Реферат Тақырыбы: Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы



бет4/4
Дата15.12.2023
өлшемі30.94 Kb.
#486691
түріРеферат
1   2   3   4
Ақан сері өмірі мен шығармалары (копия) (копия)

Қорытынды
Қазақтың ұлы ақыны, дана композиторы, әншісі Ақан серінің қазаққа аңыз болған өмірі мен таңғажайып шығар-машылығы жайында аз жазылған жоқ. Осы орайда кейінге көз тастасақ, көлемді зерттеулер, арнайы мақалалар өмір оз ған сайын молая береді және де ол еңбектердің бойында қам тылған мәселелер ұлғая түсіп, құндылығы, нақтылығы жағынан да шындала бергені қуантады. Қазақ әдебиеті мен өнері жолында ерен еңбектері бар айтулы ғалымдарымыз Есмағамбет Ысмайылов, Ахмет Жұбанов, Қажым Жұмали-ев, Айқын Нұрқатов, тағы да басқа әдебиетшілер Ақантану жолында үлкен еңбек сіңірді. Алайда, ол кезде ескі ізбен қайталаушылық та бой көрсететін. Ақанның ең ірі, ең тұң-ғыш зерттеушісі Мағжан Жұмабаев кеңестік трагедиялы қыр ғынның жаласынан Құлагердей мерт болып, кейін пәле-жа ладан ақталып, еңбектері жарық көре бастағанда ғана Ақан жайлы кей шындық (1989) көзін ашты. Мәселен, елге мәш һүр болып, ең сүйкімді өлендермен қатар айтылып жүр-ген әйгілі ән «Сырымбетті»:Ауылым қонған Сырымбет саласына,Болдым ғашық ақсұңқар баласына.Бидайыққа лайық қарағым-ай,Бөктеріге қор болып барасың ба? –деп шырқап жүруші едік қой. Ал, Мағжанды оқығанда «ауы-лым» емес, «ауылың», «қарағым-ай» емес, «қалқабала», «бара-сың ба?» емес, «барасың да» болып шықты. Міне, өлеңнің шырайы ашылып, шырылдаған шындықтың шыға келгені.Қыздың ауылы шынында да Сырымбетті жайлаған тө-релердің елі ғой, өлең Жамал қызға арналып бүкіл елге жайылса, сұлудың әкесі Жүсіп төре тұқымының есімі ел ге айқын өкілі. «Қалқа бала» деуі де әсем әрі есті сөз, «қа ра-ғым-ай» деп қолында барынан айырылып отырған жоқ, қо-лына түспей ұмсынтып кеткен балғын жас, бала-ғашығын айтып отыр.
Ақан серінің туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан об-лысы Айыртау ауданындағы Көкшетаудан 70-80 шақырым жердегі Қоскөл ауылы. Кейін бұл әулет «Боқан өзегі» атан-ған жерге қоныстанған. Осы жер мен қазіргі Ақан ауылы (ескіше Кеңащымен) жерортада Көлденең-Қаратал деген жер де Ақан дүниеге келіпті. Атақты «Ақан туған» деген жер осы. Ақанның Арғын ішіндегі Қарауыддағы арғы атала ры - ның бесінші тармағындағы Құдайқұл ақын, әнші болса ке-рек. Өз әкесі Қорамса елге белгілі бай, әрі ұтымды сауда-гер, адамшылығы жағынан да қадірменді мінезімен жақсы атанған кісі болыпты.Ақанның шын аты «Ақжігіт», кейін ата-ананың қойып алған атымен елге әйгі Ақан деген ат бекіді. Айша деген апасы, Мұхамбет, Рамазан, Айберген атты інілері соңынан ерген. Ақан 13 жасқа дейін үй тәрбиесінде болып, ауыл молласынан сабақ алыпты. Одан кейін Уәли Ахун деген кісінің Қызылжардағы медресесінде үш жыл оқып білімін арттырыпты.
Ақанның «Құлагер» атты өлеңі бүкіл қазақ даласының тра-гедиясын айтып тұр, бұл өлең арқылы Ақан серінің есімі шартарапқа ел мұңының қозғаушысы болып таралды.
Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің,
Шыныңмен өлгенің бе Құлагерім.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылмас бір шырқамай менің шерім,
–десе, Ақан серінің поэзиясында Құлагер тақырыбы ерекше орын алып, сөзімен де, әнімен де ерекше биік дәрежеге кө-терілді. Жалпы халықтық ұғымда жақсы өлең келісті су рет пен тапқыр теңеуден тұрса, Ақанда соның бәрі бар. «Ауы-лың қонған Сырымбет саласына», «Оралдың ақ түлкісі Аралдағы», «Көкжендет, тұғырың алтын, маржан баулы», «Ор болып қалушы еді шапқан жерің» сияқты тізе берсек дә-леліміз көптен де көп. Мағжан ағамыз Ақан серінің әлемдік белгілі рыцарь, трубадурлардың мінезінен туғандай дала - лық серіліктің ауқымын кең ашады да батыстағы «Таң жы-рын» өзінше еске салады. Расында да түнгі ләззат сырын осынша ашық айтудың өзі де асқан шеберлік қой:Жамылып екеуара бір шапанды,Айқасып тap төсекте жатқан қандай?!Мойныңа ақ білекті арта тастап,Тіл дәмін бір-бірінің татқан қандай?!Сол жерде айтылмаған сыр қалмайды, Кілт ашып ақ сындықты ақтарғандай.Ойынның қызығымен білмей қалып,Машырықтан таң сарғайып атқан қандай?!«Тұрыңыз, үйге сәуле түciптi» дeп,Біріне-бірі күліп айтқан қандай ?! –деп жан тылсымын көркем сөзге орап мөлдір махаббаттың құпия сырларын осылай ашу, суреткерлік пен шыншылдық-тың нағыз өзі, Абайша айтсақ «пайғамбар сүннәті».

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. PDF.js viewer

  2. "Қазақ Энциклопедиясы"

  3. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

  4. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

  5. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет