Негізгі бөлім
1. Гендерлік әлеуметтану
Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды.
Жыныс – гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде – жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіпктік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады. Гендерлік теңдіктің дамыған жері бұл Скандинавия мемлекеті болып табылады. Атап айтқанда Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 1905-1920 жылдарынан бастап әйелдерге сайлауларға қатысып және өздері де таңдаулы болуына мүмкіндік жасалды. Барлық скандинавилық мемлекеттерде әйелдер мен еркектер өздерінің құқықтары, саясатқа араласу, кез-келген жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан тең құқылы болды. Ұлттық әркелкілікке қарамастан гендерлік теңдік бұл елдерде бірдейболды. Бұл елдер басқа елдерден айырмашылығы олардың өкімет басқарушыларына үй шаруашылығы және отбасы жайындағы проблемаларды шешуге жол берілген.
Гендерлік теңдіктің дамыған жері бұл Скандинавия мемлекеті болып табылады. Атап айтқанда Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 1905-1920 жылдарынан бастап әйелдерге сайлауларға қатысып және өздері де таңдаулы болуына мүмкіндік жасалды. Барлық скандинавилық мемлекеттерде әйелдер мен еркектер өздерінің құқықтары, саясатқа араласу, кез-келген жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан тең құқылы болды. Ұлттық әркелкілікке қарамастан гендерлік теңдік бұл елдерде бірдейболды. Бұл елдер басқа елдерден айырмашылығы олардың өкімет басқарушыларына үй шаруашылығы және отбасы жайындағы проблемаларды шешуге жол берілген. Швецияда 1960 жылдары әйелдердің саясат жағында мемлекетке қызмет етуі 29% жеткен ал 1998 жылдары бұл жағдай 48% -ке өсті. Гендерлік теңсіздігіне қарамастан қыз балада, ұл балада орта оқуды бірдей тең дәрежеде білім алуға тиіс, өйткені ол білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алады. 1992 жылғы Швецияда қабылданған заң қызмет бабындағы теңдікті одан әрі күшейте түсті. Мемлекет осылайша одан әрі дами түсті. Ал енді Ботсвенде, Чилиде. Лесотода, Намбибияда және Свазиленде әйелдер мен еркектер арасында айтарлықтай теңсіздіктер жүріп жатты. Мысалыға алып қарасақ әйелдер өздерінің күйеуінің қол астында, қарамғында болған. Яғни әйелдердің өздерінің құқықтары жүрмеген. Бірнеше африкалық елдерде тұрмыс құрған әйелдердің жер иелену құқығы болмаған.
Тағы аталып кететін нәрсе Африкадан Оңтүстік Сахараға дейінгі жерлердегі мекендерде еркектер өз әйелдерінің істеген жұмыстарына шарттар қойа алатын болса ал әйелдердің мұндай құқықтары болмады. Ал енді Египетте және Иорданияда әйелдерге шет мемлекеттерге шығуы үшін ең алдымен күйеулерінің рұқсаты керек болды. Ал кейбір арабиялық елдерде әйелдер паспорт алуы үшін күйеулерінің рұқсаты керек болды. әйел мен еркектің гендерлік теңсіздігіне осындай мысалдаркелтірсекболады. 1965 жылдан 1990 жылдар аралығында 23 Шығыс Азия мемлекеттері басқа мемлекеттерге қарағанда тез қарқынмен дамыған. Экономикалық жағынан ең қарқынды дамыған. Экономикалық жағынан ең қарқынды дамыған мемлекет бұл - Япония тағы да атап айтатын болсақ Гонконг, Корея, Сингапур және Тайвань, сонымен қатар Қытай, Индонезия, Малайзия және Тайланд мемлекеттері болды. 1990 жылдары бұл мемлекеттердің экономикалық даму сатысы ьасқа Шығыс Азия мемлекеттеріне қарағанда екі есе, Оңтүстік Америка және Оңтүстік Азия елдеріне қарағанда үш есе және Африка мемлекетімен салыстырғанда бес есе көп қарқынды дамыды. Бұл мемлекеттер мұндай дәрежеге товарларын рынокқа еркін шығара білуінде болды. 1970 жылдары Японияда жұмыс бабындағы әйелдер саны 39% - ті құраса, Сингапурде Индонезияда, малайзияда 26-31% - ді құрады. 1995 жылға дейін бұл мемлекеттерде әйелдердің жұмыс бабындағы мөлшері 1965 жылы 65% болса, 1992 жылы 81% - ке өсті. 1997 жылы мен 1998 жылы аралығын салыстыра қарағанда еркектердің қызмет бабындағы өсу дәрежесі шамалақ болса, ал әйелдердің өсу деңгейі айтарлықтай дамыған. Тағы да басқа зерттеулерге сүйенсек аптасына 45-сағат жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 1994 жылы 20% - ке жетсе 1998 жылы бұл жағдай 24,9% жетті, ал бұл кезде ерлердің көсеткіші өте төмен болды. Бұл елдерде 1997-1998 жылдары аралығында еркектер арасында жұмыссыздық көбейіп кетті. Әр әлемнің бөлшегіндегі болған мәліметтерге қарағанда 1960 жылы 55-64 жас аралығындағы еркектердің жұмысқа қатысу дәрежесі қатты төмендеді. Ал Европа мен Солтүстік Америкада 55-64 жас аралығындағы еркектердің жұмыссыздық жағдайы айқын көрініп тұрды. Бұл жағдай Шығыс Азия мемлекеттерінде және Америкада болған еді. Ал енді гендерлердің саяси және заңдық құқықтарына келетін болсақ 1985-1990 жыл аралықтарында гендедің саяси және заңдық құқықтары Европада және Орталық Азияда біршама өзгерілсе, ал Оңтүстік Азияда сол күйінше тең дәрежедеқалды. Сонымен қатар гендердің әлеуметтік және экономикалық құқықтарына келсек Европадан Орталық Азиядан, Шығыс Азия және Тынық мұхиты жағалауларындағы аймақтардан бөлек, әйелдер әлеуметтік және экономикалық құқықтары жағынан еркектерден төмен болады.
Оңтүстік Азия және Африкадан Оңтүстік Сахараға дейінгі жерлердегі мекендерде гендерлік теңсіздіктер 1985-1990 жылдары шамалы ғана айырмашылықта болды. Бізде Қазақстан Республикасына келіп тоқтайтын болсақ Қазақстан Республикасына келіп тоқтайтын болсақ. Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады. Қазақстан өте жас тәуелсіз мемлекетімізге қарамастан экономикалық, саяси, мәдени жағынан жан-жақты дамып келе жатқан елміз. Біздің елімізде ең бастасы әйел мен еркек заң алдында тең құқылы. Бізде саяси жағында ерлер үлесі басым, сонда да қазіргі таңда саяси қызмет жағында әйелдердің де үлес салмағы қосылып келе жатыр. Бұл гендерлік теңсіздік мемлекетімізге еш кедергі жасамайды яғни проблемалар туғызбайды деп ойлаймын. Қорыта келгенде гендердің әркелкілігі адамдардың тағдырына көптеген кедергісін тигізуде. Гендерлік проблемаларды шешу жолында көптеген ұлттық конституциялар өмір сүріп жатқан азаматтардың тең құқылы болуын және еркін болуын, олардың гендерлік құрылысы мен жас мөлшеріне қарамастан қадағалап отырады. Гендерлік теңдік еліміздің өркендеуі тікелей ықпал жасауда. Ерлер мен әйелдердің бірігіп жұмыс атқарып, қоғамға қандай да бір көмегін тигізуі қажет. Бұл жағдайларға мемлекет көптеген жағдайлар жасауды. Ерлер мен әйелдердің арасындағы тепе-теңдікті болдыру үшін заңға бір-екі өзгертулер енгізу қажет деп ойлаймын, әсіресе от басы заңына, зорлық – зомбылықтың болдырмау жолдарын, саясатқа байланысты өз ойын ортаға салу жөнінде болғаны дұрыс. Осы жағдайларды қолға қадағалап отырсақ гендерлік проблемалар шешілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |