Реферат Тақырыбы: Атқа міну мәдениетінің генезисі Орындаған : Арыстанбай Назым


Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы



бет2/5
Дата30.09.2023
өлшемі0.58 Mb.
#479299
түріРеферат
1   2   3   4   5
Атқа міну мәдениеті Назым №2

Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы.
Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Мал шаруашылығы – көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Сондай-ақ азық-түлік және ішіп-жеммен қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзіне айналды десек те болады. Қазақстанның тым континентті климаты, жыл мезгілдеріндегі жауын-шашынның әрқилылығы, ауа-райының аумалы-төкпелілігі, яғни, табиғи-климаттық ерекшеліктері қазақ халқының шаруашылық құрылымы мен материалдық өндіріс жүйесінің негізгі бағыттары мен сипатын анықтап берді. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қазақ халқының үш мың жыл ішіндегі табиғатты пайдалану мен шаруашылық әрекеті көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Тіршілік ортасына бейімделу мен өмір сүрудің ерекше әлеуметтік-мәдени типіне жататын мұндай ортада көшпелі мал шаруашылығы қарқынды дамыды, халықтың басым көпшілігі жыл мезгілдеріне қарай ауысып отыратын көшпелі өмір салтын ұстанды.Көшпелі шаруашылыққа қажетті су шығару үшін малшылар терең құдықтар қазып, шыңыраудан су шығарды. Малға азық-түлік пен судың жетіспеушілігі оларды тез арада қоныс аударып отыруға мәжбүр етті, сөйтіп көш жолдарының шиырлана түсуіне алып келді. Соның нәтижесінде мұндай жерлерде төрт түліктің ішінен тек шыдамдылары ғана, атап айтқанда, қой мен түйе қалды, ал материалдық мәдениеттің барша белгілері – киіз үй мен үй жабдықтары мен үйдің тұрмыс-тіршілігіне қажетті дүниелердің барлығы да ұдайғы көшпелі өмір салты мен мал шаруашылығына толықтай сай келді.
Мал шаруашылығының тағы бір түрі топырағы құнарлы, азық-түлік, жем-шөбі мол, жауын-шашыны тұрақты, табиғи су көздері жеткілікті аудандарда дамыды. Бұлардың қатарына дала және орманды өңірлердегі өзен-көлдер атырабтары, тау бөктерлері мен таулы аймақтар жатады. Мал азығы мен судың жеткілікті болуы бұл жерлерге ұзағырақ қоныстанып, азырақ көшуге мүмкіндік берді. Шаруашылықтың мұндай түрінде түйе мен уақ малдарға қарағанда жылқы мен сиыр көбірек бағылды. 

1.2 Жылқының шығу тарихы


Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
1.Жылқының қаңқасы. Б.з.д IV-III мыңжылдықтағы Ботай жылқысының сүйек қаңқасы орталықтағы аса құнды жәдігер болып табылады. Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелген. Нәтижесінде Ботай аттары бұрынғыдан белгілі жылқылар түріне жатпайтыны, олардан ерекше екендігі анықталды. (авторы археолог, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет