Реферат Орындаған:Әбдімаулен Таңшолпан,Көктеубай Мөлдір



бет1/6
Дата24.09.2022
өлшемі0.71 Mb.
#461225
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
реферат туризм


Реферат
Орындаған:Әбдімаулен Таңшолпан,Көктеубай Мөлдір
Топ:ҚМБ-22-02
Туризм
Туризм - қоғамдық, шаруашылық, кеңістік қатынас. Туризм тарихының тамыры өте тереңде жатыр. Біз туризмнің даму кезеңін үшке бөлеміз:
І. ХVШ ғасырдың соңына дейінгі туризм;
а) ерте заманғы туризм;
ә) жаңадан пайда болған туризм және орта ғасырлар уақытындағы туризм;
б) ХVП-ХVШ ғғ. туризм.
П. ХІХ-ХХ ғғ. туризм – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі;
Ш. Қазіргі туризм
Туризм – туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды. Алғашқы діни саяхаттар б.э.д. төртінші мыңжылдықта жүргізілді. Ежелгі Египетте басталды. Б.э.д. 1501-1484 жылдары Египет ханшасы Хатшеспуттың ұйымдастыруымен Пунт деген теңіз аралына саяхат жасалды. Ал, б.э.д. VІ ғасырда египеттік Фараон Нехао Африка төңірегінде атақты үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар болды.
Туризмнің алғашқы қадамдары ХVП-ХVШ ғасырларда басталды. Ең бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Онда 1841 жылы Томас Кук 600 адамнан құрылған топты Лейстерден Лафбороға дейін апарып, темір жолмен саяхат жасаған.
1882 жылы ең алғашқы әлемдік "Куктың жер шарын айналған" саяхаты болды. Ол темір жол және пароход компанияларымен, қонақ үй және мейрамханалармен келісім құжат жасады. Томас Кук ең алғашқы болып туристік "тур" деген сөзді ашты. Ол бірінші болып туристік маркетинг пен менеджментке жол ашты. Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып саналады.
Халықаралық курорттардың дамуы Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия – мемлекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХVШ ғасырдың аяғында басқа елдерге барып саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.


Халықаралық туризм - халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет