Сарказм (грекше – sarkasmus – қинау, sar – дене) – мысқыл, зілді кекесін. Сарказм иронияның ұлғайған түрі делінеді. Екеуінің де негізі – күлкі. Адамның не өмір құбылысының белгілі бір жағын күлкі ету, шенеу, мысқыл ету, бірақ екеуінің өзара жақындығымен қатар, айырмасы да бар.
Жазушы ирония арқылы не адамды, не бір нәрсені шенемек, әжуалап, күлкі етпек болса, сөз, сөйлемнің ішкі мазмұны кекесін, шенеу, әжуалау болғанмен, олардың айтылу түрі мақтаған тәрізді бүркемеленеді. Ал, сарказмда ондай бүркемелік жоқ. Кімді немесе нені күлкі етіп, шенемек, мысқылдамақ болса, ашықтан-ашық шенейді. Сарказм иронияға қарағанда, анағұрлым өткір, анағұрлым улы. Кейбір авторлар: «Сарказм – иронияның ең жоғарғы сатыға көтерілген түрі», – деп қарайды. Әрине, бұл пікірді тepic деуге болмайды. Бұлар ирония және сар казм деп аталса да, араларына үзілді-кесілді шек қою қиын. Бір контексте ирониялық мағына беретін сөздер, екінші контексте сарказмдық мағына береді.
Баймағамбет Шерниязға ханымды мақташы дегенде, Шернияз:
Шекеңнің сөйлер сөзге желгенін-ай, Алланың шүкір қылдым бергеніне-ай.
Сипаты бейне жұмақ үрдің қызы, Ханымның келбетінің келгенін-ай, – дейді.
Осы тұрғысында ақын, ханымды мақтап отырған тәрізді, бірақ ханым мейлінше сиықсыз адам. Үр қызы – қиял дүниесі туғызған ең сұлулық бейнесі. Ендеше, көріксіз, сиықсыз адамды сұлу деушілік, керісінше айту, кекету, оны келеке, күлкі ету болып шығады. Қара кісіні – аппағым, пұшық кісіні – қоңқағым дегенмен бірдей.
Сарказмның өткір түрлері Абай өлеңдерінде көп кездеседі. Абай өз дәуірінің ұлы сыншысы болды. Ол ескі феодалдық өмірді де, жаңа туа бастаған қазақ буржуазиясын да аяусыз шенеді. Пәлеқорлық, парақорлық, надандық, мақтаншақтық, екіжүзділік, партиягершілік, жалғандық, өтірік, өсек, т.б. жақтарды да адам жиіркенгендей етіп суреттеді. Бұл үшін ол сарказмды қолданды. Мысалы, «Дүтпайға» деген өлеңінде сол кездегі екі жүзділердің образын Абай былай деп суреттейді:
Жылуы жоқ бойының, Жылмиғаны не еткені?
Құбылуы ойының
Кетпей құйтың еткені!
Мұңды жылмаң пішінін
Кезек киіп, ел жиып, Болыс болса түсінің, Түксігін салар тырсиып. Бір көрмекке тәп-тәтті, Қазаны мен қалбаңы. Бір көрмекке тәп-тәтті Қазаны мен қалбаңы.
|
Дөң айналмай ант атты Бүксіп, бықсып ар жағы.
Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін сыйлас көрініп
Бүгін жалын, ертең шоқ Сөзі мен өзі бөлініп.
Әлі үміт, әлі серт,
Жын сықылды бұзылып. Қулық емес, бұл – бір дерт, Тұрлауы жоқ құбылып.
|
Бұл өлеңді түгел сарказммен жазылған деп айтуға болады. Баққұмар, мансапшыл, екіжүздінің образын көрсету үшін, оны жексұрын етіп суреттеу үшін Абай ең мысқыл, ең кекесін сөздерді таңдап алады. Бір жағынан, адам оған күлгендей етіп, екінші жағынан, оны шеней суреттейді. Бұл жердегі күлкі, ирония сықылды, жай, зілсіз, әзіл тәрізді күлкі емес, ызалы күлкі.
Ирония мен сарказм өлеңде де, қара сөзде де, пьесада да бола береді. Ирония көбіне юморлық шығармаларда кездессе, capказм сатиралық шығармаларда да кездеседі, бірақ бұл ылғи солай бола бермейді. Сатиралық шығармада ирония, юморлық шығармада сарказм да кездесуі мүмкін. Сөйтіп екеуі бір шығармада араласып та келетін жерлері болады.
Ирония совет әдебиетінде де жоқ емес. Бізге керексіз, бізге зиянды деген өмір құбылыстарына қарсы жұмсалатын ирония тілімен жазылған юморлық шығармалар совет әдебиетінде де бар.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ
Мазмұны
Сарказм мен ирония, олар бірдей ме?
Ирония қашан қолданылады?
Ирониямен (әзіл) сөйлемдердің мысалдары
(Парадоксалды) иронияның мысалдары
Сарказм мысалдары
The ирония мен мысқыл олар айтылғанның тура қарама-қарсы түрін жеткізуге тырысатын әдеби құралдар. Күлкілі кейіпкер күлкілі функцияны орындайды, өйткені ол күлкілі түрде көрінеді, бірақ кейде ол сол тосқауылдан өтіп, агрессивті және шабуылдаушылармен шектеседі. Мысалға: Мен сенің көп оқығаныңды көремін ... (емтиханнан өте алмаған адамға)
Ерония да, мысқыл да ауызша және жазбаша қарым-қатынас кезінде қолданылатын құралдар, олар тілді жақсы меңгеруді және белгілі бір коммуникативті дағдыларды қажет етеді, оны жіберуші мен алушы бөлісуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |