Реферат Пән: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау Тақырыбы: Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері



бет5/5
Дата09.03.2023
өлшемі71.83 Kb.
#470564
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жұмағұл Нұрболат (2)

Қорытынды
Әрбір қоғамда экономиканы дамытудың негізі жер байлығы болып саналады. Оның негізнде барлық материалдық байлық құрылады. Себебі, әртүрлі шикізат ресурстары, су, орман байлықтары, адамзат баласына азық болатын ауыл шаруашылық өнімдері жер негізінде алынады. Жер бетінде барлық өндірістік және өндірістік емес объектілер шоғырланған. Әрбір елдің экономикасының даму бағыты мен қарқыны жердің тиімді пайдалануына және оның кімнің меншігінде болуымен, онда қандай байлықтар орналасуымен тікелей байланысты. Сол себепті республикамыздың негізгі Заңында — Конституцияда жер және жерді пайдалану мәселесі әржаққа жүгіртуге, бұрмалауға болмайтын негізгі мәселе болып табылады. Оның 6-бабының үшінші тармағында былай деп нақтылы жазылған: « жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіде болады. Жер, сондай-ақ заңға белгіленген негіздерде, шарттар мен шектеуде жеке меншікте де болуы мүмкін». Осы бапта келтірілген бұл мәтінді әр саққа жүгіртуге болмайды. Бұдан жеке меншікте кез келген жер бола бермейді. Тек ғана өндіріс орындары, басқа да материалдық байлықты шығарушы ұйымдар орналасқан жерлер шарттарға сәйкес жеке меншікте болуы мүмкін деген ұғым ғана туады.
Жер кодексін талқылау барысы елімізде демократияның берік орныға бастағанын көрсетіп отыр. Жек кодексі аз уақыттың ішінде талай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткізді деп айтуға болады.Сондықтан жер құқығына байланысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп шешіледі.
Жер қатынастары – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Жер құқығының негізгі қағидаларына сүйене отырып жерді пайдалану, иелену, билік етуді өз бағытында қолданып қаралуын негіздейді. Яғни, жер тағдырын шешу мемлекеттің құзыреттілігінде екендігін нақтылайды.


Пайдаланылған әдебиеттер:
https://adilet.zan.kz/kaz/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет