Реферат құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде Орындаған: Амирбек Ақниет Тобы: Қтә-101



бет4/4
Дата02.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#454418
түріРеферат
1   2   3   4
реферат психология Ақниет

Ресурстың тұлға өміріндегі құны.

Әр тұлға үшін құндылық ұғымы әр түрлі. Әлдекім ең құнды ұғымды отбасы деп таныса, енді біреуі оқу деп ұғады. Құндылық-адам өмірінің мәні, оның жетелеуші күші, мотивациясы. Дегенмен құндылық ұғымын тұлға үшін толықтыратын тағы бір дүние ол-«ресурс».

Тұлға күнделікті өмірде өз құндылығы үшін белгілі бір мақсаттарды жасайды. Адам мақсаттарына әрекет ету үшін физикалық күшті сыртқы факторлардан, өзінің асқа, суға, спортқа деген қажеттіліктерін өтеу арқылы алады. Дегенмен, ішкі діңгектің мықты болуы жоғарыда аталған әрекеттерді жасау процесінде тұлға үшін жайлылық пен қолайлылық, ерекше еркіндік сыйлайды. Осы құбылыс-тұлғаның психологиялық ресурсының қызметі деп аталады.

Адам жан мен тәннен тұрады, жан мен тәннің арасындағы баланстың жеткілікті көрсеткішті көрсетуі-тұлға үшін психологиялық ресурс алу болып табылады. Психологиялық ресурсы толық тұлға өмірінің қандай мақсаттарында қандай қиындықтар кездессе де, алға қарай жылжуын тоқтатпайды. Психологиялық ресурстың тұлға өміріндегі құндылығы да осында.



Қорытынды.

Психология-жан мен тәннің үндестігіне бағынышты. Ал жан мен тән үндестікті ресурстардан табады. Психологиялық ресурс-тұлғаның ішкі рухани құндылығының көрсеткіші. Тұлға өмір сүру арқылы, ізденіп, әрекет ету арқылы өзінің ресурс көздерін үнемі тауып, толықтырып отырады. Егер де ішкі психологиялық ресурстар жеткілікті болмаса, сыртқы ресурс көздері тұлғаның дамуы үшін энергияның қорын бере алмайды. Құндылықтарды адам өмірінің мәні дер болсақ, құндылықтарды сақтау мен оларға күтім жасап, құрмет көрсету барысында психологияның атқарар рөлі орасан зор.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қабул О.Қ. «Сабақтастық-философиялық ұғым»(құндылықтар трансформациясы)-Алматы: 2019ж.

  2. Жолдасбеков Мырзатай «Кісілік кітабы». Том 3. Астана: Күлтегін, 2012ж.

Пайдаланылған ғаламтор сайттары:

  1. https://melimde.com/tairibi-tlfali-resurstar-ltti-sanani-satau-men-damitudi-faktor.html

  2. https://jasgalym.kz/studentterge/psichology/307-ndyly-zhne-ndyly-badar-ymdaryna-psihologijaly-taldau.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет