Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Шыңғыс хан - Орта Азияда бүкіл моңғол тайпаларын бір қолға біріктірген ұлы әмірші, Шыңғыс хан империясының негізін қалаушы, атақты қолбасшы.Шыңғыс хан дана саясаткер, көреген стратег және талантты қолбасшы ретінде даңққа бөленген. Оның бар өмірі қантөгіс соғыстармен, таусылмайтын жорықтармен өткен. Ол өзінің қол астына көптеген көшпелі тайпаларды, елдерді қаратып, мемлекеттерді бағындырған. Есепсіз көп адамның өліміне себеп болып, әлемді күйзелдірген, қаншама қалаларды қиратып, жермен-жексен кылған
Шыңғысхан шапқыншылығы ол басып алған елдерге, соның ішінде Қазақстанға да үлкен қайғы-қасірет әкелді. Өркениет деңгейіне жеткен қалалар, мәдениет ошақтары күйреді. Қазақстан тайпаларының этносаяси бірігу процесі шегеріліп, рухани жетістік монғолдардың артта қалған қарабайыр шаманистік жүйе қарамағында қалды. Мемлекет дамуындағы тиімді әкімшілік жүйесі әскери әкімшілік жүйесі мен ауыстырылды.
Қарахан кезеңіндегі әлемдік биікке көтерілген ғылыми дамудың тамыры қиылды. Діни тұрғыда білімнің дамуымен қоғамдық сапаны жаңа белеске көтерген ислам діні шаманизм бұғауына түсіп бұрмалануға ұшырады. Монғолдар енгізген шамандық діни салттардың жаңғырығы бүгінде өмір сүруде. Суландыру жүйесі дамыған жер шаруашылығы да монғол атының тұяғына тапталды.
Дегенмен, монғол шапқыншылығы қарсаңында әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістік қирап, күйрегеніне қарамастан, шапқыншылықтан кейінгі бой көтерген жаңа мемлекеттердің дамуына негіз қалады.
Шыңғыс хан Танғұттарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.
Шыңғыс хан шапқыншылығы еліміз үшін қиын жағдай туғызған болса, ал Ноғай Ордасының ыдырауы бірталай жетістіктер алып келді.
XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі-феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдік пен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Ноғай Одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық жер аумағы қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл Қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық жер аумағын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар өз дәуірінде шығарылған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «Қырық батыр жыры» сияқты үлкен эпостық мұралар қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды. Ноғай Ордасының ыдырауы, оған қарасыт қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс солтүстік және солтүстікжақтарында түрлі өзгерістер тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ ханды,ы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.
Қората келе айтатын болсақ, бүл мемлекеттердің тарих сахнасында,сондай ақ еліміздің тарихында алатын орындары зор екенін түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |