Уховерткалар - теріқанаттылар отрядына жатады, оның басты ерекшелі қуыршақ сатысының болмауы. Құрсағының ұшында тістеуікке ұқсас церкалары орналасқан. Онымен уховерткалар жауларынан қорғанады және шабуылдайды. Бұл жәндіктің ұзындығы шамамен екі сантиметірдей. Табиғатта 8 см-ге дейін де түрлері бар. Уховертканың бүкіл денесі қоңыр түстен және жылтыр сегменттерден тұрады. Бұл жәндікте екі құйрығы бар, көздің рөлін сенсорлық мүшелер атқарады, толығырақ айтқанда мұртшалары. Бұл зиянкестерде қысқа қанаттары бар болғандықтан, олар жерден жоғары көтерілмей, тек тік күйде ұшады. Бұл жәндіктер жүргіш аяқтармен арқылы қозғалады.
Тіршілік ету ортасы. Уховерткалар - негізінен ауылдық жерлерд тіршілік ететін жәндіктер. Олар бақшаларда және ылғалдылығы жоғары үйлерде кездеседі. Сонымен қатар, ол ванна бөлмесінде, жертөлелерде және басқа да желдетілмеген бөлмелерде орналасуы мүмкін. Олардың тіршілігі түнде басталады. 1300 дей түрлері бар. ТМД кеңістігінде 26 түрі таралған. Уховерткалар өсімдік тектес қорекпен қоректенеді, мысалы: балдырлар, ағаш жапырақтары, жеміс-жидектер және көкөністер.
Көбеюі. Уховерткалардың көбеюі әдетте жаздың аяғына келеді. Шағылысудан кейін аналығы ұяға ұқсас 8 см-дей ұзынша келетін ор казады. Бірнеше күннен кейін ол жұмыртқаларын үлкен үйме үймелеп салады. Аналығы жұмыртқаларын денесінің алдыңғы бөлігімен жабады.
Достарыңызбен бөлісу: |