сондай-ақ мал шаруашылығында экологиялық проблемалар пайда болады: түрдің биологиялық талаптарын қамтамасыз ету (қоректендіру, климат, ұдайы өсіру), үй жануарларының қоршаған экожүйелерге әсер етуі (жаюдың фитоценозға әсер етуі, жабайы түрлермен бәсекелесу, гельминттердің таралуы, инфекциялардың табиғи ошақтарына қатысу және т.б.). Аталған проблемаларды шешу жолдары мыналар болып табылады: дәнді дақылдарды аралас егу ауа-райы және басқа жағдайлар ауытқығанда астықтың төзімділігін арттырады; орман жолақтарын жасау күрделі көп белдеулі өсімдіктер қауымдастығын қалыптастыруды көздейді, онда ауыл шаруашылығының дақылдары зиянкес-терінің санын бақылайтын жәндіктер мен құстардың түрлері орын табады; топырақтағы қоректік элементтер мен органиканың тапшы емес балансы жүйесін пайдалану; құс шаруашылығында жасанды өсіруді кеңінен ендіру құс етін шығарудың индустриялық әдістеріне жол ашты; үйірлік түрлердегі өзара қатынастар ерекшеліктерін зерттеу үйірлердің өнімділігі және олардың басқарылғыштығы мәселелерін шешуге кілтті беруі мүмкін;
Достарыңызбен бөлісу: |