мен ешкі 3-5 айлығында, мегежін кез келген уақытта, ит 40-50 күн болғанда іш
тастайды. Сиыр мен қой әдетте екінші қайта іш тастамайды, ал мегежінде ол
бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Іш тастар алдында буаз малдың емшектері сызданып, сыртқы жыныс
мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт қоңыр түсті сора ағады. Іш
тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі – іріңді, соңынан
іріңді фибринді эндометрит байқалады. Кейбір
жануарларда эндометритке
қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий (жатыр) түтікшелері қабынады.
Дерт асқына келе дененің ыстығы көтеріледі, малдың сүті азайып, жүдеп
кетеді. Жыныс жолдарының зақымдануы жануарлардың жыныстық қабілетін
нашарлатып, соңы бедеулікке әкеп соғуы мүмкін.
Жекелеген жануарларда бруцеллез кезінде бурсит, гигрома, артрит,
тендовагинит, ал еркек малдарда орхит және эпидидимит байқалып, ені ісініп,
кейде шектен тыс ұлғайып, салбырап жүреді. Әсіресе, жұқпалы эпидидимитке
шалдыққан
қошқардың ені ісініп, еннің шлауы білеуленіп, сипап көргенде
резеңке түтік тәрізденіп қолға білініп тұрады.
Бруцеллезге диагноз кешенді түрде
індеттанулық, клиникалық,
аллергиялық және зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады.
Індеттанулық деректерден бұл жерден бұрынғы уақытта бруцеллездің болған-
болмағаны, өткен жылдардағы бруцеллезге тексерудің қорытындысы есепке
алынады. Клиникалық
тексеру кезінде бурсит, еркек малда орхит, ұрғашы
малда іш
тастау, шуы түспеу сияқты құбылыстарға баса көңіл аударады.
Лабораториялық тексеруге бактериологиялық зерттеуге тастанды төлді, бауыр
мен көкбауырдың кесінділерін, енін шылауымен, сөл түйіндерін алады.
Лабораторияға серологиялық тексеруге сол малдың сүтін,
қанын немесе қанның
сарысуын жібереді. Серологиялық реакциялар: АР, КБР, РБС, СР, ШР.
Алллергиялық тексеру бруциллин аллергені пайдаланады. Оны тері ішіне
немесе тері астына жібереді. [1]
Достарыңызбен бөлісу: