Реферат группа: 609 Тақырыбы: Орындаған: Тапсырылған күні


Тоқпан жіліктің проксималдық бөлігінің сынығы



бет5/7
Дата15.12.2022
өлшемі197 Kb.
#467289
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
кеуде жарақаттары

Тоқпан жіліктің проксималдық бөлігінің сынығы
Анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Тоқпан жілік, humerus, қолдың ұзын қозғалыс рычагы болып табылады. Жіліктің диафиз, метафиз, эпифиз және апофиз бөліктерін ажыратады.
Проксималдық бөлікте шар тәріздес жілік басы,caput humeri,орналасқан, оның сфералық беткейі ішке ,жоғары және артқа қараған. Жілік басы анатомиялық мойынмен ,collum anatomicum, шектеседі. Проксималдық бөліктегі үлкен және кіші төмпешіктер tuberculum minuset magus, жілік басынан төмен орналасқан.Төмен түссе келе осы төмпешіктер сүйек қырларына алмасады,crista tuberculi minoris et majoris ,оларға иық белдеуінің бұлшықеттері бекиді.Төмпешіктерден төменгі аймақта тоқпан жілік аздап тарылған , осы аймақ хирургиялық мойын ,collum chirurgicum ,деп аталады.
Жілік басы жауырынмен жалғасып иық буынын құрайды, буын қапшығы (капсула) кең және ол қолтық астында Ридер қалташасы деп аталатын қатпарды түзеді.Тоқпан жіліктің проксималдық бөлігінің сынығында осы қалташаға қан жиналып ,қатпардың қабырғалары жабысып қалуы мүмкін, соның салдарынан иық буынында қозғалыс шектеледі.Осы аймақтағы тағы бір анатомиялық ерекшелікке жілік басы мен диафиз арасындағы мойын бұрышын жатқызады, ол қалыпты жағдайда 135 С –қа тең. Рентгенограмманы бағалағанда бұрышты әрқашан есепке алу керек(Привес М.Г.,Сапин М.Р., Синельников Р.Д)
Проксималдық бөлікке иық тарамы (будасы) , қолтық асты нерві мен артериясы тым жақын орналасқан , жарақат кезінде олар зақымдануы мүмкін.
Жарақаттың жіктелісі . Тоқпан жіліктің проксималдық бөлігінің сынықтары буынішілік және буыннан тыс сынықтарға бөледі.Буынішілік сынықтарға тоқпан жіліктің басы және анатомиялық мойынның сынықтары жантады.Буыннан тыс сынықтардың келесі түрін ажыратады:төмпешіктер аймағының және хирургиялық мойынның сынықтары.
Жарақат механизмі.Тоқпан жіліктің проксималдық бөлігінің сынықтары тура жарақат және жанама жарақат механизмінен пайда болады.Көбінесе жанама жарақат механизмі кездеседі.
Тура жарақат механизмінен жілік бөлшектеніп сынады,ал сынық бастары шамалы ығысады.
Тоқпан жіліктің буынішілік сынықтары сирек кездеседі.Жіліктің анатомиялық мойны сынғанда ,сынықтың дисталдық бөлігі жіліктің басына қадалуы мүмкін, соның нәтижесінде қадалған сынық пайда болады.Егер жарақаттан тоқпан жілік басының шығуы орын алса, оны шығуымен болған сыну деп атайды.
Рентгенологиялық зерттеулер.Тоқпан жіліктің жарақатына нақты диагноз қою үшін рентгенологиялық зерттеулер жасалады.Рентгенография тура проекцияда , сондай-ақ трансторакльдық және аксиальды проекцияларда орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет