Реферат Пән: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау Тақырыбы: Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері


Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауапкершілік



бет4/5
Дата09.03.2023
өлшемі71.83 Kb.
#470564
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жұмағұл Нұрболат (2)

2.4.Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауапкершілік.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92, 93 баптары жер заңдарын бұзғаны үшін жер учаскесін алып қоюдың екі түрін қарастырады:
1) ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмемсе, бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94 бабында көзделген тәртіппен меншік иесі мен жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.
2) егер учаскені пайдалану ҚР Жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатта пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 95 бабы заңдарда көзделген жағдайда жер учаскесін тәркілеуді көздейді.
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті сотталған адамға жеке меншік құқығымен тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, онда үйі мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ, өзіндік шаруашылық жүргізу үшін қажетті жер учаскелері ҚР қылмыстық атқару заңдарында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленбеуге тиіс.
Тәркіленген жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылады. Тәркілеу объектісі болып табылатын мұндай жер учаскелері не жер пайдалану құқығы ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен
Соңғы жылдары жер-құқықтық әдебиетінде жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлерінің қатарында жер-құқықтық жауаптылық тұракты орын иеленген. Бұған дейін заңды жауап-тылыктың бұл түрін бір ғалымдар жокка шығарса, енді біреулері оның бар екенін дәлелдеуге тырыскан.' Қазіргі кезде жер заңдары-ның мазмұнына көз жүгіртсек, жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылықтың заңды түрде көрініс тапканына күмәнданудың орынсыз екенін байқауға болады.Сонымен катар, жер-құкығы әдебиетінде жер зандарын бұзғаны үшін занды жауаптылыктың арнайы түрі туралы да көзкарас бар. Мысалы, ерекше нормативтік құқықтық актілерде көзделген арнайы жауаптылыктың түрлері азаматтық-құқықтық (мүліктік) және жалпы жауаптылықтың басқа да түрлерінің жүйесіне сәйкес келмейді. Жер учаскесін өз бетімен пайдаланғаны үшін жер-құқықтық жауаптылық осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа қарағанда өзгеше, себебі, жер-құқықтық жауаптылыққа тарту үшін ескіру мерзімі көзделмеген, ал әкімшілік жауаптылыққа тартуда ескіру мерзімі бар — жағдай анықталған күннен бастап 2 айдан кем емес уақыт; жер-құқықтық жауаптылығы бірқатар әрекеттер жүйесін қарастырады (өз бетімен салынған құрылысты бұзу, өз бетімен алынған жер учаскесін пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру; межелік белгілерді қалпына келтіру және т.б.).
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-93-баптары жер заңдарын бұзғаны үшін жер учаскесін алып қоюдың екі түрін қарастырады:
1) ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де  құрылыстық арналған уастке егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Бұл кезеңге учаскені игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді (ҚР ЖК 92-бабы);
2) егер учаскені пайдалану ҚР Жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының өзгеде зандарына белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтуралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін (ҚР ЖК 93-бабы).
ҚР Жер кодексінің 92-бабында қарастырылған бірінші жағдайда заңды жауаптылықтың субъектілері болып тек жер пайдаланушылар ғана емес, сонымен қатар, жер учаскелерінің меншік иелері — азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар да табылады. Бұл бап бойынша жер учаскесі меншік иесінің заңды жауаптылығы бұған дейін жер заңдарында қарастырылмаған болатын.
ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. ҚР Конституциясының 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Сол себепті, ҚР Жер кодексінің 92-бабының нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкестендірілген.
ҚР Жер кодексінің 93-бабына сәйкес жауаптылықтың субъектісі ретінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар болуы мүмкін.Мақсаты бойынша пайдаланбаған немесе жер зандарын бұза отырып пайдаланған жер учаскесін алып кою тәртібі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген.Жоғарыда аталып өткендей, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан ҚР Жер кодексінің 92 және 93-баптарында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
ҚР Жер кодексінің 92-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын учаскені мақсаты бойынша пайдалану кажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін және осы уақыт ішінде жер учаскесінің меншік иесі не жер пайдаланушы учаскені мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбаған жағдайда ғана берілуі мүмкін.
ҚР Жер кодексінің 93-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемінде үш ай бұрын меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін ғана және осы мерзім ішінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскені пайдалану кезінде Қазакстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берілуі мүмкін.Егер меншік иесінің немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскені нысаналы мақсатка сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап-арыз бергенге дейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтініші бойынша жеручаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселені қарауға міндетті. Бұл жағдайда учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешілмеген кезде ғана талап-арыз берілуі мүмкін.
ҚР Жер кодексінің 92 және 93-баптарында аталған негіздер бойынша сот шешімімен учаскені меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып койған жағдайда жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы (жер учаскесінің мемлекеттен сатып алынған жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу және атқарушылық заңдарында белгіленген тәртіппен ашық сауда-саттықта сатылады.Сатудан түскен сома, учаскені алып қою шығыстары шегеріле отырып, бұрынғы меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға төленеді. Бір жыл ішінде кемінде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейін ондай жер учаскесін немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкін болмаған жағдайда жер учаскесі сот шешімімен арнайы жер қорына, қосылады (ҚР ЖК 94-бабы).
ҚР Жер кодексінің 95-бабы заңдарда көзделген жағдайда жер учаскесін тәркілеуді көздейді. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесі сот тәртібімен санкция түрінде ақысыз алып қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда жер учаскесін алып қою қайтарымсыз сипатқа ие: ол тек қана қылмыстық тұрғыда жазаланатын іс-әрекеттерге қатысты қолданылады.Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті, сотталған адамға жеке меншік құқығымен тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, онда үйі мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті жер учаскелері Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңдарында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленбеуте тиіс.Тәркіленген жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылады. Тәркілеу объектісі болып табылатын мұндай жер учаскелері не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатылуы мүмкін (ҚР Жер кодексі 96-бабы).
2.5.Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Жер құқық бұзушылықтың түсінігі, түрлері мен құрамы Қазақстан Республикасының жер заңдары жер туралы заңнаманың нормаларының талаптарын орындамаумен немесе бұзумен байланысты тәртіптік әрекеттердің тізімін қарастырмайды. Онда тек жер заңдарының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды аламдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпте жауапты болады деп атап өтелген. Жер құқық бұзушылықтың белгілері: қоғамға қауіптілігі; кінәлілігі; әрекет не әрекетсіздік және туындаған салдарының арасындағы тікелей себепті байланыс; жер заңдарына қайшылығы; жазаланушылық.Жер заңдарын бұзушылықтың түрлері:
1) жерге меншік иесінің құқығын бұзу саласындагы құқық бұзушылықтар;
2) жер пайдаланушының жер пайдалану құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар;
3) жерді экологиялық жағдайын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар;
4) жер учаскесі меншік иесінің және жер пайдаланушының жер заңдарында белгіленген міндеттемелерді орындамау саласындағы құқық бұзушылықтар; 5) жерді басқару саласындағы жер заңдарын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар және т.б.
Жер құқық бұзушылықтың құрамы:
1. Объектісі - жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері мен құқықтық тәртібі;
2. Объективтік жағы - жер құқық бұзушылық негізі болтан әрекет немесе әрекетсіздік;
3. Субъектісі - жеке және заңды тұлғалар;
4. Субъективтік жағы-кінәның көрініс табуы. Яғни ол қасақана және абайсызда жасалуы мүмкін.
2.6.Қазақстан Республикасының жер заңдары бойынша мүліктік жауапкершілік.
Жер құқығы әдебиетінде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зияндарды өтеуді азаматтық-құқықтық жауаптылықтың бір түрі ретінде қарастыру орын алып жатады. Мұндай көзқарастың өзі негізсіз.
Біріншіден, жауаптылықтың түрлері тиісті заңдармен көзделуі тиіс. Мысалы, ҚР Президентінің 1995 жылғы 22-желтоқсандағы «Жер туралы» Жарлығында жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтардың қатарында азаматтық-құқықтық емес, материалдық жауаптылық көзделген. 2001 жылғы 24-қаңтардағы «Жер туралы» заң заңды жауаптылықтың ешбір түрін қарастырмаған, тек былай деп атап өтеді: «Жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте жауаптылыққа тартылады». Аталған заңның қорытынды ережелеріне сәйкес, бұл Заң өзі күшіне енгеннен кейін туындаған жер қатынастарына қолданылады. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады: аталған заңның барлық нормалары, соның ішінде, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу негіздерін көздеген 119-баптың нормалары және зияндарды өтеу тәртібін көздеген 120-баптың нормалары азаматтық-құқықтық емес, жер-құқықтық нормалар.
Екіншіден, азаматтық заңнама жер заңдарын бұзғаны үшін мүліктік (материалдық) жауаптылық пен шығындарды (зиянды) өтеу туралы арнайы нормаларды көздемейді. Егер белгілі бір құқықтық қатынастар жер заңдарымен реттелмесе ғана, азаматтық заңнаманың нормалары қолданылуы мүмкін.
Үшіншіден, жер заңдарының нормалары жер учаскелерінін, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зияндарды өтеу мәселесін реттеу үшін жеткілікті.
Төртіншіден, жер заңдарында зияндардың алдын алу мен олардың салдарын жоюға, субъектілердің, меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою кезіндегі зияндарды толық көлемде өтету құқықтарына, олардың басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға және т.б. байланысты міндеттері, қағидалар жинақталған.
Бесіншіден, жер заңдарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді және орман қорының жерлерін ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты мақсаттар үшін алу кезіндегі ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу деп аталатын зияндарды өтетудің ерекше түрі белгіленген. Азаматтық заңнамада өндіріс шығындарының (зияндарының) мұндай түрі қарастырылмаған, ол өз мақсаттары және міндеттері бойынша азаматтық заңнама субъектілерінің құқықтарына сәйкес келмейді.
Алтыншыдан, жер заңдары азаматтық заңнамаға қарағанда жеке меншіктегі, жер пайдаланудағы және уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерін алып қою кезінде олардың иелеріне зияндарды толық көлемде өтеумен қатар, олардың қалауы бойынша басқа құны тең жер учаскесін беруді де көздейді.
Материалды жауапкершілік – жұмыс берушіге құқыққа қарсы әрекеттермен жасалған шығындарды өтеумен сипатталатын өз бетімен жаап беру түрі. Жауапкершілктің орнын толтыруға негіздеме ретінде еңбек міндеттерін орындау кезінде материалды және нақты қауіпті төндіруді қарастырады. Қауіп төндіру жердің пайдалы қасиеттерін төмендетуге әкеп соғады:

  • жерді бұзу, жою;

  • ауыл шаруашылық дақылдарын өнімділігін төмендету;

  • жермен байланысты басқа мүлік түрлерін жою.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет