Реферат "Қазақ философиясы тарихы контексіндегі ізгілік-этикалық тәрбие мәселесі"



бет3/3
Дата28.01.2024
өлшемі47.84 Kb.
#490108
түріРеферат
1   2   3
referat

III.Қорытынды бөлім
Аңыздарда көрініс табатын музыка мәдениетінің эстетикасы қоғам мен музыканттардың өз өнеріне қойған талаптары туралы дерек береді. Адамдардың рухын көтеріп, қайғысына ортақтасып, белгілі өмірдің бір жағдайына дереу ән немесе күй шығарып, шынайы адамның немесе жыр батырының батылдығын, ерліктерін, парасаттылығын, ақылын, оның жан серігі – жылқысын мадақтап, сараңдылықты, надандықты, қоян жүректілікті келекелеу сияқты қасиеттері жоғары бағаланған. Сонымен қатар ән немесе күйді бір ойнағаннан үйреніп алу музыканттың дарындылығын көрсететін шеберлік ретінде саналатын. Музыканттар туралы көптеген аңыздардың мазмұнында олардың шығармаларының индивидуалды ерекшеліктеріне назар аударатын аңыздар кездеспейді. Олардың ішінде егер музыкант белгілі бір нұсқаға ұқсатып күй шығарса да индивидуалды орындаушылықтың ерекшеліктері туралы сөз қозғалмайды. Шығармашылық ұғымының жоспарсыз, кенеттен пайда болуын ескере отырып, оның қалай ойға келуін, оны шешу жолын табуын, іске асыру қиындығы, яғни индивидуалды шығармашылық ізденістерді қамтымайтыны белгілі. Мұндай түсініктемеде шығармашылық музыканттың белгілі әрекетінің нәтижесі емес, оған сырттан кірген күштердің әсері деп саналатын1 . Сондай-ақ, жақсы музыкант болғысы келген адамдар бірнеше жолдардың қиылысқан жерінде түнеу керек деген ұғымдар осы қатарды жалғастырады. Осындай көзқарастар бойынша шығармашылықтың пайда болуы адамның күші келмейтін, тылсым дүниенің әсерінен болады деген сенімдердің салдарынан күйшінің индивидуалды үлесінің маңызына назар аударылмаған. Мысалы, айтыстарда ақын өзінің руын, дауысын, шеберлігін, суырыпсалмалығын, көптеген жеңістерін мадақтау дәстүрі болса, ал оның шығармашылығының жеке индивидуалды қайталанбастығы туралы сөз қозғалмайтын. Қоғамның өзі де индивидуалдылықты жоғары бағаламаған, сондықтан музыканттардың өздері оған жетемін деп тырыспаған. Дегенмен, атақты күйшілер мен әншілердің шығармашылығы жарқын өзгешеліктеріне бай болып, ғасырлар өткен сайын өз ерекшеліктерін сақтап қалған. Мысалы, Мұхиттің, т.б. стилі – жарқын және дереу танылады, өзінің сұлулығымен, төлтумалығымен сипатталады.
Байқағанымыздай, Абай адамның эстетикалық сезімдері оның көркем шығармашылығының негізі болатынын түсінген. Сезім ағзаларының көмегімен адам қоршаған болмысты таниды және солардың көмегімен өзінің көркем шығармашылығын да әрқашан байытып отыруы керек. Абайдың 125 жасқа толуына арналған, салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында Ғ. Мүсірепов: «Халық ойын жеткізетін, нағыз ақын әрқашан бүгінгі күнде болашақтың нышандарын көреді. Ол үшін өткені, бүгінгісі және болашағы тұтас бүтінді құрайды, қоғам дамуы мен тұлғаның қалыптасуының жалпы тізбегінің буындары болады. Ол өз міндетін, өз заманындағы қоғам санасын уландырғанның барлығын үзілді-кесілді жоққа шығару деп түсінеді, ең кең мағынадағы күрескер болады»4 . Өткен заманның көркемдік мұрасын игерудегі маңызды міндеттердің бірі қазақтың ағартушы-демократтарының эстетикалық көзқарастарындағы, болашақпен байланыстысын, өткенге қатысынан ажырату болып табылады. Осы тұрғыдан біз қазақтың ағартушыдемократтарынан көптеген құнды және жаңа ұрпақтар үшін де маңыздыны табамыз. Абайдың табиғат құбылыстары мен заттарға, сондай-ақ адамның сезімдері мен күйзелістеріне эстетикалық қатынасының байлығы мен табиғилығы соншалық, біз бүгінгі күнде 1 Маркс К. и Энгельс Ф. Об искусстве, т.1. С.141. 2 Абай. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы, 1961, 460 б. 3 Сонда, 486 б. 4 Казахстанская правда, 1971, 30 мая. 340 де оны өзінің қарапайымдылығы мен адалдығы үшін, құндылық ретінде қабылдаймыз. Абай поэзиясының басты тақырыбы Қазақстан табиғаты мен халық өмірі болды. Өз шығармаларында ол бұл өмірдің ең мәнді жақтарын шынайы көрсете білді. Абай дәстүрлі халықтық шығармашылық элементтерін кең пайдаланды, тілді дамытуы мен байытуы, оның шығармаларын түсінікті әрі жеңіл етті. Абай шығармаларында, халық әншілері әлі айтпаған, бірақ халық арасында өмірге деген наразылық толқуы мен басқа жақсы өмірді көмескі аңсау түрінде болған ойлар көрініс тапты. «Халықтың стихиялы, жете түсінбеген талаптарын саналы түрде көрсетіп, бұл үшін оның өзі, сол кездегі орыс білімінің шыңына талпынған, Абай, жинағанын пайдаланып, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихи маңызы бар, жалпыұлттық құндылықтарды жасады»,1 – деп жазды М. О. Әуезов. Cондықтан Абайдың өнердің халықтығы туралы көзқарастары біздің заманымызда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өнердің халықтығы принципін Абай қазақ тіліне аудару үшін орыс классиктерінің шығармаларын таңдауда ұстанды. Сондықтан аударма үшін ол ең алдымен Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын алды. Өз аудармалары арқылы ол қазақтарды озық, халықтық идеялармен таныстыруға тырысты. «Абай өз халқының рухани көзі болды, және халқы үшін ойланып әрі сезініп, оған оның тарихи болашағын көрсетуімен халықтық»2 , – деп жазды М.О. Әуезов. Абайдың өлеңдері ұлттық, жоғары патриотизм рухында жазылған. Оның патриотизм сезімі күрделі: ақын халқының ауыр жағдайын көріп күйзеледі, бірақ оның дарындылығын, мейірімділігі мен жанының жомарттығын мақтан тұтады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет