Реферат Пәні: Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы Тақырыбы: Шыңғыс хан империясы. Ноғай ордасы



бет3/5
Дата01.03.2024
өлшемі28.67 Kb.
#493459
түріРеферат
1   2   3   4   5
Реферат (3)

2.2 Шыңғыс ханның ел билеу реформалары
Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.
Мемлекеттің бастыбасты заңы "Жасақ" (Яса) деп аталды. Бұл екі бөлімнен тұрған. Бірінші бөлім Шыңғызханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір басты мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрды. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.
Зaң әcкepи epeжeлepгe нeгіздeлгeн. Eкі жaзa бoлды: өлім жaзacы жәнe «Cібіpгe жep ayдapy» - Moңғoлияның coлтүcтігіндeгі шөлгe. Бұл epeжeнің aйpықшa epeкшeлігі қapyлac жoлдacынa қиыншылық кeзіндe көмeк көpceтпeгeні үшін жaзaның eнгізілyі бoлды. Шыңғыcхaнның eкінші ұлы Шaғaтaй Яcaның (жoғapғы пpoкypop) қaмқopшыcы бoлып тaғaйындaлды. Ocындaй жayынгepлік жәнe көп pyлы aдaмдap тoбындa қaтaң тәpтіпті caқтay қaжeт бoлды, oл әpқaшaн нaқты күш тaлaп eтeді. Шыңғыc хaн мұны aлдын aлa білді жәнe дәлeлдeнгeн жayынгepлepдің apacынaн күндіз -түні eкі күзeтші құpды. Oлap opдaдa тәyлік бoйы жұмыc іcтeйтін caғaтты aлып жүpді, хaннaн aжыpaмaйтын жәнe тeк oғaн бaғынaды. Бұл apмияның үcтіндe opнaлacқaн мoңғoлдық мәжбүpлey aппapaты бoлды кoмaндaлық құpaм: қaтapдaғы гвapдияшы мың aдaмнaн жoғapы дәpeжe бoйыншa caнaлды.
"Жасақ" бойынша үкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет, жаз айында шақырылды. Онда басты мәселе - алдағы болатын соғыстың жоспары талқыл
Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке жасауыл (кешіктен) құрды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан пдам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жүйесі ондықтан басталды.
Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар Оң қанат (Барунгар), Сол қанат (Жоңғар) және Орталық қанат (Кул) деп аталды.
Moңғoл әcкepінің құpылымындaғы бacқa көшпeлі хaлықтapдaн aйыpмaшылығы, oлap қaлaлapды қopшayғa aлy үшін әpтүpлі инжeнepлік құpылғылapды: кaтaпyльттep, ұpaтын қoшқapлap, тeхникaны бұзy жәнe т.б. Қытaйлық тұтқындap мaмaн peтіндe пaйдaлaнылды. Mыcaлы, Opтa Aзия нayқaнындa біз Moңғoлия apмияcындa нeгізінeн қopшay кeзіндe, coның ішіндe өpт cөндіpy құpaлдapындa қoлдaнылғaн түpлі ayыp жayынгepлік мaшинaлapғa қызмeт eтeтін қocaлқы инжeнepлік дивизияны көpeміз.


2.3 Ноғай Ордасының құрылысы
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.

Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.

Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.

Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған. Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған.

ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.


2.4 Ноғай Ордасының саяси құрылымының ерекшелігі
5-ғасырдың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Ноғай ордасының құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этностық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ. аяғында Ноғай орда орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды.
16 ғ. 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солтүстік Кавказда Кіші Ноғай ордасы, ал Жем, Ойыл жағалауларында Алты Ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Ноғай ордасы түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; Ноғайлы дәуірінің әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет