Реферат көрнекті педагогтардың Ұжым туралы зерттеулері. ҰЖым белгілері нығайту қалыптастыру жолдары


Ұжым белгілері нығайту қалыптастыру жолдары



бет3/6
Дата23.10.2023
өлшемі294.17 Kb.
#481432
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
реферат

2.Ұжым белгілері нығайту қалыптастыру жолдары


Елбасының Қазақстан халқына Жолдауьшда "Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет"деп атап көрсетілгендей, білім беру сала-сында елеулі өзгерістер жүріп жатыр.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаты қазіргі кезеңдегі оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізілуде. Солардың бірі — Дьяченконың ұжым-дық оқыту технологиясы.
Ұжымдық оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Оқушылардың алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануда ұжымдық та-нымдық іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясының 3 нұсқасы қолданылады.
Бірінші нұсқа бойынша барлық оқушыларға топта ұжымдық орындауды қажет ететін бірдей тапсырмалар беріледі. Бұл жұмысты ұйымдастырушылық қабілеті басым, достарының арасында беделі бар топ басшысы жүрпзеді. Бұл жерде мұғалім топ басшысы жұмысын нәтижеге қарай бағыттап, тек жол сілтейді.
Екінші нұсқа топ басшыларынан үлкен қарқынды жұмысты талап ететін ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды көздейді. Бұл жерде оқушыларға қиын есептерді шығару тапсырылады. Сынып бірнеше топтарға бөлінеді, алғашқы кезекте берілген есепті барлығы жеке шығарады. Есепті бірінші шығарып болған оқушы жұмысын мұғалімге көрсетеді. Егер есептің шешімі дұрыс болса, онда оқушы мұғалім тарапынан тиісті бағасын алады және мұғалім оған қосымша тапсырма береді. Осы кезде есепті екінші шығарған оқушы есептің шешімін бірінші оқушыға көрсетеді, бірінші оқушы екінші оқушының есебін бағалайды. Үшінші есепті шығарған оқушы жұмысын екінші оқушыға көрсетіп, сәйкесінше бағасын алады және солай кете береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет