің кооперативі және т.б.) және қаржыландыру көзімен, қолданыстағы заңнамамен және салық салумен айқындалады.
Микрокредит беру жүйесінің қалыптасу проблемасын шешуде мәні өндірісті дамыту үшін қолайлы салықтық және инвестициялық климат жасау, қаржылық институционалдық инфрақұрылым құрудағы бизнесті кеңейту, кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған мемлекет маңызды рөл ойнайды.
Микрокредит беру жүйесі өз негізін ел Президентінің халыққа жолдауынан алады «Қазақстан – 2030: қауіпсіздікті нығайту және барлық қазақстандықтардың игілікті жағдайын жақсарту» (10.10.1997 ж.), онда «ауылдың анағұрлым күрделі проблемалары 2000 жылы микрокредит беру арқылы шешілетін болады…» делінген.
Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес стратегиясы 1998-2000 жылдары микрокредит енгізуге және шағын және орта бизнесті дамытуға негізделді.
Осылайша, Ел Басының осы Жолдауы Қазақстан Республикасының анағұрлым қамтылған азаматтарына микрокредит берудің 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасын (ҚРҮ-нің 12.02.1998 ж. №14 қаулысы) қабылдау үшін алғышарт болды. Осы бағдарламаға сәйкес азаматтарға, ресми тіркелген жұмыссыздарға, олар мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың кез келген түрінен ерікті бас тартқан жағдайда өз ісін жасауға микрокредиттер берілді.
Микрокредит беру туралы ережеден тұратын келесі құжаттар, мыналар болды: шағын кәсіпкерлікті қолдау іс-шараларының бірі шағын бизнес субъектілерінің кредиттік серіктестіктерді, өзара сақтандыру қоғамын құрғаны үшін көтермелеу болған «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (31.12.1998 ж.); басымдылық тәртіпте микрокредит беру жүйесі Қазақстанның дағдарысқа ұшыраған және экологиялық кедей аудандарда таратылуы тиіс Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы (03.06.2000 ж. №6).
Микрокредит беруді дамытудың мемлекеттік саясатында тағы бір ілгерілмелі қадам 2006 жылғы желтоқсанда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтерін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген жеке немесе заңды тұлға пайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кредиттің максималды сомасы 1,0 млн. теңгеден (1000 есе айлық есептік көрсеткіш — АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000 АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда өзіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды. (Мысалы: шаштараз немесе дүкен ашу үшін Астана қаласының жақсы ауданынан бір бөлмелі пәтер сатып алу, шамамен 50 000 АҚШ доллары тұрады, бұл 6,3 млн. теңгеге жақын. Осы пәтерді қайта жабдықтауға 1,0 млн.теңге және жабдық, маңдайша және шикізат сатып алуға – қалған 1,4 млн. теңге қажет болады).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы № 862 қаулысымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған тұжрымдамасына сәйкес микрокредиттік жүйені қолдау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
— Микрокредиттік ұйымдарды «ШКДҚ» АҚ-тың үлестік қатысуымен құру және оларды ресурстық қолдау; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың (бұдан әрі — Қор) үлестік қатысумен бағдарламаны іске асыру шеңберінде 30 микрокредиттік ұйым (бұдан әрі — МКҰ) құрылды. Қор инвестицияларының құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 98,9 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 2006 жылы Қор инвестицияларының құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 18 млн. теңге 9 МКҰ құрылды (олардың 7 МКҰ 14,0 млн. теңге сомасына қайта қаржыландырылды).
— Қолданыстағы микрокредиттік ұйымдарға кредит беру.
Қазақстанда микрокредит беру секторын дамыту бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 4 183,76 млн. теңге 129 жобаларды қайта қаржыландырды, оның ішінде 2006 жылы 70 жоба жалпы сомасы 2 703, 08 млн. теңге (ставка 6 %). 2007 жылы 1 қаңтарда СА деректері бойынша республикада 745 микрокредиттік ұйымдар (МКҰ) құрылған. Олардың дамуы үшін негізгі алғышарттар экономиканы тұрақтандыру, банктік операциялардың құрылымын өзгерту, халықтың табыс табу деңгейін арттыру және кредиттік ресурстарға әлеуетті жоғары сұраныстың болуы.
Мемлекет бас­шысы Нұр­сұлтан Назар­баевтың “Қа­зақ­стан өз да­муындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” атты Жол­дауын­да “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ ха­лықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бас­тама­шылығын іске асыруға ұмтылған түрлі топтар үшін қаржы ресурстары мен сарап­тама жа­саудың нақты қайнарына айналуға тиіс екен­дігі және Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағыттал­ған жұмысты күшейту қажеттілігі айтылды. Жалпы алғанда, жүзеге асырып отырған қызметі осы Жолдауға сәйкес Қордың алдына қойылған міндеттерімен толық сәйкес келеді деп айтуға болады.
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдаумен қам­та­масыз ету мәселесі шешімін тапты деуге әлі ерте. Несиеге қолжетімділігі оларды ресімдеудің күрделілігінен және пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылығынан шектеулі болып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тілерін несиелендіру саласындағы ахуалды түбегейлі өзгерту үшін қаржыланды­рудың банктерде қалыптасқан тетіктерінен өзге қосымша нысандары мен тетіктерін дамыту қажет.
«Микрокредиттік ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгеннен бастап (2003 жыл) тіркелген МКҰ саны 7,5 есе немесе 645 ұйымға ұлғайды. Бұл микрокредиттік ұйымдар рөлінің артқанын, кәсіпкерлік субъектілері үшін де, сонымен қатар халықтың кең тобы үшін де үлкен мүкіндіктердің түсінушіліктігін білдіреді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет