Жіктемесі
Тоқпан жіліктің проксималды бөлігінің сынықтары
1. Буынішлік:
- тоқпан жілігі басының сынуы;
-анатомиялық мойнының сынығы.
2. Буыннан тыс:
- төмпешік астылық, төмпешік үстілік сынықтар;
- хирургиялық мойнының сынығы (аддукциялық, абдукциялық);
- үлкен жəне кіші төмпешіктерінің изоляцияланған сынықтары.
Тоқпан жілік диафизінің сынықтары:
- 1-ші тип;
- 2-ші тип;
-3-шітип.
Тоқпан жілігінің дистальды сынықтары:
- айдаршық үстілік сынығы;
- айдаршықтың сынығы.
Буынішілік сынықтар (сирек кездеседі):
1. Иық буынындағы ауыру сезімі.
2. Иық буыны қызметінің бұзылысы.
3. Буын ісінуі жəне гемартроз дамуы.
4. Белсенді қозғалыстың шектелуі, əсіресе əкету қызметі.
5. Пассивті қозғалыстар жедел ауырсынумен.
6. Тоқпан жіліктің басына саусақпен басу кезіндегі ауырсыну.
7. Осьтік күштеме(төменнен жоғары қарай шынтақ буынына басу) жедел ауырсыну.
Хирургиялық мойнының сынықтары: аддукциялық жəне абдукциялық (жиі кездеседі , əсіресе кəрі жаста).
Аддукциялық сынық бүгілген шынтақ буынымен құлау сатысында дамиды. Орталық жарықша алдыға жəне сыртқа ығысады. Шеткі жарықша сыртқа жəне жоғары қарай жылжиды. Жарықшалар арасында ішке қарай ашылатын бұрыш дамиды.
Абдукциялық сыну қолдың жазылу, яғни түзелу кезінде құлау. Орталық жарықша ішке жəне төмен қарай ығысады. Шеткі жарықша орталықтан бұрыш құрып сыртқа қарай ашылады.
1. Иық буынының қызметінің ауыр бұзылыстарымен ауыру сезімі.
2. Науқас сынған қолын сау қолымен шынтағынан ұстап тұрады.
3. Иық буынында белсенді қозғалыстар шектелген.
4. Пассивті қозғалыстар болуы мүмкін, бірақ қатты ауырсынумен.
5. Осьтік күштеме оң.
6. Тоқпан жіліктің ротациялық қозғалыстары оның басынан изолияцияланып қозғалады.
Тоқпан жілік диафизінің сынығы
Тікелей механизм: иықты ұру немесе иықпен қатты затқа ұрылу.
Жанама механизм: алақанмен немесе шынтақ буынымен құлау: иық осьмен шектен тыс ротациялық бұралуы.
1-ші тип. Сыну сызығы кеуденің үлкен бұлшық етінің байланысқан жерінен жоғары өтеді. Орталық жарықша сыртқа жəне алдыға ығысқан, сыртқы ротациямен. Шеткі жарықша үлкен кеуде бұлшық етінің жиырылуымен ішке қараған жəне жоғарыға тартылған, ішке қарай бұралған.
2-ші тип. Сыну сызығы кеуденің үлкен бұлшық етінің байланысқан жерінен төмен, бірақ дельта тəріздіден жоғары орналасқан. Орталық жарықша кеуденің үлкен бұлшық етінің жиырылуымен жəне аздап ішке қарай бұрылған. Шеткі жарықшалар дельта тəрізді бұлшық етінің жиырылуының нəтижесінде жоғары көтерілген жəне сыртқа ығысқан.
3-ші тип. Сынық сызығы дельта тəрізді бұлшық етінің байланысқан жерінен төмен орналасқан, орталық жарықшаны сыртқа жəне алдыға ығыстырады. Шеткі жарықшалар иық бұлшық етінің жиырылу нəтижесінде жоғары тартылған.
1. Сыну аймағындағы ауыру сезім.
2. Иық қызметінің бұзылыстары.
3. Мүшенің деформациясы.
4. Қолдың қысқаруы.
5. Патологиялық қозғалғыштық.
6. Жарықшалардың крепитациясы.
7. Осьтік жүктеменің оң симпомы.
Тоқпан сүйегінің дистальді сынықтары
Айдаршық үстілік сынықтар
Бүгілген сынық – науқас шынтақ буынымен бүгілген кезінде құлауы. Орталық жарықшақ артқа жəне ішке ығысады, ал перифериялық алдыға жəне сыртқы жарықшалар арасындағы бұрыш алдыға жəне ішке қарай ашылған.
Жазылқан сынық – шынтақ буынының жазылған күйінде құлауы. Орталық жарықша алдыға жəне ішке ығысқан, ал перифериялық артқа жəне сыртқа қарай ығысқан. Жарықшаларды қосымша иық бұлшық еттер ұзына бойы ығыстырады.
1. Иықтың дистальді жəне шынтақ буынында ауыру сезімі.
2. Шынтақ буыны қызметінің бұзылысы.
3. Белсенді жəне пассивті қозғалыстарда жарықшалар крепитациясы естіледі.
4. Шынтақ буынының деформациясы.
5. Шынтақ аймағында жұмсақ тіндердің айқын ісінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |