Реферат Тақырыбы: Атқа міну мәдениетінің генезисі Орындаған : Арыстанбай Назым



бет3/5
Дата30.09.2023
өлшемі0.58 Mb.
#479299
түріРеферат
1   2   3   4   5
Атқа міну мәдениеті Назым №2

2.Берел жылқысы. Сонымен қатар ХХ ғасырдың аяғында бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған археологиялық сенсация, сән-салтанатымен жерленген Берел жылқысының реконструкциясы да ұсынылып отыр. 
3.Келесі жәдігерлер – сақ, ғұн, түркі және қазақ ер-тұрмандарының реконструкциясы. Сонымен қатар аттарды кастрация жасауға арналған құралдар. Доместикация – жануарларды қолға үйретіп, олардың шаруашылық маңызы бар белгілері бойынша жаңа тұқымын алу. Арқан езуге арналған тас.

1.3 Атқа міну мәдениеті


Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерін­де ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргі­зіл­ген қазба жұмыстары жылқы­ның тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аума­ғын­да қолға үйретілгенін дəлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар. Петербург академиясының академигі, түрколог, этнограф, шығыстанушы В.В. Радлов қазақ өлкесінің зерттелуіне үлкен үлес қосты. Атқа міну мәдениетінің қазақ жерінде дамығанын өткен ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерінен көре аламыз. Мысалы, Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанды зерттеуде академик В.В.Радловтың еңбегі маңызды. Ол өзінің қазақ жеріндегі зерттеулері жазыл­ған күнделігін «Из Сибири» еңбе­гінде жариялады. Бұл еңбектің «Тюрк­ские степные кочевники» деп аталатын бесінші тарауында қазақ этнографиясы, оның ішінде мәдениеті жайлы көп айты­лады. В.В.Радлов зерттеулерін Ал­тай қырғыздарымен, яғни қара-қызғыз­дармен салыстыра отырып зерттеп, сипат­тап жазды. Қазақтардың материал­дық мәдениетінің жай-күйі қоғамның көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Материалдық мәдениеттің маңызды дерегі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет