Реферат тақырыбы: Дене сапаларын тәрбиелеудің негіздері Орындаған: Р.Құрметбек Тексерген: Е. Тугельбаев



бет4/4
Дата02.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#454450
түріРеферат
1   2   3   4
Дене сапаларын тәрбиелеудің негіздері

Сабақты ұйымдастыру әдістемесі. Сабақты ұйымдастыру әдістемесі оқытушының белгіленген оқушылар контингентімен (сынып, команда, үйірме) жұмыс істеу әдісіне, шұғылданушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқытушылар мен оқушылардың және шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың негізгі үш әдісі айырмаланады: фронтальді (мандай алдынан), топтық және жеке.

Фронтальді әдісі кезінде оқытушы бірегей оку материалы бойынша барлық оқушылармен бір уақытта жұмыс істейді.

Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.

Жеке өткізу әдісі кезінде әрбір окушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Мұнда оқытушы оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп басшылық жасайды.

Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылығы және кемшіліктері бар. Сабақты қарсы алдынан фронтальді әдіспен өткізу кезінде барлық оқушылардың қимыл-қозғалысын назарда жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін тікелей басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушылардың әрқайсысына қимылын дербес, өздігінен басқару қиындайды. Топтық және жеке әдістерді қолдану керісінше, оқытушының барлық оқушыларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әдістердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жарамды екені, оқу материалының жаңалығына және күрделілігіне, сабақ өткізілетін орынның материалдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жасына, жаттығу өткізілетін орынның кендігіне және т.б. байланысты.

Сабақты педагогикалык толық талдау және оны жан-жақты бағалау міндеттері, ұйымдастыру және әдістемелік тексеру анық айқындалған, алдын ала өңделіп дайындалған жоспар бойынша іске асуы тиіс (анкета, сабақты талдау картасы). Талдаудың мәліметтері жұмыс сапасын арттыру жолын табу үшін хаттамаға түсіріледі және мұғаліммен тиянақты талданады. Бағалаудың әсерлілігі және өзін-өзі бағалау, талапшылдығы дәрежесіне тәуелді. Екі жағдайда да жоғары талап қоюшылық - педагогикалық шеберлікті арттырудың негізі.

Хронометраж хаттамасы

Сабақтың қарапайым бөліктері

Бейімделгіштігі

Негізгі жұмыс

Шаршаудың дамып, ұлғаюы

Жалпы уакыт




1

2

3

4




Сабактың педаг-лык құрылымы

1

2

3

4

5

Сабактың педаг-лык құрылымы

1

2

3

4




Сабактың педаг-лык құрылымы




Түсіндіру

Көрсету

Қозғалу

Спорт қондырғыларын орнату және т.б.



























































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет