Реферат құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде Орындаған: Амирбек Ақниет Тобы: Қтә-101


Тұлғаның психологиялық ресурстары



бет3/4
Дата02.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#454418
түріРеферат
1   2   3   4
реферат психология Ақниет

Тұлғаның психологиялық ресурстары.

Психологиялық ресурстар - бұл мүмкіндіктер, сондықтан жеке тұлғаның психологиялық ресурстары, табиғаты, әрине, тұлғалық мұраттарына жақын болады. Әлеммен табыс пен келісімге тұлғаның қол жеткізу үшін осы адамның ішкі психологиялық ресурстары максимум деңгейінде болу қажет. Әлеуметтік психология саласындағы көптеген мамандар өзін-өзі жетілдірумен айналысатын адамдар, көп жағдайда, өз мақсаттарына тез жететінін атап көрсетті. Олар бірінші өзінің психологиялық жан күйі мен ресурстарын бақылауға қабілеті бар тұлғалар болмақ.

Тұлғаның ішкі психологиялық жайлылығы оның психологиялық ресурсы болып табылады. Тұлғаның ішкі психологиялық ресурстары:

- денсаулық сақтауы (физикалық және психологиялық);

- интеллектуалдық қабілеттері;

- дағдылары, қабілеттері, тәжірибесі;

- позитивті ойлауы және эмоциясы;

- өзін-өзі бағалауы;

- өзін-өзі бақылау;

- руханилық.

Психологиялық ресурс өз кезегінде тұлғаның әрекетке итермелеуші, белсендіруші энергия көзі болып табылады. Адам өзін комфорт пен еркіндікте, өзімен үндестік таба алған сезімді қандай әрекеттен сезінсе, сол әрекеттер тұлғаның психологиялық ішкі ресурсы бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет