Реферат Пән: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау Тақырыбы: Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері


Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік



бет3/5
Дата09.03.2023
өлшемі71.83 Kb.
#470564
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жұмағұл Нұрболат (2)

2.3.Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының жер заңдары жер туралы заңнаманың нормаларын, талаптарын орындамаумен немесе бұзумен байланысты тәртіптік әрекеттердің тізімін қарастырмайды. Онда тек жер заңдарының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпте жауапты болады деп атап өтілген.
Мұндай заңшығарушы актілердің қатарынан ҚР 1999 жылғы 10-желтоқсандағы «Еңбек туралы» заңын атауға болады. Бұл Заңның 10-тарауында жұмысшыны көтермелеу және жазалау шаралары көзделген.
Аталған Заңның 94-бабында еңбек тәртібін бұзудың анықтамалары және тәртіптік жазалардың тізімі берілген.Еңбек тәртібін бұзу деп өзіне жүктелген еңбектік міндеттерді жұмысшының кінәсі бойынша орындалмауын немесе тиісті түрде орындалмауын атайды. Заң жер құқығы қатынастары саласындағы құқықбұзушылықтардың белгілі біртүрлерін атаумен шектелмейді. Сол себепті, жұмысшының жұмыс уақытында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты жасаған кез келген құқық бұзушылығы еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырудың объектісі болып табылады. Жұмысшыға еңбектәртібін бұзғаны үшін жаза қолданудың негіздері болып мыналар табылады:
1) жұмысшы мен жұмыс берушінің еңбек шартымен, бұйрығымен және т.б. рәсімделген еңбек байланысы;
2) жұмысшы еңбек процесінде тиісті тәртіпте орындауға міндетті еңбек міндеттемелерінің ресми түрде жүктелуі;
3) егер еңбек тәртібін бұзу орын алса, ол заңмен белгіленген мерзім ішінде қарастырылуы тиіс.
Ұжымдық шартты бекіту кезінде жұмыс берушілер жұмысшылардың құқықтарын шектей алмайды және еңбек жағдайын нашарлатуға, ҚР заңдарымен белгіленген кепілдіктерді бұзуға жол берілмейді.Ауыл шаруашылығында және шаруашылықтың бірқатар салаларында еңбек қатынастарын реттеу алты ай мерзімнен аспайтын маусымдық жұмыстармен байланысты және үй жұмысшыларынын еңбегі жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында бекітілген жеке еңбек шартымен ерекшеленеді. Жеке еңбек шартымен реттелмеген мәселелер орын алған және маусымдық және үй жұмысының сипатына қайшы келмейтін жағдайда оларға «Еңбек туралы» заннын күші таралады.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни, жұмысшының өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазаның келесі түрлерін қолдана алады.
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) жеке еңбек шартын бұзу.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жеке еңбек шартын тоқтату үшін, заңдардың талаптарына сәйкес, осы әрекет бірнеше рет орын алуы тиіс және еңбек міндеттерін өрескел түрде бұзу сипатында болуы тиіс.Тәртіптік жазаларды қолдану үшін мыналар қажет:
1) жұмысшыдан жазбаша түсіндірме талап етілуі тиіс,
2) тәртіптік жаза құқық бұзушылық аныкталған күннен бастап бір айдың ішінде тағайындалады және құқық бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай уақыт өткен соң тағайындалмайды;
3) әрбір құқық бұзушылық үшін тек бір әкімшілік жаза тағайындалады
4) тәртіптік жаза тағайындау туралы бұйрық жазаға тартылған жұмысшыға қол қою арқылы жарияланады;
5) тәртіптік жаза тағайындау кезінде жұмыс беруші жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, оны жасау жағдайларын, жұмысшының оған дейінгі жүріс-тұрысын, оның еңбекке деген қатынасын, сонымен қатар, тәртіптік жазанын жасалған құқық бұзушылыққа сәйкестігін ескеруі тиіс (ҚР «Еңбек туралы» заңының 94-бабы).Тәртіптік жазаға еңбек дауларын қарау үшін белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.
ҚР «Еңбек туралы» заңымен қарастырылмаған тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді.Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тартудың негіздері, шарттары және процессуалдық ерекшеліктері ҚР Президентінің 1999 жылғы 31-желтоксандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазалар тағайындау туралы ережеде де анықталған.Тәрітптік жауаптылыққа тартудың негізі ретінде мемлекеттік қызметшінің қызметтік тергеудің нәтижесінде анықталған әрекеттері болуы мүмкін.
«Еңбек туралы» заңда еңбек тәртібін бұзу жөніндегі мәселені жұмыс берушінің кәсіподақ органдарына беру құқығы көзделмеген.Жұмысшының тәртіптік жауаптылыққа тартылуы, негіздер болған жағдайда, оны жауаптылықтың басқа да түрлеріне (азаматтық-құқықтық материалдық, әкімшілік, қылмыстық және т.б.) тартудан босатпайды.Жарғыны, Ережені басшылыққа алатын жұмыс берушілер өздерімен енбек құқығы қатынастарындағы жұмысшыларға еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану кезінде Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңының осы мәселеге қатысты талаптарын да орындауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет