Реферат тақырыбы: Бруцеллезде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Орындаған: Тексерген



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата19.12.2023
өлшемі181.29 Kb.
#487025
түріРеферат
1   2   3   4   5
Google

2.3. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бруцеллезбен ауырған малдың
ағзаларында кездесетiн патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi ауруға онша тән
6


болмайды. Iрi қараның желiнiнiң паренхимасында қатты фиброзды желiнсау,
бүйректерiнде нефрит байқалады. Сөл түйiндерi үлкейген, тiлiп қарағанда
шырышты келедi, көмескiлеу келген нүктелер немесе сары түстi ойдым-ойдым
некроздар (өлi еттену) кездеседi. Көпшiлiк уақытта бауыры, бүйректерi, көк
бауыры және басқа паренхиматоздық ағзаларынан бiтеу жаралар (абцесс)
табылады. Қойдың лимфа түйiндерi мен көк бауырының қарақұмықтың
үлкендiгiндей түйiндер болады, өкпесiнде пневмонияға тән өзгерiстер
кездеседi.
Шошқаның сирақтары мен мойын бұлшық еттерiнде өзгерiстер
байқалады, қабынған өкпелерi суланып iрiңдейдi. Жатырдың шырышты
қабықтары қабынады, үлкендiгi қара қурай дәнiндей, тiптi бұршақтай қатты
түйiндер пайда болады, бiрақта олар әктенбейдi. Еркек малдың қабынған енi
мен ен қалқасынан абцесс пен некрозды ошақтар табылады (орхит). Қой мен
ешкi, шошқа, сiбiр бұғысы т.б. малдардың осы ауруға тән патологиялық-
анатомиялық белгiлерi болып олардың артқы жiлiншiк, тұсамыс тағы басқа
буындарының шорбуындауы (артрит) саналады.
Малдың тiрi кезiнде жаппай жұргiзiлетiн диагностикалық тексерулер
бруцеллездiң сойғаннан кейiнгi диагностикасын едәуiр жеңiлдетедi.
Жылқыда бруцеллез асыратын түрiнде өтедi. Ауру жылқының шоқтығы,
шүйдесi және шемiршегi iрiңдеп қабынады, тендовагинит, артрит, синовит
және бурсит пайда болады, кейде омырау мен құрсақ тұстарының терiсiнiң
астынан күмпиген iсiк байқалады. [2]
2.4. Санитариялық баға. Аурудың клиникалық белгiлерi мен
патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi байқалған малдың барлық түрлерiнiң
(уақ малдан басқа) еттерiн пiсiрген соң шығарады. Бруцеллезбен ауырған қой
мен ешкi жойылады. Оң реакция бергенмен аурудың клиникалық белгiлерi мен
патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi болмаған iрi қара мен шошқа ұшаларын
тежеусiз шығарады. Егерде бұл мал мелитензис қоздырушысы бар ошақтан
шыққан болса, олардың еттерiнен, шұжық, (85-90 
0
С батон ортасына 75 
0
С кем
емес) консервi, ет нанын дайындайды.
7


Бруцеллезге оң реакция берген сиыр желiнiн тиiстi ережеге сай пiсiрiп
зарарсыздандырады, ал аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық-
анатомиялық өзгерiстерi болған жағдайда -ет ұнын дайындауға жiбередi немесе
пiсiргеннен кейiн мал азығы үшiн пайдаланады.
Бруцеллездiң клиникалық белгiлерi мен патологиялық өзгерiстер
табылған малдың барлық түрлерiнiң, сондай-ақ бруцеллезге (қой мен ешкiден
басқа) ұшаларының, еттерiн сылып алып, сүйектерiн тағамдық май алуға
немесе малдың құрғақ азығын дайындауға жiбередi.
Бруцеллезге оң реакция берген немесе аурудың клиникалық белгiсi болған
малдың (уақ малдан басқа) басын, бауырын, жүрегiн, өкпесiн, бүйректерiн,
қарындарын және басқа ағзаларын залалсыздандырғаннан кейiн шығарады. [3]
Iрi қара мен шошқаның құлақтары мен сирақтарын, iрi қараның ерiндерi
мен шошқаның құйрықтарын пiсiрместен бұрын, алдын-ала, ыстық суға салып
жидiтедi немесе үйтедi, шошқа басын үйітедi,қарынын жидiтедi.
Бруцеллезге оң реакция берген малдардың iшектерiн, өңештерi мен
қуықтарын құрамына 0,5% тұз қышқылы бар тұз ерiтiндiсiнде 15-20С
температурада 48 сағат ұстайды, сұйықтық коэффициентi 1:2. Аурудың
клиникалық белгiсi бар малдардан алынған iшектер, өңештер мен қуықтарды
пiсiрген соң мал азығына пайдаланады немесе құрғақ мал азығын дайындайды.
Аурудың клиникалық белгiсi бар және бруцеллезге оң реакция берген
малдардың қанынан құрғақ мал азығын немесе техникалық өнiмдер дайындауға
рұқсат етiледi.
Ауру мал мен қой-ешкi бруцеллезiне(мелитензис) оң реакция берген
малдардан алынған терi, мүйiз, тұяқтары дезинфекцияланады.
Бруцеллезге шалдыққан малды сойғанда сақтық шаралары қатаң сақталуға
тиіс. Мал союшылардың арнайы киiмдерiн суға қайнатады (30минут) немесе
хлораминнiң 1% ерiтiндiсiне 3 сағат салып қояды, ол үшiн киiмнiң 1 кг 4-5
литр ерiтiндi қажет. [4]
8




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет