Реферат Орындаған: Беделхан Абзал Тобы: лр 102 Тексерген;Керімбек. Ж жоспары: Көк жасыл балдырлар


Хромотофордын кұрылысы және көбеюі



бет5/5
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#451215
түріРеферат
1   2   3   4   5
Беделхан Абзал ЛР 102 . реферат

6.Хромотофордын кұрылысы және көбеюі

6.Хромотофордын кұрылысы жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоро филінің құрылысындай. Оларға хлорофилл сіңген, түссіз акуызды стромадан кұралган. Хромотофорда акуызға бай дөңгелек тығыз денелер пиреноидтар болады. Бұлардың айналасында көбінесе коректік заттардын коры ретінде крахмал және май тамшылары жиналады. Жасыл балдырлардын копшілігінде жасуша бір ядролы, кейде көп ядролы. Ядро хромотофордан әрірек жасушаның сыртын ала жаткан цито плазманын кабатында немесе жасушанын ортаңғы бөлімінде вакуоль куысына карай созылған цитоплазма жіпшелері ұстап тұрады. Монада кұрылысты түрлерінде жиырылғыш вакуолі, қызыл көзшесі, екі тек талшығы болады. Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбей еді. Бір жасушалы түрлерінде жасушаның жәй екіге бөлінуі, кауымды және жіп тәрізді түрлерінде кауымнын ыдырауы мен жіптің бөлшектерге үзілуі аркылы вегетативтік көбейеді. Жыныссыз көбеюлері зооспоралармен қоз ғалмайтын апланспоралар аркылы болады. Жасыл балдырларда, изогамия, гетерогамия және оогамиялык жыныс процестері болады. Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы суларда, кейбір түрлері теңіз суларында кездеседі. кейбір түрлері ылғалды топыракта, ағаштын қабығында мекендейді. Бір жасушалы және қауымды жасыл балдырлар. Вольвоксты - Volvocales балдырлар катары. Бұл катарға вегетативтік күйінде қозғалғыш келетін бір жасушалы, цианобиальды -монада кұрылыс ты ағзалар жатады. Тен талшыктылар класының вольвокстер қатарының өкілі ретінде хламидомонада және вольвокс балдырларын карастырамыз. Вольвокс (2-сурет) туысы шар пішінді бір жасушалы балдыр. Вольвокс балдырынын жасушасындағы цитоплазма сыртына шырыш бөліп шығарады да бірнеше жасушалар аркылы байланысып, кауымды тіршілік ете бастайды, бұлардың да пішіні шар тәрізді болып келеді. Вольвоксты кұрайтын жасу шалар кұрылысы жағынан хламидомонадаға ұқсас, олардың әр кайсысынын хромотофоры. Цитоплазмасы, ядросы, көзшесі және екі талшығы болады. Осы талшыктардын бір бағытка карай қозғалуына байланысты бір орыннан екінші орынға козғалып отырады. Жасушалары біркелкі болмай ірілі-ұсақты болып келеді. Ұсақ жасу шалар бөлінуге кабілетсіз. Олар кемір кышкыл газына жарыкта көміртегін ассимиляциялайды, сөйтіп фотосинтез процессі жүреді, ал ірі жасушалары көбеюге қабілетті. Ондай ірі жасушалардың саны он шакты, оларда парте ноғониялы жасушалар деп атайды. Вегетативтік жолмен көбейгенде партеногониялык жасушалардын оңай бөлінуі аркылы жана жасушалар түзеледі, бұлардан дамыған пластинка табак сиякты сыртка карай денгеленіп иіледі. Бұл кезде денесінің алдыңғы жағы иілген пластинканың ішіне карап жатады, кейіннен алдыңғы жағы аркылы сыртка карап айналып түседі де пластинка шеттері аркылы түйісіп, іші куыс шарға айналады.




Кейінгілердің жасушалары аналык шардын жасушаларына ұксас және әрбір жасуша екіден өзіне талшык түзетін болады. Мұндай жас шарлар бірнешеу болып, аналык шардың орта куысына түсіп козғалады. Олардын ұлғаюынан аналык шардын кабырғасы жыртылады да жас шарлар сыртка шығып өз беттерімен тіршілік ете бастайды.

Аналык кауым осындай он шакты кауым беріп, өз тіршілігін жояды. Жынысты көбеюі оогамиялы. Мұнда зигота редукциялык жолмен бөлініп, жоғарыдағыдай пластинкалы иілген пластинкалы жарты шар, оның айна лып түсу дұрыс бағытталған тума шарлар, олардын аналык шардың куысы на түсуі және аналык шардан босап шығу стадияларынан өтеді.

Хламидомонада-Chlfydomonas бір жасушалы дөңгелек, сопак, жұмырт ка тәрізді, т.б. пішінді, монада курылысты ағза .Хламидомонаданың жасуша қабықшасы пектинді – целюлозалы болып келеді. Жасушаның алдыңғы жағында екі цитоплазмалык талшығы болады,осы талшығының көмегімен қозғалады. Жасуша орталығында тостағанша тәрізді хромотофоры болады, оның базальды жағында переноиды болады, онын айналасында крахмал дәндері кездеседі. Цитоплазманын ядросы, алдыңғы бөлігінде вакуолі және кызыл көз шесі болады. Хламидомонада колайлы жағдайда жыныссыз көбейеді, оның ядросымен протопласты митотикалык жолмен беліне бастайды, нәтижесінде аналык жасуша ішінде 2, 4, 8 зооспоралар дамиды. Зооспоралар кұрылысы.Құрамды бөлігі жағынан ересек хламидомонадаға ұксас келеді, тек көлемі ғана кіші болып келеді. Зооспоралар кұрылысы, құрамды бөлігі жағынан ересек хламидомонадаға ұксас келеді, тек көлемі ғана кіші болып келеді.




Аналык жасушаның шырыштануынан кейін зооспоралар босанып шыға ды. Су және ауа жеткіліксіз болса хламидомонада пальмелидтік күйге көшеді, онда талшыктарын тастайды да көп шырыш беліп шығарады, бірак прото пласт өзінің бөліну касиетін жоғалтпайды. Қолайлы жағдай туғанда жасушада талшыктар пайда болып, шырыштан босанып, ересек түріне айналады.

Ж
ынысты көбеюі көпшілік жағдайда изогамды, кейбір түрлері гетеро гамды, сирек оогамды жолмен көбейеді. Жасушаларда жынысты көбею кезінде гаметалар пайда болып, олар сулы ортада қосылып, зигота пайда болады. Зигота бірнеше целлюлозды кабатпен капталып іші коректік заттарға толы болады, түсі қызыл түске айналып, тыныштық күйіне өтеді. Қолайлы жағдай туғанда зигота редукциялык бөліне бастайды да терт гаплоидты зооспора пайда болады. 3. Тіркеспелі немесе коньюгациялы-Coniugatophyceae класына екі жақты симметриялы, бір жасушалы, кауымды жане кеп жасушалы тармакталған жіп тәрізді, талшыкты стадиясы жок балдырлар жатады. Басым көпшілігі тұшы суларда, аздаған түрі топыракта кездеседі. Бір ядролы, әртүрлі пішінді, бір не бірнеше хромотофорлары бар ағзалар.Жасуша екі кабатты кабыкшадан тұрады, сырткысы целлюлозды, ішкісі пектинді. Бір жасушалы түрлері жасушаның екіге, жіп тәрізділердің жіптің үзілуі аркылы вегетативтік көбейеді. Жынысты көбеюі коньюгация.Спирогира-Spirogyra (4-сурет A)-жасушалары көлемді біркелкі, цилиндр пішінді, онда бір не бірнеше лента тәрізді спиралыша орналасқан хромо тофорлары болады. Бір ірі ядросы, көптеген пиреноидтары бар. Сырткы жасуша қабықшасы пектин затынан ішкісі иеллюлозадан құралған. Сондык. тан, колмен ұстағанда жұмсак, сусымалы болады. Спирогираның көбеюі талломды жіпшелердің үзілуі арқылы вегетативті көбейеді.


Жынысты көбею-коньюгация кезінде спирогираның гетеротальды жіпшелері бір-бірімен паралельді жакындасады да, екі жасуша арасында төмпешік пайда, коопуляциялык канал калыптасады, бұл каналдын түйіскен жерінде жасуша қабықшасы еріп бір жасушаның протопластары екінші жасушаға құйылады. Бірінші жасуша аталықтың кызметін, екінші жасуша аналыктын кызметін аткарады, нәтижесінде зигота түзіледі. Зиготада коректік зат майлар жинакталып, үш қабатпен капталады. Зигота тыныштык күйін өткізгесін екі рет бөлініп, 4 моноплоидты жасуша түзіледі, бұның біреуінен гана жас дарак жетіледі. Спирогира барлык тіршілігін гаплоидты фазада өткізеді, ал диплоидты фазасы тек зигота.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Искендирова Р.Ә. “Орман ботаникасы „



И85 «Орман ботаникасы» пәні бойынша «5В080700-Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы студенттеріне . ҚазҰАУ 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет