Музыка және әдебиеттегі үлесі
Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған.
Сауықшылығымен де, аңшылығымен де, ақын-әншілігімен де Ақанның атағы елге жайылады. Жұрт оны енді Ақжігіт демей, Ақан деп еркелетеді, сері Ақан, әнші Ақан, ақын Ақан деп атайды.Ақанның серілік өмірінің, әндерінің, өлеңдерінің түп мағнасы, негізгі идеясы махаббат, сұлулықты көтере дәріп - теу болып келеді. Ақан лирикасы махаббат, сұлулық лирика-сы. Ақан нағыз эстет, Ақан дарынды әнші, көрнекті ақын.Жасы қырықтан асқан кезде Ақанның әйелі, аты, бүркіті, тазысы өледі. Осының бәрі нәзік жанды Ақанға қатты ба-тады. Ақан енді дүние қызығын, аңшылық, серілікті қойып, өмірден торығады, жұрттан дараланып, елсіз қыстауда, көл басында, орман ішінде жалғыз жүреді, сопылық құрады.Ақанның бұл мінезін жұрт басқаға жориды: пері соқты, жынды болды деп кеп таратады. Ақан осыған жауап ретінде өз мінезінің мәнісін түсіндіріп, былай дейді:Дүниенің қызығын кешіп өтіп,Тәттіліктің алмадық еш ләззәтін.Пәруәйдігер сопылар жолымененҚұдайға құлшылыққа ғибадатым.Айырушы алла бар, не ғылым барАдамның ішкі сырын, зәйірбатын. Бұл кезде Ақан бірнеше нәсихат өлеңдер жазады. Бұл өлеңдері замана, аңшылық, мергендік жайын насихаттау, ке-йін жастарды өмірге, заманаға, адамшылыққа үндеу, сопы-лық, тақуалық ақыл айту болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |