Реферат пән Тақырыбы



бет1/5
Дата25.01.2023
өлшемі0.77 Mb.
#468734
түріРеферат
  1   2   3   4   5
REPERAT


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Академик Е. А . Бөкеов атындағы Қарағанды университеті
Биология-география факультеті
Ботаника кафедрасы


РЕФЕРАТ
Пән <Зерттеудің биотехнологиялық әдәстер>
Тақырыбы: <Электронды микроскопия>

Орындаған: БТ31 Бердхожа.А
Хуаныш.М
Тексерген: Кишкенебаева Д.О

Қарағанды 2022ж


МАЗМҰНЫ
.КІРІСПЕ........................................................................................................3

  1. II.НЕГІЗГІ БӨЛІM.........................................................................................4

    1. Микроскопиялық зерттеулер және оның маңызы түрлері..................5

    2. Электронды микроскопияның пайда болу тарихы.................................8

    3. Трансмиссиялық электрондық микроскоп(ТЭМ) ...................................12

    4. Сканерлеуші электронды микроскоп..........................................................14

  2. III.ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................15

  3. IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................16



Кіріспе

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және грек. skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор.Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.


Қолдану облыстарына не болмаса бақылау әдістеріне байланысты анықталады. Биологиялық Микроскоп микробиологияда, гистологияда, цитологияда, ботаникада, медицинада зерттеулер жүргізуге, ал физикада, химияда, т.б. мөлдір денелерге бақылау жүргізуге арналған. Биологиялық зерттеулерде осымен қатар люминесценттік және инвертирленген Микроскоптар қолданылады. Металлографикалық Микроскоп – металдар мен қорытпалардың микроқұрылымын зерттеуге; поляризациялық Микроскоп – қосымша поляризациялық қондырғылармен жабдықталған және негізінен минералдар мен кендердің шлифтерін зерттеуге; стереомикроскоптар – бақыланатын заттардың көлемді кескіндерін алу үшін; өлшеуіш Микроскоптар – машина жасау саласында дәл өлшеулер жүргізуге арналған. Аталғандардан басқа арнайы микроскоп да бар: фотоэмульсиядағы ядролық бөлшектердің іздерін анықтайтын микроскоп; 20000С-қа дейінгі қыздырылған нысандарды зерттейтін микроскоп; операцияларда қолданылатын хирург. микроскоп, интерференциялық микроскоп.

3


1.1 Микроскопиялық зерттеулер және оның маңызы, түрлері

Микроскопиялық зерттеулер үшін микроскопиялық бірнеше типі (биологиялық, люминесцентті, электронды) және арнайы түрлері қолданылады (фазалы-контрасты, күңгірт жазықтықты). МБР-1, МБИ-2, биолам Р-1 және басқа биологиялық микроскоптар микроорганизмдердің құрылысын, формасын, өлшемін зерттеуге арналған. Микроскоп 2 бөлімнен тұрады: оптикалық және механикалық. Оптикалық бөліміне объектив жатады. Олар фронтальды және коррекциялы линзадан тұрады. Олардың көмегімен объекті үлкейтіп коррекциялайды. Объективтер құрғақ және иммерсионды болып бөлінеді. Иммерсиялық микроскоптың үлкейту күші, 0,2 мкм. Микроскоптың жалпы үлкейту объектив пен окулярдың көбейітіндісінен шығады. Препаратты иммерсиялық объективін микроскопиялаудағы тәртібі:


Боялған дайын жұғындыға, иммерсиялық май тамызып, дайын препаратты бұйым үстелшесіне қою керек.


Иммерсиялы объективті 90-ға (100) қою.
Микроскоп тубысын жайлап тамшыға тигенше төмендету керек.
Макрометриялық винттің көмегімен фокусты жобалап қояды.
Макрометриялық винттің көмегімен фокусты дәлдеп қояды.
Күңгірт жазықтықты микроскопия. Күңгірт жазықтықты микроскопия Тиндаль эффектісіне негізделген (өте ұсақ бөлшектерін сұйықтықта жанынан қарау арқылы сәуленің дифракциясына негізделген. Оған кәдімгі конденсор емес, параболоид немесе кардиоид-конденсор қолданылады. Жанынан келген сәулелер объективке түспейді, сол себептен көру алаңы күңгірт болып тұрады. Объективке объектті түсу арқылы көрінеді).

Фазалы-контрасты микроскопия. Фазалардың өзгеруіне байланысты негізделген, күн сәулесі мөлдір /фазалы/ объектілерден өтіп барып, ол объектілер микроскопта көрінеді. Бұл кезде көрінетін жоғарғы контрасты позитивті объекттің күңгірт көрінісі жарық көру алаңында немесе негативті /жарық көрініс күңгірт алаңында көрінеді/.


Люминесцентті /немесе флюоресцентті/ микроскопия. Фотолюминесценцияға негізделген /объектінің сәуле әсерінен жарқырату/, люминесценциялы объектіге алдын ала бояу /екіншілік объектіні люминесценция шақыратын-флюрохром арқылы бояйтын түрлері бар. Бұл микроскопияның артықшылығы зерттейтін материалда тірі және аз мөлшердегі микроорганизмдерді көру.


4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет