Реферат Тақырыбы: Баға нарықтық шаруашылық ретінде Орындаған: Каирова А. Н эн-201 қ Павлодар-2024жыл Жоспар



бет2/7
Дата15.05.2024
өлшемі42.33 Kb.
#501204
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат2 Каирова эн-201қ

1.2 Баға функциясы
Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функцияларын атқарады.
Өлшеу функциясы Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алатын ақша саның анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.
Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек шығындары мен оның пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде сипат береді. Баға қоғамүшін қандай да бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру қандай шығынға ұрындыратынын көрсетеді. Баға тауарлар мен қызметтер өндіруге қаншалықты еңбек күші,материалдар мен шикізаттар жұмсалатынын анықтайды.
Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады: өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен байланыстыра ұсыным мен сұранымды теңестіреді. Ол ұсыным мен сұраным арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады және олардың арасындағы сәйкестікке жету үшін икемді құрал болып табылады.
Ынталандырушы функцияБұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.
Үлестіруші (қайта үлестіруші) функция әртүрлі факторлар әсерінен тауар бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды үлестіружәне қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік топтар, ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың, сала табыстарын реттеу жүзеге асырылады.
Өндірісті ұтымды орналастыру критерийі ретіндегі баға функциясы . Бұл функция келесіде сипатта айқындалады: жоғары пайданы алу үшін баға механизмі арқылы экономиканың бір секторынан екінші секторына және ең жоғары пайдасы бар жеке секторлардың ішіне капиталдардының құйылуы. Капиталдарды қайта үлестірусұраныс және ұсыныс заңдарымен, бәсеке әсерінен жүзеге асады. Капиталдардың мұндай құйылуы бәсеке және сұраным ықпалымен кәсіпорындар, фирмалармен жүзеге асады. Тек кәсіпорын ғана қызметтің қай түріне, экономиканың қай саласына өз капиталын салу керек екенін дербес шешеді. Бұл жағдайға терең маркетингтік зерттеулер, барлық нарықтық факторларды, оның ішінде бағаларды да, зерттеу жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет