Шөпжегіштер – ұсақ насекомдар отряды, дене тұрқы 1-5 мм. Жіп тәрізді мұртшалары бас бөлімінде орналасқан. 1 жұп жарғақты қанаты бар. Қорек ретінде негізінен жасыл өсімдіктерді, оның ішінде жасыл балдырлар мен қыналарды, кейде паразитті саңырауқұлақтарды пайдаланады. Негізінен олар тропикалық және субтропикалық елдерде тіршік етеді. Табиғатта ормандарда , қарағайлы орманда ағаштардың жапырақтары мен бұталарынан кездестіруге болады. Ал кейбір түрлері үй маңындағы өсімдіктерде сирек кездесуі мүмкін. Шөпжегіштердің көпшілігі жылына бірнеше ұрпаққа бере алады және жұмыртқалар көбіне ұрықтандырусыз дами алады. Аналығы жұмыртқаларды жапыраққа, қылқан жапырақты инелерге бір-бірден немесе үймелеп салады. Күзде салынған жұмыртқалары қыстап шығады. Көктемде жас шөпжегігтер жұмыртқап шығады.