1.4 Операциялық жүйелердің түрлері
Microsoft Windows - IBM тәрізді компьютерлерде графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық орта. Оның дамытылған нұсқалары түрінде Windows NT, Windows 2000 сияқтыоперациялық жүйелер кеңінен қолданылуда.
Windows 98 (кодтаулы аты Memphis) — Microsoft корпорациясының 1998 жылдың 25 маусымында жарыққа шыққан компьютерлергеарналған графикалық операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 95 жаңалатынған түрі болып саналады. MS-DOS 7.1 негізінде жасалған гибридтелген 16/32-разрядты өнім.
Дамытылған AGP жүйесін қолдауы, толығымен жасалған USB драйверлері, WebTV мен бірнеше мониторлармен бірдей жұмыс жасай алатын жаңа өнім болып келді. Windows 95 OSR 2.5-тегі дей Internet Explorer 4 интерфейсі сақталған.
Windows 98 арналған жүйелік қажеттіліктері: жүйені қондыруға керек ті процессор 486DX/66 MHz немесе одан да мықтырақ, 16 Мб ОЗУ және қатті дискті қосымш 195 Мб бос орын қажет етеді.
Windows 2000 (тағы да оны Win2k, W2k немесе Windows NT 5.0, кодтаулы аты Cairo) — Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы 32-биттік процесстермен жұмыс жасайтын компьютерлерге арналған операциялық жүйесі.
Жүйе 1994 жылы жарияланды. Альфа-сынақ 1995 жылдың басынан бастап 1997 жылдың қыркүйек айы аралығында болды. Тұңғыш бета-нұсқасы жұртшылыққа 1997 жылдың 27 қыркүйегінде көрсетілді.
Ағымдағы сөздердің сыртқа таралуы
2004 жылдың 12 ақпанында пирингтік сайтында Windows 2000 ағымдағы сөздерінің бөлшектері сыртқа таралғаны мәлім болды. [1]
Windows XP (жасалу кезіндегі кодтаулы аты — Whistler; ішкі нұсқасы — Windows NT 5.1) — Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы 2001 жылдың 25 қазанында жарыққа шыққан, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 2000 Professional дамытылған түрі болып саналады. XP атауы ағылш.eXPerience сөзінен шыққан (тәжірибе).
Windows Vista – Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. Ол жасалу кезінде «Longhorn» деген кодтаулы атымен аталды.
Windows Update — Windows жүйесінің қауіпсіздік мүмкіндігі.
Бұл қауіпсіздік жаңартуларды, маңызды жаңартуларды және жаңарту бумаларын пайдаланушы белгілеген кесте бойынша өздіктік түрде қотарып алуға және орнатуға арналған. Сонымен қатар осы мүмкіндіктің көмегімен маңызды жаңартулардың пайда болғаны туралы құлақтандырулар алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |