Диагностика. Ең алдымен жарақаттың механизімен болу жағдайын анықтау керек. Дем алу, жөтел, қатты қозғалыстар кезінде күштілігі кенеттен ұлғаятын кеуде қуысындағы ауырсынуды анықтайды. Жиі науқас мәжбүр жағдайды қабылдайды, зақымдану жағына еңкейеді, кеуде қуысын қолымен көтермелейді. Тыныс алу беткей, жиі. Терең дем алуға тырысу кезінде ауырсынудың күшеюінен терең дем алу үзіледі ( « үзілген дем алу» белгісі ).
Тері түсінің, сырылулар түсінің өзгерісі қанталаулар жарақаттаушы күштің түсу орнын көрсетеді. Сынықтың клиникалық дәл орналасуын төстен омыртқаға дейінгі қабырғаларды сипап сезу арқылы анықтайды. Ең ауырсыну нүктесі, ісіну, сықырлау тура сынықты көрсетеді. Тыныс алу бұзулуларының ауырлығы қабырғалардың сыну санына, орналасуына байланысты екі жақты бірнеше қабырғалардың сынуы әдетте тыныс алудың ауыр бұзылыстарымен қатар жүреді.
Сүйек сынықтарының сықырын болжамалы сынық орнының пальпациясы мен аускультациясы кезінде анықтайды.
Жоғарғы қабырғалардың ( 1-2 қабырға ) зақымдануы кезінде бұғана және бұғана асты тамырлардың ( артерия және көктамыр ) зақымдануы мүмкін, ортаңғы қабырғалар (3-9 қабырғалар) негізінен жүрек және өкпе жағынан асқынулар гемо-, пневмо-, гемопневмоторакс, өкпе соққысы, гемоперикардиум түрінде дамиды. Төменгі қабырғалардың ( 9-12 қабырғалар зақымдану кезінде іш қуысы мүшелері –бауыр жыртылуы көк бауыр, бүйрек т.б зақымдануы мүмкін.
мдеу. Оқиға болған орында алғашқы дәрігенрлік көмек көрсеткенде жансыздандыруды бұлшық ет ішілік ( анальгин+димедрол, кетонал, наркотикалық анальгетиктер) жүргіземіз. Одан кейін науқасты статционарға тасымалдаймыз.
Стационар жағдайында асқынбаған қабырға сынықтары кезінде емдеуді сынық орнын блокададан бастаймыз ( 10 мл 1% новокаин немесе лидокаин ерітіндісін сынық аймағына ). Қосымша қабырға аралық жүйкелерді блокадалау жүргізу тағайындалады- қабырға аралық немесе паравертебральді блокада.
Қабырға аралық жүйкелерді блокадалау
Толық жансыздандыру кеуде қуысының экскурсиясын үлкеюімен бірге дем алу кезінде өкпенің толық жазылуына, вентиляция жақсаруына, бронхтарда жиналған шырышты шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жарақаттан кейінгі пневмонияның алдын алуда өте маңызды. Аурсынудың ауыр қайталануында блокадалар қайта 2-3 рет жүргізілуі мүмкін.
Көптеген және өкпенің зақымдануымен асқынған сынықтарда қосымша вагосимпатикалық блокадаларды А.В.Вишневский бойынша плеропульмональді шоктің алдың алу үшін – 0,25% 40-60 мл новокаин ерітіндісін ұзын инемен төс-бұғана –емізік тәрізді бұлшық еттің артқы қыры бойымен төртінші мойын омыртқасы алдыңғы бетіне дейін. Блокаданың нәтижелігі Горнер триадасының ( птоз, миоз, энофтальм) пайда болуымен дәлелденеді.
А.В Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада.
Көптеген қабырғалық сынықтар кезіндегі қатты ауырсыну синдромыңда перидуральді анестезия жүргізу нәтижелі болып табылады, перидуральді катетер арқылы анестетикті бөлшектеп енгізу арқылы пролонгирленген жансыздандыру жүргізуге мүмкіндік арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |