Реферат Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Орман кодексі.»



бет4/5
Дата09.03.2022
өлшемі288.77 Kb.
#456076
түріРеферат
1   2   3   4   5
Нұрмаханбет Назерке 302-ЛР Реферат орман қорғау

Қорытынды
Егеменді және тәуелсіз Қазақстан құқықтық, зиялы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып орнығуды өзіне мақсат тұта отырып, адамды оның өмірін, құқықтары мен оның бостандықтарын қоғамның ең құнды қазынасы деп жариялады. Мұндай жағдайда адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру, аса актуалды мәселелердің бірі. Адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау, Ата заңымыздың 31 бабында мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі ретінде бекітілген. Бірақ, өкінішке орай, казіргі кезде Қазақстанда қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасып отыр, ал кейбір аудандарда ол адамның өмірі мен денсаулығы үшін едәуір қауіпті десек те болады. Қазақстан Респуликасының Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 2030» деп аталатын жодауында: «бүгінгі экологиялық жағдай 20 % өлімге себеп болып отыр, ал кейбір аумақтарда жағдай одан да жаман» , - деп атап өтті. Бразилияда болып өткен экологиялық форумда, Қазақстанның қоршаған орта сапасы анағұрлым төмен елдердің қатарына жатқызылды.
2030 жылы 3 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикамыздың экологиялық қауыпсіздік тұжырымдамасы қабылданды, онда экологиялық қауыпсіздік ұлттық қауыпсіздіктің стратегиялық бөлігі ретінде қарастырылды.
Бүгін дуниежүзінің мемлекеттері экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғат ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі қабылдануына байланысты, елімізде мынандай ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асыру көзделіп отыр: орман және орман қоры жерлеріне мемлекеттік меншік институтын күшейту, орман қорын пайдаланудың экономикалық механизмдерін жетілдіру арқылы орман қорын басқаруды жақсарту; орман қорын сақтау және қалпына келтіру; орман қоры ресурстарын тиімді пайдалану; орман шаруашылық ғылымын дамыту; осы салада халықаралық байланысты күшейту. Орман қорын тұрақты дамыту жөніндегі стратегияны жүзеге асырудың төрт кезеңі көрсетілген: 1998-2000 жж., 2001-2010 жж., 2011-2020 жж., 2020-2030 жж.. Мамандардың пікірінше бұл стратегияны жүзеге асыру экологиялық жағдайды жақсартып, халық үшін анағұрлым қолайлы қоршаған ортаны калыптастыруы керек. Осындай шаралар арқылы таулы қыраттардан 25 млн. тонна топырақтың, егістік жерлерден минералды заттардың ағып кетуін тоқтатып, ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру көзделіп отыр. Орман қоры алқаптарын белгіленген көлемде арттыру атмосфералық ауаға 20 млн. тоннаға дейін кислород бөлуді қамтамсыз ететін көрінеді. Алайда, ұзақ мерзімге арналған стратегияның бірінші кезеңі аяқталу сатысында тұрғанымен, орман шаруашылығы саласындағы жағдайдың жақсы жаққа қарай өзгеріп отырғаны байқалмайды және жоғарыда келтірілген мысалдар орман шаруашылығы саласында көптеген заңсыз әрекеттерге жол беріліп отырғанына дәлел.
Мемлекетімізде орман қорының үлесі республиканың барлық аумағының 4,2 пайызын, яғни Қазақстан Республикасының 26,5 млн. гектар жерін алып жатыр. Орманның ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени маңыздылығын ескере отырып, орманды ерекше қорғауға алынуын қамтамасыз етуіміз қажет. Сонымен бірге Елбасының 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес , орманның биологиялық алуан түрліліктің табиғи резерваты ретінде маңыздылығы ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарына қосу қажет. әрине ол үшін, 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттар жүйесін қалыптастыру бағдарламасын дайындау қажеттігі туындап отыр деп айтқан болатын.
Аталған мақсаттарға жету үшін ең алдымен орман қорының ұтымды және тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін нормативтік базасын қалыптастыруымыз қажет. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесімен қабылданған Орман кодексі жеткілікті деңгейде бұл мәселені шешкен жоқ болатын. Ал енді 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған Орман кодексінің мүмкіндігіне саралау жасағанымыз дұрыс болар.
Сонымен бірге бәрімізге белгілі кез келген құқық қатынастарын реттеу үшін басшылыққа алынатын негізгі бастамалар, идеялар болуы қажет. Оларды біз құқық қағидалары деп атаған болатынбыз. Қазақстан Республикасының жаңа Орман кодексінде күшін жойған заңда көрініс таппаған Қазақстан Республикасы орман заңдарының қағидалары өте орынды бекітілген. Онда Қазақстан Республикасының орман заңдары төмендегі қағидаларға негізделеді делінген:
1.ормандардың климатты реттейтін, орта түзетін, егіс – топырақ қорғау,су сақтау және санитарлық – гигиеналық функцияларды орындайтын жалпы мемлекеттік мәнін мойындау;
2. ормандарды тұрақты дамыту;
3. ормандардың, табиғи – қорық қоры обьектілерінің, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әр алуандығын сақтау;
4. орманды көп мақсатта пайдалану;
5. орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сарқылмайтындай етіп пайдалану;
6. орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;
7.басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу мен алған сүректі қайта өңдеуді жүзеге асыру функцияларын орман пайдалануды реттеу функцияларының ара – жігін ажырату;
8. Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген залалдардың орнын толықтыру;
9. орман ресурстарын ақылы пайдалану;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет