Реферат "Қазақ философиясы тарихы контексіндегі ізгілік-этикалық тәрбие мәселесі"



бет2/3
Дата28.01.2024
өлшемі47.84 Kb.
#490108
түріРеферат
1   2   3
referat

II.Негізгі бөлім
Қазақ Философиясы[2] – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған.
Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған.
Мифология – бұл белсенді әлеуметтік күш, Леви-Строс жеке мифті емес, олардың жиынтығын – таңбалық моделдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Мифологиялық ойлау тәсілі ой түйіндеуге, логикалық талдау жасауға қабілетті. Ол үшін таңбалық моделдендіруші жүйе ретінде миф құрылымы – қарым-қатынас құралы ретіндегі табиғи тілдің аналогы. Миф семантикасында жұптық (бинарлық) қарамақарсылықтың: жоғары-төменгі, өмір-өлім және т. б. маңызы зор. Бұл оппозициялар сананың түбегейлі қайшылықтарын бейнелейді, ал мифологиялық сана оларды біріктіруге тырысады. Ағылшын мәдениет тарихшысы Э.Б. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді: 1) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер, 2) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер, 3) тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер, 4) фантастикалық және метафоралық мифтер, 5) саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені мифтік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Мәдениеттанулық структурализмнің өкілдері (В. Пропп, К. Леви-Строс) әртүрлі халықтардың мифтері мен салт-дәстүрлерін зерттей келе, олардағы құрылымдық ұқсастықты атап көрсетті. Мысалы, ежелгі гректердегі Циклоп пен түрік халықтарындағы Төбекөз туралы мифтер тек мазмұндық емес, сонымен бірге құрылымдық ұқсастықты танытады. Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы Ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, Ш. Айтматовтың және Ю. Рытхэудің көркем шығармаларында бейнеленген тотемдер – Бұғы ана мен Алып балық (кит) мифтің әсерлі белгілері. Тотемдік ілкі тек адам мен табиғаттың ішкі тұтастығын білдіретін маңызды дүниетанымдық түйнекке жатады. Зерттеушілер ілкі тек жалғыз адам әлеміне тән деп есептемейді. Ол бүкіл ғарыштық әлемді, үш дүниені (жоғарғы, орталық және төменгі) қамтитын көрініске жатады. Мысалы көшпелілер әрбір төлді бір ғарыштық стихиямен байланыстырады: қой – оттан, түйе – сордан, жылқы – желден, сиыр – судан. Бұл стихиялар (дүлей күштер) ғарыштық жасампаздықтың таңбалары: сиыр – өлім мен о дүниенің, түйе – жердің, «еш» деген түбірі бар ешкі – хаостың, бостықтың таңбасы. Кейін қазақтың дәстүрлі мәдениетінде тотемдік ұғымдар қалғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. Мифологияда сакральды (қасиетті) мағынасы бар сарын – адамның биологиялық өмірі, оның тууы мен өлімі. Қауымдағы ең бірінші бөлініс – жыныстық бөлініс. Оның негізінде мифологиялық І тарау. Қазақ философиясының алғышарттары 11 және рухани бастаулары сана уақыттан тыс тұратын алғашқы абсолютті бейнелердің бірі – Алғашқы Ата-Ана туралы түсінікті қалыптастырады. Егер діни түсініктегі Адам ата мен Хауа ананы құдай жаратса, мифологиялық Арғы тек – табиғат туындысы. Мифологиялық кеңістіктік-уақыттық континиумда адам мен әлемнің арасында ешқандай алынбайтын кедергі жоқ. Мифологиялық кейіпкердің сөзі мен ісі синкреттік және тұтастық сипатта болады. Оның бірлігін жүзеге асыратын күш – салт-дәстүрлердің мызғымас жүйесі. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Скиф-сақ өркениетіндегі «аң стилі», қытайдың инь, ян бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар – табиғатпен үйлесімдікке шақыратын рәміздер. Мифологияның барлық халықтардың немесе этникалық топтардың көне мәдениетін қамтығаны белгілі. Қазақ мәдениеті тарихын зерттеушілер еуразиялық далада матриархат ұзақ ғасырлар бойы қоғамдасудың басты түрі болды дейді. Археологиялық деректер балалардың аналарының қасында жерленгенін дәлелдеуде. Орталық Азияны алғашқы зерттеушілер (Иакинф) осы өңірдегі «Әйелдер патшалығы» туралы деректер келтіреді. «Онда лақабы Суби, аты Могйе әйелдің елді 20 жыл билегені айтылады. Әйелдер патшалығында 10 мың түтін болған. Еркектер бірыңғай аң аулаумен айналысқан. Могйе ханша тау шатқалындағы 9 қабатты ордада тұрған. Ол бес күн сайын бағынышты ханшалармен мемлекет ісі жөнінде кеңес өткізіп тұрған. Әйелдер мұнда өздерін жоғары санаған, әрі еркектерді қызғанбаған. Патшалықтың еркек, әйелі беттерін күніне бірнеше дүркін опалап, бояп жүргенді ұнатқан. Елдің негізгі байлығы – таза мыс, бояу, жұпар, тұз болып есептелген. Патша әйел өлгенде оның терісі сыдырылып алынып, сүйегі мен етіне ұнтақтар себілген. Осыдан кейін темір табытқа салынып жерленген. Жан иесі – «Асыла», «Орман тәңірі» болады деп олар сенген. Бұлардың құрметіне адам, не маймыл құрбандық шалынатын болған. Патшалық жерінде (Тянь-Шань тауының түстігі, Үндістан жағында) өсетін қырғауылға ұқсас құстың жемсауынан дән шықса, өнім мол болады, құм, қиыршық шықса қуаншылық болады деп жорыған» [1, 18–19 бб.]. Мифті тудырушылар өмірде өз орнын сақтап қалу үшін жаратылыс құдіретімен тайталасқан қайыспас, қайратты замандастары туралы сыр шертеді. Аңызға айналған айбынды айқасында адам сенімді серік, одақтастарын да сұрапыл, сұсты табиғаттың өз бойынан тапқан. Хумбабаға қарсы көзін аштырмай үрлеп, ышқынып, сегіз дүлей жел көтерілді. 12 Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін) Төтенше қимыл-қарекет шығарманың жалпы шабытты, асқақ қуатынан, әсірелеу әуенінен, сом да шымыр кейіп-көріністер бітімінен ап-айқын аңғарылып-ақ тұр. Қаһармандар жаратылыс жанымен жарасып жатқандығы соншалық, сұмдық қиянат-кедергілердің бәрін жеңіп, өз үстемдігін асырған кезде де, олар бәрібір төл табиғатты көкейтесті бір мұратына жеткізген боп шығады. Жаратылыстың өзіне сарылып күткен тыныштығын сыйлайды. Хумбаба құлап, жын шашқан есірік мүшелері түгел өліп тынған сәтте асқар таулар мен орманды шыңдар да жайланып сала берген. Шумер мифтері қазақ дүниетанымына арналған кітапта бекер келтірілген жоқ. Еуропаорталық ұстанымнан көтеріле білген ғалымдар мен мамандар, шумер өркениетінің ілкі түркілік мәдениетпен үйлесімді байланыстылығы туралы нақтылы ойлары мен дәлелдерін алға тартады. Бұл мәселені алғашқы көтергендердің бірі – Олжас Сүлейменовтың «АЗиЯ» кітабынан осы жөнінде кейбір үзінділер келтірейік: «Материалдық мәдениеттің бүкіл тарихын сұлулықтың әсемпаздықпен, бейненің затпен, поэзияның сөзбе-сөз ұғынықтылығымен толассыз күресі деп есептеуге болады. Археолог Булли Шумердегі бір обадан суреті бар металл тостаған табады. … Евтюхова мен Кисилев Алтай қорғандарын қазу кезінде жазулы металл ыдыстарға тап болады. …Ақышев Алатау бөктеріндегі қорғаннан бүйірінде жазуы бар металл тостаған табады. Бұл үш уақиғаны жеке-жеке, бір-бірінен бөлек, байланыссыз қарасақ, әңгіме кездейсоқ металл тостағандар туралы болып қала бермек. Ал бәрін ой сабағына тізсек, шашыла түскен әріптерді тізбектеп, сөз құрастырамыз. Әрине, ол сөзді оқи алуымыз, оның мәнмағынасын бір дегеннен түсіне қоюымыз екіталай. Ол – болашаққа аманат.
Алтынсарин жалпы қазақ халқының өміріндегі кітаптың және атап айтқанда, өзінің «Қазақ хрестоматиясының» мәнін осылай кең көрген. Ол өз алдына Қазақстанда жоғары мәдениетті, орыс, батыс және шығыс әдебиетін білетін, халықтың қалың бұқарасына өз білімдерін таратуға қабілетті адамдарды дайындау міндетін қойды. Ал бұған революцияға дейінгі Қазақстанда халық мектептері арқылы ғана қол жеткізуге болатын. Ол әрбір мектеп жанында кітапхана болуын қадағалады, өйткені кітаптарды оқымаса ешқандай білімділік туралы айту мүмкін емес. Қазақтардың эстетикалық дамуы туралы қамқорлық жасап, Алтынсарин мектеп бағдарламаларына орыс жазушыларының шығармаларын енгізген, балалардың Крыловтың мысалдарын, Лермонтовтың және басқа орыс ақындарының өлеңдерін жаттап алуын талап еткен. Алтынсарин мектептерінің барлығында ән сабағы болған және гимнастика енгізілген еді. Оның өзі алпысыншы жылдардағы орыс зиялыларының озық ойларында тәрбиеленген және сол кездегі демократиялық ағартушылық принциптеріне жақын болған. Чернышевский мен Добролюбов қызметтерін жоғары бағалап, Алтынсарин олардың демократиялық идеяларын өз халқының эстетикалық мәдениетінің дамуында пайдаланды. «Мен әрқашан оған шын ықылас білдіретінмін, әсіресе, мен оның бойындағы орыс біліміне деген қызу әуестігін және қырғыздар (қазақтар. – Б.Қ.) үшін бұл білімнің қажеттілігі туралы тұрақты ойын бағаладым»2 . Алтынсарин шығармаларында, сондай-ақ оның хаттарында оның заттарға деген көзқарастары, оның қазақтардың білім алуы туралы түсінігі және өз халқын ағартуға деген ыстық талпынысы толығымен көрініс тапқан. Өз ойларын жүзеге асыру үшін ол қазақ мектептері мен өз халқының ана тілін пайдаланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет