1.3Әлеуметтiк жұмыс жүйесiндегi қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар.
Қоғамдық және қайырымдылық ұйымының қызметі - қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан оқиғалардың жауабына жеке азаматтардың, әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік ынталарын білдіру, азаматтардың әлеуметтік қорғау жағдайы, қиын өмірдің оқиғасына душар болғандарға көмектесуге тырысуы болып табылады. Қазіргі уақытта “қайырымдылық” түсінігінің түрлі анықтамалары мен жолдары бар. Бірқатар ғалымдар қайырымдылықты қоғамның, ұйымның, жеке адамның гуманитарлық іс-әрекетінің жиынтығын қосатын жалпы адамдық қозғалыс ретінде қарастырады. Олардың негізінде – тек жақын адамға ғана емес, сонымен қатар бөтен адамға, әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарға және көмек қажет ететіндерге тегін материалдық-қаржылық көмек көрсетуге талпыныс жатыр. Басқа зерттеушілердің ойынша бүгінгі күнде қайырымдылықтың екі жақты түсінігі бар. Негізі қайырымдылық түсінігі көмек қажет ететіндердің нақты жағдайына байланысты көмек көрсетуді білдіреді. Әлеуметтік жұмыстың анықтама-сөздігінде қайырымдылық 1-ден, пайдалы жақсылықтың іс-әрекеті мен қасиеті ретінде, яғни басқаларға жақсылық жасау, кедейлерге көмектесу; 2-ден, жеке меншіктің және ұйымдардың (өнеркәсіптердің, фирмалардың, қорлардың және т.б.) қайырымлықтағы кедейлерге материалдық көмек көрсету; 3-ден, өмір деңгейі күн көріс деңгейінен төмен адамдарға мемлекеттік көмек көрсетумен анықталады. Дегенмен, барлық анықтамалардың мәні қайырымдылықты әлеуметтік феномен ретінде ең алдымен, еңбекке деген қабілеттіліктері жоқ адамдардың субъективті және объективті себептерге байланысты өздерін тұрмыстық шарттармен қамтамасыз ете алмағандығымен сипатталады.
Әлемдік тәжірибеде қайырымдылық пен қоғамдық ұйымдары үшінші сектр деген атқа кіреді. Бұл сектр үшін жалпы ұлттық азық-түлікте, мысалы, 4%-ды АҚШ құрайды. Сонымен қатар Батыс Еуропа елдерінде мемлекеттік емес сектор дамуда. Мемлекет көбіне қайырымдылық ұйымдарды субсидарлы принципінің негізінде немесе әлеуметтік бағдарламалардың жүйесі арқылы қаржыландырады.
“Үшінші сектор” түсінігі жақында ғана пайда болды, оның құрылуы экономикалық нарықтың дамуымен байланысты. Бүгінде қазіргі азаматтық қоғамды үштік ажырамас құрам түрінде көрсетуге болады:
бірінші сектор – мемлекеттік: барлық деңгейдің мемлекеттік күш органдары, мемлекеттік кәсіпорынның барлық түрлері;
екінші сектор – коммерциялық:үкіметтік емес табыс ұйымы;
үшінші сектор – мемлекеттік емес, үкіметтік емес, коммерциялық емес, қайырымды ұйым.Үкіметтік емес ұйым азаматтық қоғамның негізгі элементі болып табылады, себебі оның белгілеуі – мемлекет пен қоғамның өзара байланысын қамтамасыз ету, көмек қажет ететіндерге көмек көрсету, азаматтардың инициативаларын қолдау, адамдар мен азаматтардың құықтарын қорғауда жатыр.Қазақстанда үкіметтік емес ұйымның құрылу процесі көрсеткен үшінші сектор бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезеңде (1991-1994ж.ж.) құқық қорғау бағыты негізінде үкіметтік емес ұйымдар құрылды. Екінші кезең (1994-1997ж.ж.) өсу санымен (400-ден 1600-ге дейін), және қызмет түрлерінің дифференциациясымен сипатталады. Барлық үкіметтік емес ұйымдардан 9 %-ын медициналық үкіметтік емес ұйымдар құрды, экологиялық - 17%, құқық қорғау – 8%, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша ұйымдар – 15%, бала және жастар ұйымдары – 17%. Үкіметтік емес ұйымның функционалдық өсу шегі халықаралық ұйым мен грант жүйесі арқылы құрылған қордың (мысалы, “Сорос - Қазақстан” қоры; үкіметтік емес ұйымының даму бағдарламасы) қаржылық қолдау есебінде өтті. 90-шы жылдардың 1-ші жартысында 20млн. АҚШ доллар сомасын жуық гранттар бөлінді. Мемлекет өзінің бағытын үкіметтік емес ұйымға деген қатынасты 1-ші және 2-ші кезеңде нақты қисынға келтірген жоқ. Бүгінгі күнде де 3-ші кезеңнің (1998 жылдан бастап) айырықна ерекшеліктері болып үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттескен мемлекеттік мехенизмдерді қалыптастыру болып табылады. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудағы үкіметтік емес ұйымдар мемлекетпен нақты жұмысында өздерін тең құқылы партнерлер түрінде қарастырады. Бұған белгілі-бір дәрежедегі ҚР Заңдары мүмкіндік туғызды: “Әлеуметтік партнерлер туралы” (2000ж.), “Коммерциялық емес ұйымдар ткралы” (2001ж.). Мемлекеттік қолдауымен үкіметтік емес ұйымның 2003-2005ж.ж.-ға арналған республикалық бағдарламалар құрылды. Қолданыстағы шаралар халық әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымның рөлін үдете түсуге мүмкіндік туғызды. Әлеуметтік қызметкерлер қоғамда кәсіби және кәсіби емес денгейде қарастырылып жүр. Кәсіби емес денгейдегі әлеуметік жұмыстарға өз қалауларымен қайырымдылық жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүрген жеке адамдармен, ұйымдар, мекемелержатқызамыз. ХХ ғасырдың 80 жылдары бір қатар елдерде әлеуметтік жұмыстардың әр түрлі формалары пайда бола бастады.Бүгінгі күндегі әлеуметтік жұмыстағы филантропияның ролі қажетсінетіндер қатары көбеюде.Егер советтік көзқараста «филантропиялық қайырымдылық – еңбекші халықтыңбетін таптық күрестен қайтару үшін жасайтын буржуазиялық қайырымшылдығы»- деп түсіндіреді. Ал бүгінгі көзқарас әлеуметтік даму бойынша филантропиялық қайырымдылықтың мәні, әлеуметтік мәні, өте жоғары. Себебі грек тілінен аударғанда филантропия-«адам сүю» деген мағынаны береді. Әлеуметтік кеңестік гуманизм рухына бет бұру үстінде. Бұл тұрғыдан алғанда атқаратын рөлі, адамгершіліктің дамуы қалыптасуда.Әлеуметтік жұмыс мақсаттары мен функциялары арқылы тұтас жүйеге бірігетін субъектіден, мазмұннан, құралдардан, басқарудан және объектіден тұратыны белгілі. Әлеуметтік жұмыстың субъектілері әлеуметтік жұмысты жүргізетін және оны басқаратын адамдар мен ұйымдар болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың маңызды субъектілері, халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуде, ең бастысы әлеуметтік әлсіз азаматтардың бөлек индивидтердің проблемаларын шешуде қатысатын қоғамдық және қайырымдылық ұйымдары болып табылады. Қоғамдық және қайырымдылық қорларының әрекеті, қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға, азаматтардың әлеметтік қорғалуының жағдайына жауап ретінде, өмірдің қиын жағдайына душар болғандарға көмектесуге талпыну ретінде халықтың әр түрлі топтарының, бөлек адамдардың әлеуметтік инициативасының көрінуі болып табылады. Қазіргі кезде «қайырымдылық» ұғымының әр түрлі анықтамалары бар. Бір ғалымдар қайырымдылық, жеке адамның, ұйымның, қоғамның гуманитарлық әрекеттерінің бірігуін қамтитын жалпы адамзаттың қозғалысы деп қарастырады. Оның негізінде, тек өз жақынына ғана емес, таныс емес адамға да сүйіспеншілігіңді көрсету, мұқтаж және әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға материалдық және қаржылық көмек көрсету жатыр.Әлемге қайырымдылық атты идеяны алғаш танытқан христиан дiнi емес оның қажетi де болмаған.Себебi көне заманғы қалаларда, бiздiң эрамызға дейiнгi жүздеген жылдар бұрын қайырымдылық өзiнiң кең жомарттығымен,мейiрiмдiлiгiмен қарқынды дамыған,ал христиан дiнiнiң бұл туралы түсiнiгi де болмаған.Афина,Рим,Греция мен Италияның кейбiр қалаларында бай адамдар күнделiктi не аптаның белгiлi бiр күндерi өз үйiнiң есiк алдында кедейлерге арнап тамақ берудi дәстүрге айналдырған.Сонымен қатар,кедейлердi тамақтандыру және азық-түлiкпен қамтамасыз ету ауқатты адамдарға салық ретiнде жүктелген.Соның арқасында кедейлер әрдайым тамақсыз қалмайтын болған.Оларға азық-түлiкпен қоса ақша да таратып отырған.ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясындабелгiленгендей,Қазақстан Республикасы әлеуметтiк мемлекет.Яғни мемлекет өзiнiң бар мүмкiндiгiн,қамқорлығын өз қоғамының дамуына,ондағы азаматтардың өмiр сүру деңгейiн көтеруге мiндеттi.Бүгiнге дейiнгi қол жеткiзген табыстарымыз-егемендiк,тәуелсiздiк бiзге тек қана iлгерiлеуге және өркениетке қарай жол ашты.Дербес мемлекетке айналған тұста бiздiң Республика аграрлық ел едi.Ендi халықтың жартысына жуығы қоныстанған жерлердегi ұжымшарлармени кеңшарларға қажеттi қаржы тауып беруге жас мемлекеттiң шамасы жетпей қалды.Содан Үкiмет амалсыздан ауыл шаруашылығы кәсiпорындарынжекешелендiрдi.Нәтижесiндежұмыссыздықбасталды.Халық,әсiресе жастар үлкен қалаларға көшебастады.«Қазақстанның гүлденуi үшiн Республиканың барлық халықтарының ынтымақтасуына,әр адамның бақыты мен бостандығына,барлық азаматтардың материалдық және рухани мәдениетiн көтеруге қамқорлық жасау»,-дейдi ел Президентi Н.Ә.Назарбаев.Әлеуметтiк қолдау,ең алдымен,халықтың онсыз өмiр сүре алмайтын тобына мақсатты әрi нысаналы сипатта көрсетiлуде.Оған дәлел «Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996жылы шiлденiң 18-де «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңына»,1997 жылы маусымның 16-да «Мүгедектiгi бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы “заңы осы жылдың 20 маусымында “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы”заңы және 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпы Ұлттық қщр туралы”»жарлығы қабылданып,онда Қазақстан Республикасының Үкiметi тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi жалпыұлттық қор құру арқылы,оның қызметiнiң негiзгi бағыттарын,яғни тұрмысы төмен азаматтарға материалдық,қаржылық ресурстарды беру,қызметтер көрсету,әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуына жәрдемдесу,обылыстарда халықтың табысы аз топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық қорларын құру қарастырылған.Өткен 1999 жылы да әлеуметтiк сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз берiлдi.Еңбек,жұмыспен қамту,әлеуметтiк қорғау салаларының мамандары жергiлiктi билiк орындарымен бiрлесiп,соғыс және еңбек ардагерлерiне, мүгедектерге, зейнеткерлерге “қайырымдылық” акцияларын өткiзу барысында ақшалай,азық-түлiктей көмектер көрсетiлдi,әлеуметтiк қолдау айлықтары ұйымдастырылып,кiрiптар жандарға материалдық жағынан түрлi жәрдемдер берiлдi. “Қайырымдылық” республикалық акциясының өткiзiлуi Батыс Қазақстан облысында жалғыз басты қарттарға киiм-кешек жинауға ықпал етiп 177739 адамға материалдық көмек көрсетiлген.Жамбыл облысында 1576 адам материалдық көмек алып,97 бекетте 868 адамға арнап күнделiктi тегiн тамақтандыру орындары ашылған.Шымкент қаласында 40 коммерциялық нүктеде 85 жалғыз басты қарттар мен мүгедек жандарга күнделiктк түскi ас тегiн ұйымдастырылған.Қаржы көлемi мен тегiн тамақтандыру,өзге де көмектер қомақты болғанымен,осындай қиын уақытта адам тағдырына деген жанашырлыққа үндеген шаралардың маңыздылығында күмән жоқ.
Осынау қоғамдық және ұлттық мәселелердi шешу мақсатында оған қол ұшын беру үшiн Республикамызда көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс iстейдi.Ол қорларды атқарып жатқан қызметi мен алдына қойған мақсат,мiндеттерiне қарай жұмыс жасайды.Республикадағы халықаралық ''Бөбек'' балалар қайырымдылық қорының тындырып жатқан iсiн айрықша айтукерек.Алғаш 1992 жылдың 27 наурызынан бастап жұмыс iстей бастады.Қордың президентi Сара Алпысқызы Назарбаева.''Бөбектiң'' негiзгi мақсаты - әлеуметтiк тұрмыс жағдайы нашар отбасындағы балалардың жағдайын жақсартуға жәрдемдесу,әсiресе,ата-ананың аялы алақанына зәру жетiмдерге,экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан ауру-сырқау және мүгедек балаларға қамқорлық жасау.қордың құрылтайшылары – мемлекет және қоғамдық iрi ұйымдар,әлемдегi iскер адамдар,банктер мен коммерциялық құрылымдар.Тағы бiр үлкен мәселе:елiмiздегi өнерлi балалардың талабын қолдау мақсатында ''Айналайын'' ,''Шығыс маусымы'' атты фестивальдар өткiзу осы ''Бөбек'' қайырымдылық қорының бастамасымен дүниеге келдi.Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарға шамасы келгенше қамқорлық жасауға тырысуда.Елiмiзде көптеген қайырымдылық қорлары құрылып,қайырымдылық акциялары өткiзiлуде.Республикамызда құрылған қайырымдылық қорларымен қоса елiмiзде халықаралық қайырымдылық қорларықызмет етуде.Бiздiң елiмiздегi шетелдiк компаниялармен халықаралық қорлар қай елде болмасын адамдардың ұлты,нәсiлi,дiнiне қарамастан көмектесудi өздерiнiң принциптерi етiп алған. Басқа ағылшын заңына сәйкес (1965) қайырымдылық қағидаларының негізінде ауылдық клубтар, мәдени орталықтар, әйелдер бірлестіктері құрылуы мүмкін. Кеңес уақытындағы Қазақстанда бірқатар қайырымдылық ұйымдары әрекет етті. Оның ішінде Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы болды, ол мемлекетпен қаржыландырылып отырады. ХХ ғ. 90жж. қайырымдылық мемлекет халқының көпшілігі душар болған ауыр экономикалық ситуацияны жеңу формасы ретінде түсіндірілді.[4]
Достарыңызбен бөлісу: |