Реферат Тақырыбы: Баға нарықтық шаруашылық ретінде Орындаған: Каирова А. Н эн-201 қ Павлодар-2024жыл Жоспар



бет6/7
Дата15.05.2024
өлшемі42.33 Kb.
#501204
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат2 Каирова эн-201қ

3.2 Баға саясатының мақсаты
Баға саясатының негізгі келесі мақсаттары бар:
Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал кәсіпорынның тауары (қызметі) ешқандай айрықшылықпен сипатталмайды.
Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:
-кәсіпорын бәсекелестерде жоқ, ерекше тауарларды ұсынады;
-тауарға сұраныс ұсыныстан жоғарғы деңгейде болады.
Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.
Сападағы лидерлік. Фирма бұйымның сапалы сипаттамаларын максималды түрде жоғарлату жолымен бәсекелестерден алға шығуға ұмтылады. Тауар сапасының жоғарлауы оларға деген, бағаның көтерілуін білдіреді.
Жаңа нарықтарға шығу кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік береді.
Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту.
3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі
Кәсіпорынмен баға стратегияларын таңдауда келесі жағдайлар мүмкін.
1 Жағдай.  Фирма тауарға бағаны бірінші рет орнатуы керек. Бұл жағдай фирма өзінің жаңа тауарын ішкі нарыққа шығарғанда, немесе дәстүрлі тауарды сыртқы нарыққа немесе нарықтың жаңа сегментін қолданғанда іске асады.
2 Жағдай. Бәсекелес өзінің тауарына бағаны өзгертіп жіберді, бұл жағдай фирманың бәсекелестің бұл қадамына әсер етуге мәжбүр етеді және де келесі мүмкін қызметтерді талдау негізінде сәйкес шешімдерді қабылдайды:
- өз тауарына баға өзгерту арқылы жауап беру;
- қандай дәрежеде жаңа бағаны бекітуді анықтау;
- жаңа баға орнына қандайда бір басқа бағалық емес стратегияны қолданып, бәсекелестің бағаны өзгерткен жағдайын бір қалыпқа келтіруіне себепкер болады.
Өте күшті бәсекелестік жағдайда бәсекелестермен бағаның өзгеруіне фирма әсері өте жылдам болуы керек. Осыған байланысты фирмалар бағалық шешімдерді қабылдауда алдын-ала дайындалған бағдарламалармен әсер білдіруі керек.
3 Жағдай. Фирма өз тауарын деген ағымдағы баға шығындар тарапынан, не сұраныс тарапынан немесе екеуінің де тарапынан да дұрыс жолда екендігіне күмәнданады. Мысалы, сатып алушылар көп төлеуге дайын; қомақты шығындар үлесі нәтижесінен жеткілікті пайдалылық қамтамасыз етілмеген; тауар ескірді; күшті инфлияция байқалады және т.б..
4 Жағдай. Фирма сапасы бойынша сараланатын тауарды өндіреді. Бұл тауарлар арасында сұраныс және шығындар бойынша байланыс бар. Әр тауар варианты бойынша жақсы сатылымды қалыптастырып, пайдаға қол жеткізуде оңтайлы бағаны анықтау қиынға соғады. 
Қазіргі заманғы бағақалыптастыру тәжірибесінде баға стратегиясының тармақталған жүйесі қолданылады: сараланған бағақалыптастыру, бәсекелестік бағақалыптастыру және ассортиментік бағақалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет