Реферат Тақырыбы: Алаш қозғалысы қайраткерлері Орындаған: Байсеитова Данагүл Тобы: ис 21-11


 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагеріне жабылды.  1941



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата10.03.2022
өлшемі237.22 Kb.
#456124
түріРеферат
1   2   3   4   5
Тарих ОБӨЖ 6

1940 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагеріне жабылды. 
1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайларда қайтыс болды. А. Шульгин 
ол жөнінде: «бұл түркістандық сонымен бірге жоғары білімді Еуропалық болды
«жеке өзі» бүкіл елді көрсете алатын еді» деп жазды. 
ЖҰМАБАЕВ МАҒЖАН (1893-1938) - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, 
қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, аудармашы, педагог. Мұсылманша бастауыш білім 
алып, Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесін бітірді. Омбы мұғалімдер 
семинариясында оқып жүрген кезінде «Бірлік» жастар ұйымының жұмысына белсене 
араласты. 1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғарғы әдебиет-көркемөнер институтында 
оқыды. Осы жылдары Д. Н. Мамин-Сибиряк, М.Горький т. б. шығармаларын, В. И. 
Лениннің бірқатар еңбектерін қазақ тіліне аударды. 1927 жылдан бастап өзін 
педагогтік кызметке арнады.М. Жұмабаев Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі 
бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде 
ұсынылды. «Алаш» партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. 
«Бостандық туы», «Ақ жол», «Шолпан» басылымдарының жұмысына араласты, бірақ 
белсенді саяси кызметпен айналысқан жок. М. Жұмабаев Қазақстан педагогикалык 
ғылымының бастауында тұрды. Ол газеттер мен журналдарға кептеген мақалалар 
жазып, біркатар окулықтар мен әдістемелік құралдар дайындады. Оқу-ағарту 
саласында еңбек ете жүріп, «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту 
жөні», «Сауатты бол!», «Әліппе», «Тарту», «Оқу-жазуға үйрету», «Ересектерге оқу 
кітабын» жариялады. Мағжанның поэзиядағы алғашқы қадамдарынан-ақ жарқын
өзіндік таланттың белгілері аңғарылды. «Шолпан» өлеңдер жинағы ақынды кеңінен 
танымал етті. Ол «Батыр Баян» поэмасын, Түркістан туралы өлеңдер топтамасын
«Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларын жазды. М. Жұмабаев 
шығармаларында Шығыс халықтары мен Батыстың рухани ағындары ұштасқан Орта 
Азия мен Қазақстан аймағындағы ақындардың алғашқы ұрпағына жатады. М. 
Жұмабаев үшін жалған айып тағылып, тұтқындалуы, 10 жылға бас бостандығынан 
айырылып, Карелияға жер аударылуы ауыр сынақ болды. Бакытқа орай, бұл жолы М. 
Горький мен оның әйелі Е. Пешковалардың ара түсуі М. Жұмабаевты НКВД-ның 
қатыгездігінен құтқарды. Шығармашылық жоспарлары мол, еңбек етуге құлшынған, 
жер аударудан босатылған ақын үйіне қайтып оралады. Алайда бостандықта болу 
ұзаққа созылған жок. 1937 жылы 30 желтоқсанда қарадай жағылған жаламен 
тұтқындалып, 1938 жылы атылды. 1988 жылы ақталды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет