Реферат пән : Кәсіпорын экономикасы Тақырыбы : Өнімді өндіру және өткізу шығындары


Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС



бет4/4
Дата14.12.2022
өлшемі98.67 Kb.
#467215
түріРеферат
1   2   3   4
касыпорын эконом У.М 2.doc

1.1. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.
Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.
Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.
Тұрақты (ҒС) шығындар — фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)
Q Q = өндірілген өнім саны.
2. АС = ТС ,
Q АС – орташа жалпы шығындар.

3. АҒС = ҒС . АҒС- орташа тұрақты шығындар.

4. АVС =  АVС – орташа өзгермелі шығындар.
Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.
Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.
Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисығы U формада болады, бұл қысқарманы табыстылық заңымен байланысты еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларында қолданылады. Оны төмендегі қисықтан көреміз
Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабының эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС қисық сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады.

Яғни MC=minAC

Егер нарықтық баға (Р) фирма белгісімен және оған өндіріс көлемі сәйкес деп есептесек, онда ол өнімді Qont оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіруге болады. Одан ары өндіру тиімсіз.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі – зат немесе құн түрінде өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.
Фирманың басты мақсаты — пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз — сатқан өнімнен түскен түсім.


Қортынды

Тауар қозғалысында белгілі бір қызметтер атқаратын тұлғалар және ұйымдар: транспорттық фирмалар, қойма шаруашылықтары, жүк тасымалдаушылар, тауарды ішкі және халықаралық нарықта өткізуде әр түрлі қызмет көрсететін банктер, сақтандыру компаниялары. Оларды өткізудегі басқа да көмекшілер деп атайды.


Өткізудің ерекше түрі ретінде әр түрлі жәрмеңкелердегі аукциондардағы, көрмелердегі, шағын базарлардағы сату болып табылады. Өндіріске арналған тауарлар нарығындағы өткізу арналары тұтыну тауарларына қарағанда қысқа, ол осы нарықтың көп шоғырлануы мен сатып алушылардың аздығына байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Маркетинг оқу құралы» авторы: С.Р. Есімжанова

  2. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория.

  3. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет