Реферат Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері»


Кедендік төлемдердің экононмикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі



бет2/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.87 Mb.
#177214
түріРеферат
1   2   3   4   5

1.1. Кедендік төлемдердің экононмикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі

Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға Қазақстан Республикасының кедендік тарифтеріне сәйкес кедендік баждар салынуы керек.

Қазақстан Республикасының кедендік тарифі – Қазақстан Республикасының кедендік территориясына әкелінген және осы территориядан шығарылған тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы.

Бұл тауарлар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтірілген және топтастырылған Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы Әлемдік Сауда Ұйымының мүшелері елдерінде пайдаланылатын тауарларды кодтау және бейнелеудің үйлесімделген жүйесіне негізделіп жасалған Қазақстандағы экономиканың дамуына қарай сыртқы экономикалық әдістері үлкен роль ойнауда, соның ішінде орталық орынды кедендік тарифтер алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау мүмкін емес.

Экономикалық негізделген кедендік тарифті енгізу әкімшіл-әміршілден сыртқы экономикалық қызметті реттеудің эклнлмикалық әдістеріне өту жолында маңызды қадам болды.

Қазіргі уақытта тарифтік шараларды қолдану сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгі тарифтік шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту механизмдерін кезеңдер бойынша өңдеу жағына қарай, экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде. Қазіргі экспортты реттеу шараларын уақытша деп қарастыру керек.

Сонымен, кедендік тариф – бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі таңызды құрал болып табылады.

Тариф – бұл оның тауарлық номенклатурасы, кедендік құнды анықтау және баждарды салу әдістемесі, оларды жүргізу механизмі, өзгерістер мен жоюлар кедендік-тарифтік реттеу облысындағы атқарушы өкімет қызметінің шектерін анықтайтын нормалар, тауардың шығу елін анықтау ережелері. Кедендік реттеудің белсенді бөлігі – бұл тауарды әкелу немесе шығару құқығына салық болып табылатын кедендік баждардың ставкалары. 1993 жылға дейін әрекет еткен кедендік тариф сыртқы экономикалық қызметті реттеу функциялары орындалады, баждардың ставкалары экономикалық салалардың даму деңгейін ескермеді, импорттық тауарлардың бағаларына әсер етпеді және экономикалық мазмұны болмады. Ескі кедендік тариф халықаралық тәжірибеге сәйкес келмеді және Қазақстанның саудалық-саяси мақсаттарына жетудегі құрал бола алмады. Нәтижесінде Қазақстанның сыртқы экономикалық кешені өзінің қызметін маңызды экономикалық реттеушісі және шетел нарықтарына тауарлар экспортын қамтамасыз ету құралы болмады.

Кедендік тариф Қазақстанның импорттық саясатының тасымдықтарын көрсете отырып, импорттың құрылымын оптималдау және валюта шығындарын рационалдау үшін жасалған тауарлар немесе тауар топтамалары бойынша баждардың көлеміне байланысты кедендік тариф не отандық өндірісті шетелдік бәсекелестіктен қорғауға, не отандық және шетел өндірісінің арасындағы бәсекелестікке мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар отандық өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа кедендік тариф сыртқы экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға, Қазақстанның экспорты біздің өнімнің импортерларына әр түрлі мақсаттардағы жеңілдіктер үшін жасалған.

Қазақстанның кедендік тарифтері мен кедендік баждары белгілеулің жариялылық сипатты осындай баждарды белгілеу кезіндегі халық шаруашылығының әр түрлі салаларының мүдделерін есептеуге ғана емес, сонымен қатар оның Қазақстанның контрагент-елдеріне саудалық-саяст мәнін көтеруге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде кедендік тарифтің жариялылық сипаты Республиканың нарығында қызығушылығы бар ұйымдарды демократиялық негізде тартуға мүмкіндік беретін осы механизмді құруды қажет етті. Бұл тариф импорт және экспорт тауарларына баждар ставкаларын келісімдеуге, кедендік-тарифтік саясаттың сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындау, кедендік-тарифтік саясаттың сұрақтарын қозғайтын заң актілерінің жобалары мен халыаралық келісім-шарттарды қарастыруды қажет етті.

Кедендік баждарды құру кезінде экономикалық табиғат пен олардың атқаратын функцияларын ескеру қажет, өйткені олар баждардың принциптері мен әдістерін анықтайды.

Экономикалық әдебиетте кедендік баждардың табиғаты мен олардың атқаратын функциялары туралы бірде бір мәлімет жоқ.

Нарықтық экономика жағдайында және сыртқы экономикалық қызметті либерализациялауда кедендік баждар сыртқы экономикалық қызметтің маңызды реттеушісі болады. Кедендік баждар көмегімен мемлекет тауарларды әкелу немесе шығаруды қолдауға немесе оларды шектеуге, отардық тауар өндірушілердің тауарларын басқа да ұқсас тауарлардың шетел бәсекелестеріне бірдей тепе тең экономикалық, ғылыми-техникалық, эклогиялық, валюта-қаржылық жүргізуге СЭҚ субъектілерінің қызметін жалпы мемлекеттік, ұлттық мүдделерге бағыттауға мүмкіндігі бар.

Баж бағалық категориялар санына жатады. Бұл әр тауар бойынша бажды негіздеуге, олардың ұлттық және әлемдік шығындар мен бағалар арасындағы үйлестіруді тұтынушының параметрлері мен тауардың сапасын есептеуде, т.б. жеке бағытты талап етеді. өткен кездегі әкелу баждар анықтаған кезде, яғни19-ғасырмен 20- ғасырдың басында фискальдық бағыт болды.; баждар жоғары деңгейде анықталды және мемлекеттің табыс көздерінің маңыздыларының бірі деп қарастырылды. Сонымен бірге ұлттық экономиканы ағылшын тауарларының енуінен қорғаудағы мәселені шешуге мүмкіндік берді, себебі Англия басқа елдерден бұрын өнеркәсіптік революция жолына түсті, оның өнімі жоғары бәсекелестік қабілетті болды және көбінесе Еуропа мен Америка елдерінің тауарларынан асып түсті.

20 ғасырда кедендік баждардың төмендеу тенденциясы мемлекеттің табыстарын қалыптастырудағы оның рөлінің әлсіреуі байқалдығ бірінші орынға олардың реттеуші функциясы шығарылды, ал ол өз кезегінде импорттық тауарларды әкелуге шектеу қоюға немесе рұқсат бермеуге шектелген жоқ. Кедендік баждардың ставкаларын тауарлы топтар мен әр өнімді оның қажеттілікті, ұлттық және әлемдік бағалардың деңгейін ескере отыру детальді дифференцмациялау қажеттігі өсті.

Кедендік баждардың мұндай дифференциясы оны ғылыми негіздеуді осы дифференцияны анықтайтын объективті факторларды оқып білуді талап етті.

Кедендік баждардың ставкаларының төмендеуі мен оның әр тауар топтары мен әр өнімнің дифференциялауыфн күшейту тенденциялары объективті факторлармен негізделді. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы протекционизмді әлсіретуді қажет етті. Ұлттық экономикалардың мамандануы, соның ішінде пәндік, деталдік және технологиялық елдердің сыртқы экономикалық саясатын тауардың тобы, түрі бойынша оларға әсер ететін сыртқы және ұлттық жағдайларды ескере отырып негіздеудегі дифференцияны талап етті. Бұл проблеманы шешу тек дифференцияланған рента емес бағаның жалпы теориясының позициясын ғана мүмкін яғни баждарды интернационалды дифференциалдаған рента түрінде қарастыру керек.

Экономикалық теория мен шаруашылық қызметінінің тәжірибесінде дифференциалды рентаның екі негізгі нысаны бар. Құнарлылығы мен орналасқан жері бойынша.

Жердің құнарлығындағы өзгешелік жерді өңдеудегі өндірісін шығындарын дифференциялаудың негізі болып саналады: құнарлығы төмен жерлерді шығындар және керісінше қнарлы жерлердің шектеулігі құнарлығы төмен жерлерді пайдалану қажеттілігін аныөтайды: оның өнімі қоғамға қажет болғандықтан, оның жеке шығындарын нарықтық бағалар реттейді. Осындай бағаларды жақсы жерлерде қосымша дифференцияланған табыс жүзеге асырылады, оны жер иесі дифференциалды рента түрінде алады.

Соынмен бірге дифференциалды рента жер учаскелерінің орналасқан жерінің өзгешелігі мен көліктік шығындарды дифференциялау нәтижесінде пайда болады.

Әлемдік экономика жүйесінде, осы айтылғандардан басқа, түрлі елдердің өндірісіндегі ұлттық шығындарының тұрақты өзгешелігі негізінде пайда болатын дифференциалды рентаның тағы бір нысаны мүмкін. мысалы, өндірістің төмен шығындары, экономикалық дамыған елдердің өнімінің жоғары сапасы оның табиғи ресурстарының балығымен емес, олардың ірі импорттары болып табылады, олар осы елдердің қолайлы жағдайларымен емес, жоғары да аталған факторлардың негізінде болып отыр. Ұлттық өндірісті мамандандыру кезінде бір ел маманданған өндірістегі өнімнің бір түрі бойынща бәсекелесті басымдылықтарға ие болса, өнімнің басқа түрлері бойынша мұндай басымдылықтары болмауы мүмкін. Ол өзінің өндірістік мамандануына сай келетін өнімді экспорттап, профильді емес өнімді әкеледі.

Халықаралық өндірістік шығындар профильді, маманданған өнімнің ұлттық өндірістік шығындар негізіндегі бәсекелестік күресте қалыптасады. Бұл өнімді әлем нарығына әкелуші негізгі өндірушілер өндірістің табиғи жағдайлары, орналасқан жері, кадрлардың оқу және кәсіби дайындығы, техниканың деңгейі, өндірісті ұйымдастыру мен технология деңгейі облысында басымдылықтары бар елдер болып табылады. Жоғарыда басымдылықтар маманданған өнім өндірісіндегі ұлттық шығындардың төменгі деңгейін басқа да бірдей жағдайларда - өнімнің экспортерлері болып табылмайтын елдердің ұлттық нарығында өткізілетін өнімнің аналогты түрлерінің бағалары мен ұлттық шығындарын салыстырғанда ұлттық және әлемдік бағалардың төмен деңгейін қамтамасыз етеді.

Осы ұлттық және әлемдік шығындар мен бағалар арасындағы айырмашылықтар кеден баждарының қалыптасуының объективті негізі болып табылады.

Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясының позициясынан қарағанда, кеден баждарының экономикалық табиғатын түсіндіруге, олардың функцияларын анықтауға, олардың сандық негізінің принциптері мен әдістерін нақты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, 1996 жылдың шілдесіне дейін қолданылған шикізаттың кейбір түрлеріне экспорттық баждар, ел ішіндегі олардың өндіру мен тасымалдаудың ішкі жағдайлармен және әлемдік нарықта осы өнімдерді өндіру мен өткізу шығындарына байланысты, оларға деген жоғары әлемдік бағалармен анықталатын төмен ұлттық бағалар арасындағы айырмашылықпен көрсетіледі.

Сәйкесінше әкелу баждары өздері ел жағдайындағы ұқсас тауарды өндірушілердің жоғары шығындарының арасындағы айырмашылығы болып табылады және осындай тауарларды өндірушілердің негізгі шығындарымен анықталатын сәйкесінше төмен әлемдік бағалармен ерекшеленеді. Мұндай өндірушілер тауарларды әлемдік нарыққа шығарып, онда осы тауарларды өндіру облысында тұрақты тұрақты бәсекелестік басымдылықтарға ие болып келеді. Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясы және оның кедендік баждардың қалыптасу концепциясында қолданылуы мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылатын кеден саясатының негізін жасау үшін объективті база құрады.

Түрлі тауар бойынша баждың көлемін анықтау үшін бағаның ұлттық және халықаралық шығындарын есепке алу қажет.

Бажды есептеу үшін қлттық және әлемдік бағалар қолданылуы мүмкін. Баждар әлемдік және ұлттық бағалар айырмашылық негізінде анықталады. Бұл баждар реттеуші функцияны орындайды.

Әкелу баждары ұлттық және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылықтан жоғары белгіленуі мүмкін. Осы жағдайда баждар протекциондық функцияны орындайды және отандық нарықта импорттық тауарлардың енуін шектейді, ал баждық бөгеттің жоғарғы деңгейінде бұл әкелуді тоқтатады.

Сонымен әкелу баждары ұлттық және әлемдік бағалардың арасындағы айырмадан төмен белгіленуі мүмкін. Мұндай баждар тауар импортына кең мүмкіндіктер жасайды және оларды тауар импортының анықталған шектерінде ынталандырушы ретінде қарастыруға болады.

Жоғарыда аталған баждардың функцияларын келесі шартты есепте бейнелеуге болады. Айталық, А тауарының ұлттық бағасы сол тауардың әлемдік бағасынан 10 есе жоғары десек. Осындай әлемдік және ұлттық бағалара арасындағы айырма кеден баждарының келесі құрастырылу варианттары мүмкін:

1-ші вариант. А тауарына әкелу бажды 10 процент деңгейінде белгіленеді. Мұндай баж протекционистік функцияны орындап шектейді, ал жоғары деңгейде осы тауарды әкелуге тыйым салады.

2-ші вариант. Әкелу бажы 10 процент деңгейінде белгіленеді, яғни бағаларды айырмаға сәйкес. Мұндай баж ішкі нарықтағы шетел және отандық өндірушілерге бәсекелестік жағдайларын түзеп, сөйтіп реттеуші функцияны орындайды.

3-вариант. Әкелу бажы 10 процент төмен деңгейінде белгіленеді. Мұндай либералды баж кең тауар импортына жағдайлар жасайды. Ал оның нөлдік деңгейге жақындауында ол нарыққа тауарды әкелудегі экономикалық реттеу ролін жоғалтады.

Жоғарыда келтірілген есептерге талдау жасау кезінде келесідей қорытындылар жасауға болады:



  1. Өзімен өзі баждардың деңгейі, оны әдемдік және ұлттық бағалар дейгейімен салыстырмай-ақ, оның орындайтын функцияларын сипаттай алмайды. 10 процент деңгейінде белгіленген әкелу бажы протекционистік функцияны орындай алады, егер тауарға әлемдік жәгне ұлттық бағаның арасындағы 10 проценттен төмен болса, ынталандырушы – егер ол бағалардағы айырмаға сәйкес келсе.

  2. Егер әр түрлі тауарларға көлемі бойынша бірдей кеден баждары белгіленсе, онда олардың барлығы сыртқы саданы реттуде бірдей функцияны атқаратындығын білдірмейді.Бір тауарға әлемдік және ұлттық бағалар арасындағы қалыптасатын қатынастарға байланысты бұл баждар протекцтондық функцияны орындайды. Басқалар үшін - әкелу масштабтарын тұрақтандыру, үшіншілер үшін – импорттың мүмкіндіктерін кеңейту.

  3. Баждардың көлемін импорттық және отандық өндірістің тауарындағы бәсекелестік жағдайларының өзгеруімен әлемдік және ұлттық бағалардың арасындағы қатысты ескере отырып, түзету керек.

  4. Баждарды түзеткен кезде ұлттық өндіріс жағдайымен тауар ұсынысындағы өзгерістерді ғана емес сонымен қатар әлемдік нарықтың жалпы канюктурасының халықаралық шығындар мен әлемдік бағаны өзгерістерін де қажет.

Егер осы тауарға көптеген елдерде желу бағасы бірдей деңгейде белгіленсе, онда әлемдік және ұлттық бағалардың қатынасына байланысты бір елдерде бұл баж протекцтондық функцияны, басқаларда – ынталандырушы, үшіншілерді жай реттеуші функцияны атқаруы мүмкін. Мысалы, егер осы тауарға 15 процент мөлшерінде әкелу бажы белгіленсе, онда ұлттық баға әлемдік бағадан 10 процент жоғары А елде, баж протекцтональдық болады, қлттық баға әлемдік бағадан 15 процент жоғары Б елде баж реттеуші функцияны атқарады, ұлттық баға әлемдік бағадан тек 1 процент жоғары В елде, баж ынталандырушы болады.
1.2.Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы.

Кедендік баждар – кедендік баждар тауарларда режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы ҚР-ның кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді кедендік баждардың ставкаларын ҚР-ның Үкіметі белгілейді.

Кедендік алымдарға кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым,

Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Тауарлары мен көлік құралдары негізгі кедендік рәсімдеу кезінде кедендік рәсімдеу үшін ҚР-ның Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.

Кедендік ілесіп алып жүру үшін алымды ҚР-ның Үкіметі белгілейді бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.

Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін кедендік алымдар алынады.

Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның Үкіметі белгіленген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.




t

Yt

Xt

dY

dX

e

e2

et-et-l

(et-et-l)2

1

73,7

73,7

------- -

-------- -

---------

-


---------

-


---------

-


---------

-


2

74,8

74,8

1,1

1,1

---------

---------

---------

---------

3

75,9

75,9

1,1

1,1

0,319139

0,281593


0,112637

-1,249817

-0,175092

-0,412271

-0,655952

-1,825275



1,46859

0,10185

---------

---------

4

7,2

77,2

1,3

1,3

0,079295

-0,037546

0,00141

5

9,4

79,4

2,2

2,2

0,012687

-0,168956

0,028546

6

80

81,4

0,6

2

1,562042

-1,362454

1,856281

7

83,1

84,6

3,1

3,2

0,030657

-1,074725

1,155034

8

87,1

88,4

4,4

3,8

0,169967

0,587363

0,344995

9

92,5

92,5

5

4,1

0,430274

0,243681

0,059381

10

94,9

96,5

2,4

4

3,331628

-2,481227

6,156488

11

100

100

5,1

3,5

2,156756

3,293864

10,84954

баға
















7,875156




20,45168



DW=

2.596987

dl=

1,08

du=

1,36

Егер DW статистикасы интервалға түссе


duяғни, біздің жағдайымызда

1,36

онда модель қанағаттанарлық болып саналады.


Регрессиялық статистика
Көптік R 0,813462

R – квадрат 0,66172


Нормаланған 0,613394

R – квадрат


Стандарттық 1,060671

қателер
Бақылау 9


Дисперсиондық анализ





df

SS

MS

F

F мәні


Регрессия

1

15,40484

15,40481

13,69292

0,007651


Экспорттық баждар Қазақстан Республикасы территориясында өндірілген және оның шекарасынан шығарылатын тауарларға белгіленеді. Экспорттық баждарды қолдану кезінде негізінен келесі мақсаттарды көздейді:

Елдің шекарасынан ұлттық экономикаға қажетті, отандық нарықты толықтыру үшін елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті тауарларды шығаруды шектеу;

Шикізат тауарлар мен алғашқы өңделген өнімдерді шығарудан ұстау және жоғары технологиялық тауарлардың жоғары деңгейлі өңделген өнімдердің экспортын ынталандыру;

Елдің бюджетінің табыс бөлігін толықтыру.

Көптеген елдерде әсіресе, экономикалық дамыған елдерде, экспорттық баждар импорттық баждарға қарағанджа сирек қолданады. Транзиттік баждар елдің территориясы арқылы басқа елдерде (тарнзитпен) тасымалдайтын тауарлардан алынады. Олар мыналар үшін белгіленуі мүмкін:



  • елдің территориясы арқылы өтетін кейбір тауарлар топтарын реттеу;

  • мемлекеттік қазынашылықты толықтыру;

Айта кететін жағдай, қазіргі кезде транзиттік баждар әлемде қолданылмайды.

Ішкі нарық пен отандық өндірушілерді белгілі бір тауар импортынан қорғау үшін баждардығ ерекше түрлері қолданылады. Қолданылу мақсаттарына байланысты ерекше баждар арнайы баждарға антидемпингтік баждарға, компенсациялық баждарға бөлінеді.

Арнайы баждар қорғау шарасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Елге әкелінетін тауарлардан осындай тауарды өндіруші отандық нарықты қорғау; Дұрыс емес бәсекелестікті жою тәсілі ретінде.

Антидемпингтік баждар ішкі нарықта демпингті бағалар бойынша тауар импортынан қорғау үішн арналған.

Демпинг деп импортер – елдің тауардың экспорты мен оны өткізуді ішкі нарықтағы өндіруші – елдердің бағасынан төмен бағалармен жүзеге асыруы.

Осы бағалардың арасындағы айырма антидемпингтік баждың қалыптасу негізгі болып табылатын демпингтің мөлшерін сипаттайды.

Конпенсациялық баждар елде экспортты дамыту немесе импорттың орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын мемлекеттік субсидиялармен өндірілетін тауарлардың импортына жүргізіледі. Субсидияларды пайдалану шығындары әдейі азайтуға әкеледі, сәйкесінше, экспортталатын тауарлардың бағасының төмендеуіне әкеледі (соның ішінде Қазақстанда). Қазақстандық өндірушілерге үлкен залал әкелуі, отандық өндірістің дамуын ұстап тұруы мүмкін. Осындай жағдайда отандық өндірушілерді қорғау үшін компенсациялық баждар қолдануы мүмкін. Олардың мөлшері судсидиялардың көлемімен анықталады.

Айта кететін жағдай, Қазақстан Республикасында тәжірибеде ішкі нарық пен отандық өндірушілерді елге қолайсыз тауар импортын қорғау үшін арнайы антидемпингтік, конпенсациялық баждар пайдаланылмайды, бірақ бұл проблеманы шешу өзектілігі өсуде. Жоғарыда көрсетілген баждардың түрлері жылдың әр уақытында, яғни жыл бойы қолданылуы мүмкін.

Бөлек тауар топтары бойынша жыл бойы өндіріске ұшырайтын өндіру мен өткізу көлемдері үшін мезгілдік баждар белгіленуі мүмкін. Мезгілдік баждарды қолдану мемлекетке жылдың белгілі бір уақытында осындай тауарлардың импорты мен экспортын тиімді реттеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесі кедендік алымдар қолданылады:



  1. кедендік баж;

  2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергені үшін алым;

  3. кедендік рәсімдеу бойынша мамандарға біліктілік аттестатын беру алымы;

  4. кедендік рәсімдеу үшін кеден алымы;

  5. тауарларды сақтау үшін кеден алымы;

  6. кедендік ілесіп алу үшін кеден алымы;

  7. алдын ала шешім үшін төлем ақы.

Импортталатын тауарлардан қосылған құнға салық пен акциздерді салу кеден органдары мен Қазақстан Республикасы салық заңында белгіленген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта ТМД елдерінің арасындағы мемлекетаралық келісімді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы территориясында кеден баждарының ставкалары белгіленген, кеден құнынан проценттік немесе ЕВРО-мен.

Қазақстан Республикасы бажсыз жаңа тауарларды жасау үшін әкелетін тауарлар әкеленеді, мысалы, инкубациялау үшін құс жұмыртқалары, дәнді дақылдар, мерзімді басылымдар, органикалық химикалық қосылулар, табиғи газ кен және қорғаныс, мысалы концентраттары.

Қазақстан Республикасы лицензия беру алымы алынады.

Кедендік рәсімдеу бойынша мамандарға біліктілік аттестатын беру алымы 200 ЕВРО мөлшерінде алынады.

Кедендік рәсімдеумен байланысты процедура СЭҚ қатысушыларына кеден органдары көрсететін қызмет ретінде қарастырылады. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымы осы қызмет үшін төлем ретінде көрсетіледі. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымының ставкалары кеден жүйесінің қызметтеріне төлеу болып саналады.

Кеден рәсімдеу үшін кеден алымын тауарды және оған қатысты құжаттарды кедендік рәсімдеуге алу мезетінде төлеу жүзеге асырылады. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымының ерекшеліктері:


  • біріншіден, бұл алым бойынша төлемді кейінгі қалдыру берілмейді;

  • екіншіден, кеден рәсімдеу үшін кеден алымы бойынша төленген сомалар қайтарылмайды.

Тауарларды кедендік рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасы кеден шекарасы бойынша тауар ретінде қозғалысындағы көліктік құралдарды қосқанда, сонымен қатар оңайлатылған, жеңілдік тәртіпте қозғалатын тауарларға, халықаралық пошталық жөнелтулер мен жүктерге алымдар белгіленген ставкалар бойынша алынады.

Тауарларды кеден қоймасымен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары алынады.

Кедендік ілесіп алу үшін кеден алымы тауарларды контрабанда жолымен әкелуден құтылу мақсатында тауарды кеден шекарасынан белгілеу пунктіне барғаны үшін алынады.

Қазақстан Республикасының Орталық кеден органы, кеден басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық кеден органымен белгіленетін Қазақстан Республикасының жекеленген кедендері мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша нақты тауарға немесе нақты шаруашылық операцияға қатысты, елде шыққан тауардың кедендік құнының жіктелуі бойынша алдын ала шешім қабылдағаны үшін 50 евро мөлшерінде төлем алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет