«Құндылық» пен «ресурс» ұғымдарының байланысы.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы кең ауқымды ғылым саласына арқау екендігі мәлім. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның тұлға болып қалыптасу жолындағы «құндылық» пен «ресурс» ұғымдарының маңызы зор. Адамзат үшін өмір сүруге энергия көздері: ауа, су, тамақ қаншалықты қажет болса, ресурстардың да қажеттілігі соншалықты маңызды. Адамдардың даму эволюциясына көз жүгіртер болсақ, адамзаттың даму жолы тек еңбек және әрекетпен жүзеге асқан. Ал әрекет пен еңбекті адамдар өздеріне құнды деп санаған мақсаттары үшін жасаған. Мәселен, өмір сүру құнды болғандықтан ас табу үшін еңбек етті, еңбек етіп ас табу құнды болғандықтан керекті құрал-жабдықтар ойлап тапты. Яғни құндылықтың құны адамдар үшін үнемі әрекетке әкеліп отырса, әрекеттің қарқындылығын «ресурс» атқарып отырды. Тұлға қандай әрекетке бет алса да, оның ресурс көзі жеткілікті болмаса, оның құнды санаған дүниеге деген қызығушылығы өсудің орнына кем береді.
Әр тұлға бір-біріне ұқсамайтын жеке дара құбылыс болғаны секілді ресурстың да, құндылықтың да әр тұлғада әр түрлі көріністе кездесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |