Реферат тақырыбы: Бруцеллезде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Орындаған: Тексерген



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата19.12.2023
өлшемі181.29 Kb.
#487025
түріРеферат
1   2   3   4   5
Google

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Бруцеллез-(Brucellosis)-ауыл шаруашылық малдары мен жабайы
хайуандарды және адамды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған
мал iш тастайды, шуы түспейдi, жатыры қабынады, қысыр қалады, қынабы мен
буындары iрiңдеп қабынады, енi iсiп шамадан тыс үлкейедi. Бұл ауру сойыс
малдарының арасында жиi кездеседi. Ауру қоздырушысының бiрнеше түрi бар;
iрi қара бруцеллезiнiң қоздырушысы-Br. abortus, қой мен ешкiде - Br. melitensis,
адам бруцеллезінің негізгі қоздырушысы шошқада - Br. suis, итте- Br.canis,
(басқа түрлерiнiң болуы да мүмкiн). Бұл түрлерiнiң өздерi бiрнеше жiктерге
бөлiнедi. Бруцелланың әр түрi бiр малдан, екiншi малға ауысуы ықтимал. Қой
мен ешкi мелитензисiнiң сиыр мен буйволға, шошқаның суисынiң қой мен
ешкiге ауысқаны дәлелденген. Адам үшiн бруцеллез қоздырушыларының
барлығы да қауiптi. [1]
Бруцелла микроскоппен қарағанда шар, тырнақша, қысқа таяқша тәрiздес,
былайша айтқанда микрококтар мен таяқшалардың арасынан орын алатын
микроб(0,6-1,5 х 0,4-0,6 микрон). Олар көбiнде ретсiз, кейде бiр-бiрiмен
тiзбектелiп немесе қосарланып жатады, спора мен капсула түзбейдi,
қозғалмайды, әдеттегi бояулармен жақсы боялады,Грам бойынша боялмайды.
Бруцеллез ауруының қоздыруышысы сыртқы ортаның әсерiне бiршама төзiмдi
келедi, салқындықта ұзақ уақыт сақталады. Жер бетiнде 40 тәулiк,5-8см
тереңдiкте-60, ылғалды жерде 90 тәулiкке дейiн тiршiлiк етедi. Тiкелей түскен
күн сәулесi бiрнеше минуттен 3-4 сағат аралығында, ал шашырап Түскен кұн
сәулесi 7-8 тәулiкте өлтiредi. Бруцелла 70С ыстықта 10 минут, 80-85С -5 мин
кейiн, ал қайнатқанда лезде өледi, ал 56С ыстықта 15-90 минутке шыдайды.
Бруцеллез микробы 25-35 рет тоңазытып және жiбiткенге шыдайды. Салқын
жерде сақталған залалданған етте ұзақ сақталады, 23С мұздатылған етте 47
тәулiк бойы тiршiлiк ету қабiлетiн сақтаған. Тұздалған етте де ұзақ уақыт
сақталады, тiптi 182 тәулiк бойы өзiнiң уыттылығын жоймаған. Iшiнде
бруцелласы бар еттен шикiлей ыстап дайындалған шұжықта қоздырушысы тез
4


(3 аптада) өледi. Бруцеллез малдың етiнен дайындалған пiсiрген шұжықта
аурудың қоздырушысы табылмайды.
Малдың техникалық шикiзатында, (терiсi мен жүнiнде) әсiресе қой мен
ешкiден алынғандарында, бруцеллалар ұзақ уақыт тiршiлiгiн сақтайды (жүнде
1,5-4 ай). Сүт пен сүт тағамдарында да бiршама ұзақ сақталады,
салқындатылған сүтте 4-7 тәулiк, iрiмшiк, май, брынзада (Тұзды iрiмшiк) 67
тәулiкке дейiн тiршiлiк қабiлетiн сақтайды.
Ал ендi бруцелланың химиялық заттарға шыдамдылығына келетiн болсақ,
фенолдың 2% процент ерiтiндiсi, креолиннiң 2 %, лизолдың 0,5 %,
формалиннiң 2%, хлораминнiң 0,01%, карбол қышқылының-2-3 %, соданың 5%
және хлорлы әктiң 1% ерiтiндiлерi ауру қоздырғышын тез өлтiредi.
Бұл ауру Орта Азия, Закавказье және Қазақстан республикаларында,
Поволжье мен Батыс Сiбiрде көбiрек орын алып келедi. Қазақстан
республикасының солтүстiк және орталық облыстары шаруашылықтарындағы
iрi қараның арасында ауру жиi кездесуде. [1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет