Реферат Тақырыбы: Баға нарықтық шаруашылық ретінде Орындаған: Каирова А. Н эн-201 қ Павлодар-2024жыл Жоспар



бет5/7
Дата15.05.2024
өлшемі42.33 Kb.
#501204
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат2 Каирова эн-201қ

3.1 Бағаны есептеу схемасы
Тауарға бағаны есептеу ретті түрде бірқатар кезеңдердің орындалуымен тығыз байланысты:
1. Бағақалыптастыру мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
Кәсіпорын үшін тауар бағасы тауар мен қызметтерден пайда алу функциясын атқарады. Сондықтанда, фирма бағаны есептей отырып, өзі үшін бекітілетін баға арқалы қандай мақсатқа жететінін нақты айқындау керек.
2. Сұранысты анықтау.
Кәсіпорынмен тағайындалған кез-келген баға сұраныс деңгейіне қалайда болса әсерін тигізеді. Әдетте сұраныс бен баға кері пропорционалдық тәуелдікте болады, яғни баға жоғары болған сайын сұраныс төмендейді, сәйкесінше баға төмен болған сайын сұраныс ұлғайады.
3. Өндіріс шығындарын бағалау. 
Әр кәсіпорын алдын-ала ойластырған баға саясатын жүзеге асыру үшін шығындар құрылымын өндірістің жоспарланған көлемімен салыстырып, өнім бірлігіне қысқа мерзімді шығындарды есептеу керек.
4. Бәсекелестер тауар бағасы мен сапасын талдау.
Қалыптасқан сұраныстың жоғарғы деңгейі мен қалыптасқан шығындардың төменгі шегі арасындағы айырмашылық баға бекіту үшін диапазонды көрсетеді. Осы диапазонда фирма бәсеклестер тауар бағасы мен сапасын зерделейді. Кәсіпорынға өзінің бәсекелестерінің тауар бағасы мен сапасын білу өте қажет.
5. Бағақалыптастыру әдісін таңдау. 
Сұраныс функциясын, шығындар құрылымын және де бәсекелестер бағасын талдаудан кейін, осы аталған шектеулерді максималды түрде ескеретін бағақалыптастыру әдісін таңдау керек. Бағаны әр түрлі амалдармен анықтауға болады, олардың әр қайсысы баға деңгейіне әр түрлі жағдайда ықпал етеді.
6. Бастапқы бағаны есептеу.
Таңдалған әдіс негізінде бағаның мүмкін деңгейі есептелінеді.
7. Қосымша факторларды есептеу.
Бағаның соңғы деңгейін анықтамас бұрын, фирма баға деңгейіне әсер ететін бірқатар қосымша факторларды ескеру қажет, баға саясатының мақсатының сақталуын бақылау, сатып алушылар, делдалдар, мемлекет тарапынан баға деңгейіне көзқарастарын ескеру.
8. Соңғы бағаны бекіту.
Бұл кезеңде бағаның соңғы деңгейі бекітіліп, сәйкесінше құжаттар рәсімделінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет